a-brands.kz

Қыз сыны байқауына өзін-өзі таныстыру өлең жолдары?

0 дауыс
Өлеңдер бөлімінде 03 Қаң, 2016 Мадина сұрағын қойды

Мен "Қыз сыны" қатысатын едім кімде таныстыру өлең жолдары бар?

4 Жауаптар

0 дауыс
03 Қаң, 2016 Ерош жауап берді
Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан ұлдың арын!
Ұл өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Сері болу мақсатым сегіз қырлы!
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Жігіттерге әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Шыр етіп туысымен адам болдым,
Жыл сайынөсіп толып, өрлеп қондым.
Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,
Жігіттер сайысына бүгін, міне, келіп тұрмын.
Өлшеу жоқ өнерімнің табысына,
өріске ойдағыдай барысыма.
Жарқылдап жай оғындай сайыстарда,
Көрсетем үздік өнер намысына.
Ұстаздарым мейірленіп, дос сүйсінсін,
Керемет қызық өнер құрғаныма.
Бейбітшілік туы астында біз өрлейміз.
Шығамын биік өнер шыңдарына!
Мақтанам мектебімнің таңын көріп,
Көктемнің жайма шуақ таңын көріп,
Білім мен тәрбиенің күшін қосып,
Орнаған сыныбыма бағын көріп.
Қуанам сыныбымның нұрларына,
Достарымның толған ой мен қырларына.
Тәрбиелеп өсірген жемістерін
Сыныптың жақсы оқыған қыз бен ұлдарына.
Құшағыңда құлпырып,
Достар менен бірге өскенмін.
...- сыныптың сегіз қырлы, бір сырлы,
Ағы мен көздің қарасы,
Сыныптың жігіт сұлтаны.
Қорғап келген намысын,
Өнерге қарсы аттанған
............ мен боламын.
Найман(руы) екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты ..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - .... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
Бабалар Қаныш, Мұхтар алғыс айтам
Ғылыммен елің үшін танысқанға,
Өнердің сара жолын салып берген,
Бас ием Ұлы Абай данышпанға.
28 Қаң, 2017 Арман пікір қалдырды
маған ұнады  осыны жатап  жігіт сұлтанында жүлде ұтып алдым
0 дауыс
03 Қаң, 2016 Айжан жауап берді
Сәлем бердім мен сіздерге!
Алтын қазы алқасы
Көрсетеміз қазір біздер
Салт-дәстүрдің жалғасын
Мен қатыстым міне бүгін
Қыздар сайын сынына
Өзім жайлы таныстырсам
.......қызы ............
Оқимын мен сыныбымның .....
Аяулы да ,ардақты ....... сынды апкиім
Үйретуден таймаған
Әрқашанда осындай қызықты мерекені
Шәкірттерімен тойлаған!
0 дауыс
03 Қаң, 2016 Ербол жауап берді
Армысыздар ұлагатты ұстаздар
Бармысыздар жiгерлi дос кұрбылар
Қарсыласым салем бердiм бәрiне
Бас иемiн салем беріп иiле

Алтын күздiң жарқыраган аруы
Мұхтардың ерке қызы 9"Б" ның жұлдызы
Нағыз қазақ құндызы Майра атты қыздарың мен боламын

Орта жүздің НАЙМАН атты руынанмын
Бабамыз НУРПЕЙIСТIҢ ұрпагынан
Тектiлiктен жаралған қазағымның
Ерекше дара туған қыздарымын

Елшiбектей батыр болган тарихта
Ондай батыр туып едi қай ұлтта
Мектебiмiз бугiн соның атында
Арман барма қазақ атты бай ұлтта

Күз аруы атты бугiн сайыста
Қарсыласым шаба бiлгiн майыспа
Өнердiң өрлетейiк ор кемесін
Мына жұрт таңырқамай кетпесін

Әдiл қазы алқаларым бугiнгi
Әр аруды бағалай бiл бүгiнгi
Әдiлдiктi кiм суймейдi қашанда
Халқымныңда шынайылық болмысы

Қасиеттi мына бiздiң сахнада
Құлақ түрер айтылсын ән ортада
Қарсыласым баршаңызға сәттiлiк
Мақсатымыз жеңу емес сайыста
ДОСТЫҚ деген арттырайық ұгымды
0 дауыс
03 Қаң, 2016 Мәке жауап берді
Армысыздар жиналған көпшіл қауым
Биік қойған жанынан қыздың арын
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы
Қатал сыңға салатын әр қадамын
Атым Мөлдір болады сұрасаңыз
Жүзінен төгілетшн күннің нұры
Әділ қазы алқасы армысыздар
Бейне бір жауа тұғын қармысыздар
Аруларға әділ баға бере тұғын
Әділеттен жаралған жанбысыздар
Ұстаздарым мейірленіп дос сүйсінсін
Керемет қызық өнер құрғаныма
Желбіреген туы астында біз өрлейміз
Шығамын биік өнер шыңдарына
Көп айтып өз жайымды не қылайын
Өнеріммен оданда таң қылайын
Кішіге үлгі үлкенге өнеге боп
Сахынаның төрінде сән құрайын

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
ҰБТ-онлайн Яндекс.Метрика
...