Сұрақ қою:

FAQ-көмек

Құрметті сайт қолданушылары! Сайтты қолданбас бұрын әр бөліммен жеке-жеке танысып шығуларыңызды өтінеміз.


1. bilim-all.kz порталының сұрақтар мен жауаптар бөлімі дегеніміз не?

2. Сайтқа тіркелу міндетті ме?

3. Қалай сұрақ қоямын?

4. Қалай жауап бере аламын?

5. Бағалу жүйесі

6. «Жақсы жауап» дегеніміз не?

7. Неге менің сұрағым немесе жауабым, пікірім өшірілген?

8. Менің сұрағыма жауап алынғандығы жөнінде қалай білемін?

9. Қарапайым қолданушы деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар?

10. Маман деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

11. Редактор деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

12. Модератор деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?


1. bilim-all.kz порталының сұрақтар мен жауаптар бөлімі дегеніміз не?

Сұрақтар мен жауаптар бөлімі — бұл түрлі тақырыпта сұрақ қойып оған жауап алатын орта, мұнда сіз қойылған сұрағыңызға іздеу боттарынан емес тірі адамдардан жауап аласыз. Кейде мұны «Тірі іздеу» деп атайды. Сіз де басқа қолданушылардың сұрақтарына жауап бере аласыз және сіздің сұрағыңызға берілген жауаптардың ішінен Жақсы жауапты таңдай аласыз. Сіз қаншалықты белсенді болсаңыз, тиісінше сіздің қолданушылар арасындағы деңгейіңіз арта береді, ол кезде сізге көптеген мүмкіншілік ашылады.
Араласыңыз! Білетін ақпаратыңызбен бөлісіңіз және түрлі тақырыпта сұрақ қойыңыз. Сіз міндетті түрде жауап табасыз.


2. Сайтқа тіркелу міндетті ме?

Тек тіркелген қолданушылар істей алады:

2.1 Сұрақ қоюға

2.2 Сұрақтарға жауап беруге

2.3 Қолданушылар белсенді деңгейі қатарында болуға

2.4 Ұнаған сұрақтарды жеке «Таңдалғандар» бөліміне қосып қоюына (алдыңғы жаңартуда іске қосылады)

2.5 Жауаптарға төмен немесе жоғары дауыс беру

2.6 Қолданушыға жеке хат жіберу

2.7 Жауаптарға пікір қалдыру. Тағы да көптеген жаңартулар іске қосылатын болады, ол мүмкіндіктерді тек тіркелген қолданушылар ғана қолдана алады. Тіркелмеген қолданушылар тек "Сұрақ-Жауап" сайтындағы жарияланған сұрақ және жауаптарды оқи алады.


3. Қалай сұрақ қоямын?

Сұрақты тек тіркелген қолданушылар ғана қоя алады.

Сұрақ қою үшін:

3.1 Бас беттегі «Сұрақ қою» өрісіне сұрақтың негізгі бөлігін жазып, Enter батырмасын шертеміз.

3.2 Келесі ашылған бетте сіздің сұрағыңызға ұқсас сұрақтар бар ма екенін тексеріңіз.

3.3 Егер ұқсас сұрақ табылмаса, онда сұрағыңызтуралы анықтаманы төменгі өрісте толық бере кетсеңіз болады.

3.4 Сұрақ орналасатын Санатты таңдаңыз, сайтымызда Субсанат бар.

3.5 Сұраққа қатысты «Ілмектер»-ді енгізіңіз. Оның саны 6-дан асып кетпеуі тиіс.

3.6 «Сұрақ қою» батырмасын шертіңіз.

Сұрақ қойғаныңыз үшін сізге 2 балл қосылады. Сұрағыңызды нақты толық түсінікті етіп қоюға тырысыңыз. Сұрағыңыз түсінікті болса, алатын жауабыңыз да көп болады.

Есіңізде сақтаңыз – қойылған сұрақты өшіре алмайсыз. Қажет жағдайда істей аласыз:

- «Өңдеу» батырмасын шерту арқылы сұрағыңызды өңдей аласыз

- «Жасыру» батырмасын шерту арқылы сіз сұрақты жасыра аласыз, егер сайт админі өшірілуін қажет деп тапса ғана сұрақ толық өшірілетін болады. Оған дейін сұрақ жасырылынып арнайы орында сақталады.

Қалай дұрыс сұрақ қою керек екендігі туралы Кеңес! Мына сұрақтарға назар аударыңыздар: осы , осы , осы


4. Қалай жауап бере аламын?

4.1 Сұрақ бетінде «Жауап беру» батырмасын шертіңіз.

4.2 Алдыңызға шыққан мәтінді өңдеу терезесінде өзіңіздің жауабыңызды жазыңыз.

4.3 «Жауап қосу» батырмасын шертіңіз.Әр жауапқа сіз +3 балл аласыз. Егер сұрақ қойған қолданушы сіздің жауабыңызды «Жақсы жауап» деп таңдаса, сіз тағы да +10 балл аласыз.

Есіңізде сақтаңыз – берген жауабыңызды өшіре алмайсыз. Қажет жағдайда істей аласыз:

- «Өңдеу» батырмасын шерту арқылы жауабыңызды өңдей аласыз

- «Жасыру» батырмасын шерту арқылы сіз жауабыңызды жасыра аласыз, егер сайт админі өшірілуін қажет деп тапса ғана жауап толық өшірілетін болады. Оған дейін жауап жасырылынып арнайы орында сақталады.


5. Бағалу жүйесі

Сайтты қолдануды қызықты әрі тартымды ету үшін сайтта түрлі амал-әрекеттерді орындай, яғни сұраққа жауап беру, сұрақ қою, жақсы жауапты таңдау, дауыс беру арқылы сіз арнайы бекітілген баллды жинайсыз. Солай сіз өзіңіздің қаншалықты белсенді екендігіңізді және сіздің жауаптарыңыздың қаншалықты маңызды екендігін көрсетесіз. Балл жинау арқылы сіз Атақ-дәрежеңіздің деңгейін өзгерте бересіз және қолданушылар арасында алдыңғы қатарға шығасыз.

Алдыңғы жаңартуда көптеген жаңа мүмкіндіктер қоспақшымыз. Ол кезде сіздің жинаған баллдарыңыздың рөлі ерекше болмақ.

Сұрақ және Жауап сайтында тіркелген әр қолданушының жеке бетінде жинаған баллы көрсетілген. Сайтта алғаш тіркелгенде автоматты түрде +50 балл қосылады. Әр қойылған сұраққа +2 балл алады. Әр жауап берген жауабына +3 балл қосылады. Қолданушының сұрағыңа жоғары немесе төмен дауыс бергенге сізге балл қосылмайды.

Бағалау (Балл жүйесі)

- Сұрақ қойғанға: +2 балл

- Сіз сұрағыңызға жақсы жауап таңдасаңыз: 5 балл

- Жауап бергенге: 3 балл

- Сіздің жауабыңыздан кейін жақсы жауап болып белгіленсе: 20 балл

- Сіздің жауабыңызға жоғары/төмен дауыс:± 1 балл

- Барлық қолданушыға бастапқы балл қосу: 50 балл

Атақ-дәреже аттары мен қанша балл жинау керектігі

- Жоғары ойлаушы - 40,000 балл

- Интелектуал - 30,000 балл

- Профессор - 20,000 балл

- Данышпан - 15,000 балл

- Доцент -11,000 балл

- Кандидат - 8,500 балл

- Ойшыл - 6,500 балл

- Шебер - 4,500 балл

- Аға оқытушы - 3,500 балл

- Оқытушы - 2,500 балл

- Мұғалім - 1,500 балл

- Студент - 1,000 балл

- Оқушы - 500 балл

- Жаңа қолданушы - 100 балл


6. «Жақсы жауап» дегеніміз не?

Қойған сұрағына қолданушы, басқа қолданушылардан бірнеше жауап алуы мүмкін. Қалай сұрағына жауап алған соң, алынған жауаптардың ішінен қолданушы «Жақсы жауап»-ты таңдай алады. Олай ол өзінің сұрағына алынған жауаптардың ішінен ең жақсысын таңдай алады. Егер сұрақ қоюшы қолданушының сұрағына бірнеше жауап алынып, 4-5 күннің ішінде «Жақсы жауап»-ты таңдамаса, онда сайт админі немесе сайт модераторлары сұраққа жақсы жауапты таңдай алады. Жауабы жақсы деп танылған қолданушыға +20 балл қосылады. Ал сұрақ қоюшы өзінің сұрағына «Жақсы жауап»-ты таңдау арқылы өзіне +5 қосады.


7. Неге менің сұрағым немесе жауабым, пікірім өшірілген?

Рұқсат етілмейді (Ескертусіз жабылады, өшіріледі):

7.1 Діни тақырыптағы сұрақтар жауап алынбайтындай етіп жабылады. Себебі дін тақырыбындағы сұрақтар оңай емес. Оған діннен хабары бар мамандар жауап бергені дұрыс. Діни сұрақтарыңызды Ислам діні сайтының ұжымына қойсаңыздар болады.

7.2 Сайттың әкімшілігіне айтылған жамандау, намысына келетін, дөрекі т.б. сөздер

7.3 Қиын оқылатын, сауатсыз жазылған сұрақтар мен жауаптар. Мысалы: "olaiiiiiiii emes", "бҰЛаЙ еМЕс"

7.4 Тек бас әріппен жазылған жазылған сұрақтар мен жауаптар. Мысалы: "ҚАЛАЙ АРЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?"

7.5 Бос сұрақтар, Мысалы: «Қалыңқалай?», «Кімнеістепотыр?» және сол сияқты

7.6 Мағынасы жоқ, пайдасыз Жауаптар! Мысалы: "Әрине солай!", "Білмеймін", "Маған бәрібір", "Ал саған не керек?"

7.7 Сұрақ емес сұрақтар, яғни оның нақты жауабы жоқтар. Жауабы мынадай болатындар. Мысалы, «Өмір жақсы!», «Ал мен бүгін кешігіп қалыппын», «Суретіме баға беріңіздер»

7.8 Қайталанған Сұрақтар мен Жауаптар

7.9 Жарнамаланған сұрақтар мен жауаптар. Арнайы жарнама беретін сайттар бар. Жарнаманалған сұрақ, мысалы: «Кім менің Нокиа 6303 маркалы ұялы телефонымды сатып алады?» және т.б.

7.10 Жеке басқа қатысты сұрақтар. Мысалы: «Мен сіздерге ұнадым ба?», «Мен негізі сүйкімдімін, солай ма?» және т.б.

7.11 Ұятсыз сұрақтар мен жауаптар

7.12 Алкаголді сусындар мен есірткіні жарнамалайтын сұрақтар мен жауаптар

7.13 ҚР-ның заңдарына қарсы сұрақтар мен жауаптар

7.14 Зиянды сілтемелері бар сұрақтар мен жауаптар, яғни вирусы бар сайтқа сілтеме жасалған

7.15 Сұраққа мағынасы мен мазмұны басқа жауаптар

7.16 Ізет немесе Тілмаш арқылы тікелей мағынасыз аударылған Сұрақтар мен Жауаптар

7.17 Сұрақтың түсініксіз қоюылуы. Сұрақ не туралы жөнінде білу үшін сұраққа шертіп келесі бетте сол сұрақ туралы толық оқитын. Мысалы: "Бұл не?", "Сұрақ ішінде","Көмектесе аласыздар ма?"

7.18 Сұрақ қоярда сұрақтың негізгі жеріне сұрақ туралы түсінікті етіп жазыңыз. Қолданушы сұрақ бетіне өтпей-ақ сұрақтың қандай екенін білуі керек. "Денсаулық туралы сұрақ? немесе Компьютер туралы сұрақ. Не істесем болады? "- секілді сұрақтар өшірілініп тасталынады. Сондықтан сұрақтың негізгі жеріне сұрақ не тақырыпта екенін түсінікті етіп жазыңыз.


Сайттың ережесіне байланысты сайт админі немесе модераторлар ақталуға міндетті емес. Біз өшірілуге тиісті деп тапқан сұрақ немесе жауапты өшіреміз, себебі ол сұрақ немесе жауап сайттың ережесіне қайшы келді. Қолданушының ережені бұзғандығына қарай модераторлар оның сұрақ пен жауаптарын өшіруден бөлек ол кісіні құлыптап қоя(Бан) алады. Тағы да бір рет Сайт ережесімен танысып шығыңыз.


8. Менің сұрағыма жауап алынғандығы жөнінде қалай білемін?

Жауап алынған мезетте сіздің тіркелген кездегі көрсеткен е-майл-ға хабарлама ретінде хат жөнелтіледі. Сонда жауаптың мәтіні барады. Жауапқа пікір қалдыру үшін сонда көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, Жауапқа пікір қалдыруыңызға болады және де «Жақсы жауап»-ты таңдай аласыз. Менің аккаунтым батырмасын шерту арқылы, сонда өзіңіз көрсеткен е-майл-ды өзгерте аласыз.


9. Қарапайым қолданушы деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар?

Қарапайым қолданушылар дегеніміз кез келген сайтта тіркелген қолданушы, олардың мүмкіншіліктері сайтта сұрағын қойып, басқа қолданушылардың қойған сұрағына жауап жазып, қолданушыларды бағалай алады.


Қарапайым қолданушы сайтта нақты сұрақтар мен нақты жауаптар жазып белсенділік танытса сайт әкімшілігі қолданушыдан келісімін алмай не қолданушының өтініші бойынша қолданушыны Маман дәрежесіне жоғарылатуға құқылы. Сайтқа қатысты маңызды талқылауларда белсенді қолданушы талқылауға шақырылады. Талқылауда қарапайым қолданушылар атынан сөйлейтін болады.


Қарапайым қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 2 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 30-дан аз болмауы тиіс. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Маман дәрежесіне жоғарылатады. (қарапайым қолданушы бірденредактор не модератор бола алмайды, ондай өтініштер ескерусіз қалады)


Бірден дегеніміз кез келген сайтта тіркелген қолданушы, олардың мүмкіншіліктері сайтта сұрағын қойып, басқа қолданушылардың қойған сұрағына жауап жазып, қолданушыларды бағалай алады.


10. Маман деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

Маман дәрежесіндегі қолданушылар қарапайым қолданушылардың барлық мүмкіндіктеріне ие, және сонымен қоса кез келген пікірді өңдей алады. Яғни егер сіз маман дәрежесіндегі қолданушы болсаңыз сіздің жалпы атқаруға тиісті міндеттеріңіз: сіз сайттағы пікірталастарды, қолданушылар жазған пікірін қадағалап отырасыз. Сайт ережесіне қайшы келетін пікірлерді өңдеп, ескерту беріп отырасыз.


Сайтта белсенділік танытып, өз қызметін жақсы ақтарған Маман дәрежесіндегі қолданушыны сайт әкімшілігі өзара дауыс беру арқыды, қолданушының келісімімен не қолданушының өтініші бойынша Редактор дәрежесіне жоғарылата алады. Сайтқа қатысты маңызды талқылауларда белсенді маман талқылауға шақырылады.


Маман дәрежесіндегі қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 2 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 30 дан аз болмауы тиіс. Жасы 15-тен (он бес) жоғары болуы қажет. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Редактор дәрежесіне жоғарылатуы жөніндегі өтінішіңіз қарастырылады. (маман дәрежесіндегі қолданушы бірден модератор болуына өтініш білдіре алмайды, ондай өтініштер ескерусіз қалады)


Ескерту: маман дәрежесіндегі қолданушы сайтта белсенділігін азайтып, 1 ай ішінде сайтқа сұрақ не жауап жазбаған жағдайда сайт әкімшілігі қолданушыны қарапайым қолданушы дәрежесіне төмендетуге құқылы. Және маман дәрежесіндегі қолданушы кез-келген уақытта өзінің дәрежесінен бас тарта алады.


11. Редактор деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

Редактор (өңдеуші) дәрежесіндегі қолданушылар қарапайым қолданушылардың және мамандәрежесіндегі қолданушының барлық мүмкіндіктеріне ие, және сонымен қоса кез келген сұрақты өңдей алады, кез келген жауапты өңдей алады, Кез-келген хабарламаларды жасырып не жариялай алады. Яғни егер сіз Редактор дәрежесіндегі қолданушы болсаңыз сіздің жалпы атқаруға тиісті міндеттері: сіз сайттағы пікірталастарды, қолданушылар жазған жауапты қадағалап отырасыз. Сұрақтарды мағынасына байланысты сорттап, сайт ережесіне қайшы келетін сұрақтар мен жауаптарды өңдеп, жасырып, ескерту беріп отырасыз.


Редакторлар сайт әкімшілігімен тығыз байланыста болуы қажет. Кез келген Редактор супер модераторларға өзінің байланыс ақпараттырын қалдыру қажет. Сайтқа қатысты маңызды талқылауларда белсенді редакторлар да талқылауға шақырылады.


Сайтта белсенділік танытып, өз қызметін жақсы ақтарған Редактор дәрежесіндегі қолданушыны сайт әкімшілігі өзара дауыс беру арқылы, қолданушының келісімімен не қолданушының өтініші бойынша Модератор дәрежесіне жоғарылата алады.


Редактор дәрежесіндегі қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 4 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 50дан аз болмауы тиіс. Жасы 17-ден (он жеті) жоғары болуы қажет. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Модератор дәрежесіне жоғарылатуы жөніндегі өтінішіңіз қарастырылады.


Ескерту: редактор дәрежесіндегі қолданушы сайтта белсенділігін азайтып, 1 ай ішінде сайтқа сұрақ не жауап жазбаған жағдайда және ешқандай сұрақ не жауаптарды өңдемеген жағдайда сайт әкімшілігі қолданушыны маман дәрежесіне төмендетуге құқылы. Және Редактор дәрежесіндегі қолданушы кез-келген уақытта өзінің дәрежесінен бас тарта алады.


12. Модератор деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

Модератор дәрежесіндегі қолданушылар жоғарыда айтылып кеткен барлық мүмкіндіктерге ие, және сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдай алады, және қолданушылардың IP-адресін көре алады. Модераторлардың жалпы атқаруға тиісті міндеттеріңіз: Сұрақтарды сайт ережесіне сай өңдеп, ережеге сайт келмейтіндерін жасырып отырады. Қолданушыға тиісінде ескертулер беріп отырады, нәтиже шығармаған қолданушыны сайттан белгілі бір уақыт аралығында құлыптауқа құқылы. Сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдап отырады. Сайттағы сұрақтардың мағынасына үлкен мән беруі қажет.


Модераторлар сайт әкімшілігінің негізгі бөлімін құрайтын болғандықтан сайтқа байланысты маңызды шешім қабылданар алдында модераторлар өзара дауысқа салу арқылы қабылданады. Модераторлар қолданушыларды Редактор не модератор дәрежесіне ұсынар алдында өзара дауысқа салып, шешім қабылдау қажет.

Ескерту: модератор не супер модератор дәрежесіндегі қолданушы сайтта белсенділігін азайтып, 1 ай ішінде сайтқа сұрақ не жауап жазбаған жағдайда және ешқандай сұрақ не жауаптарды өңдемеген жағдайда сайт әкімшілігі қолданушыны редактор дәрежесіне төмендетуге құқылы. Және модератор дәрежесіндегі қолданушы кез-келген уақытта өзінің дәрежесінен бас тарта алады.


Алып-қосарыңыз болса Кері Байланыс арқылы сайт әкімшілігіне хабарлассаңыз болады.

...