"Кез келген" сөзі неліктен дефис арқылы жазылмайды?

0 дауыс
Қазақ тілі бөлімінде 06 Қыр, 2017 Айнұр сұрағын қойды
"Кез келген" сөзі неліктен дефис арқылы жазылмайды?

1 жауап

0 дауыс
06 Қыр, 2017 Бекасыл жауап берді

Қазақ тілтанымында күрделі сөздердің (бұл ретте екі немесе одан да көп, бірге және бөлек жазылатын тіркестер айтылып отыр) емлесі турасында теорияда жазу практикасы ескерілген маңызды пікір-тұжырымдар бар. Соған қарамастан, жазба нұскаларда екі немесе үш сыңарлы күрделі сөздердің жазылуында ала-кұлалық басым. Алайда мына жайтты ескеруге тура келеді. Қазіргі қоғамдағы тілдік қатынас үшін идеологема, қоғамдык-әлеуметтік лексика маңызды болып саналады. Қоғам сипаты, еңбек түрлері, алыс және жақын шетелдермен байланыстар, экономика мен әлеуметтік өмірдің дамуы ықпалынан бұрынғы қоғамдық-саяси лексика сапасы мен саны жағынан едәуір өзгерді, қазақ тілінің төл сөздері жаңа коннотацияға ие болды. Лексикадағы сапалық сипаттар күрделі сөздердің терминденуіне жол ашты, жаңа ұғымдарды шапшаң номинациялау қажеттігіне байланысты екі немесе одан да көп сөздің жиынтығынан тұрып, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздердің жазылуында емле ережелерін қадағалау екінші орынға ығысты, сөйтіп, біртұрпатты сөздерді әртүрлі жазуға (бірде бөлек, кейде бірге, яки дефис арқылы) дағды қалыптасты. Мысалы,  өзбетінше – өз бетінше; күн батыс – күншығыс; сайлауалды – сайлау алды;  кез келген – кезкелген – кез-келген. Жалпы қос сөз болу үшін  екі  сөз құрамындағы екі компоненттің екеуі де міндетті түрде бір сөз табына тән болуы  керек. Ал кез келген сөзіндегі кез – мезгіл, мерзім, уақыт, шақ дегенді білдіріп, зат есім болса,  келген сөзі –  етістік.  Сондықтан кез келген сөзі  дефиссіз жазылады.

Ұқсас сұрақтар

ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...