Қазақстан Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссия құрамына 16 адам кіреді. Комиссия төрағасы  - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Комисия мүшелері қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, ғалымдар, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
Комиссия мүшелерінің толық тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға  Арыстанбек Мұхамедиұлы;
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары  Ақтоты Райымқұлова;
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, хатшы  Ғалымжан Мелдешов;
4. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты  Мұрат Бақтиярұлы;
5. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты    Сауытбек Абдрахманұлы;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы  Қуаныш Асылов;
7. «Астана» медициналық университетінің профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасының профессоры  Мұхамбедия Ахметов;
8. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі  Жарқынбек Жақсымбетов;
9. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Аппаратының Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі  Дәуітәлі Омашұлы;
10. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің редакциялық сараптама және актілерді шығару секторының меңгерушісі  Бекзада Сағын;
11. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті  Дархан Қыдырәлі;
12. «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесінің жетекші ғылыми қызметкері   Мәди Айымбетов;
13. «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының қазақ тілі кафедрасының профессоры  Сарқыт Әлісжан;
14. «Ана тілі» ұлттық газеті «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы  Самат Ибрайым;
15. «Түркістан» газеті «Рауан баспалар үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы  Шәмшиддин Паттаеев;
16. Жазушы, аудармашы Кеңес Юсуп.