Теледидардың көзге қандай зияндары бар?

+1 дауыс
Көз жанары, Окулист бөлімінде 19 Қар, 2015 abaikz (231 ұпай) сұрағын қойды
Теледидардың көзге қандай зияндары бар?

1 жауап

+1 дауыс
22 Қар, 2015 (1,002 ұпай) жауап берді

1) Адамның көзі қалыпты жағдайда алыстағы немесе жақындағы жағдайды көргенде көздің фокусталуы өзгеріп отырады. Ал теледидарға қарап, яғни тек бір кеңістікке қарап отырғандакөз қозғалыссыз қалады. Соның әсерінен көзіміздің бұлшық еттеріне күш түседі. Көздегі бұршақтың машықтану қабілеті мен жылдам өзгеру мүмкіндігі азаяды. Бұл көздің қисаюына әкеп соғады.

2) Экрандағы түрлі бейнелер тұрақсыз, үнемі жыпылықтап тұрады. Содан біздің көзіміз және жүйке-жүйеміз шаршайды. Нәтижесінде көздің нашар көруіне әкеп соғады.

3) Экрандағы кескін нүктелерден тұратындықтан, көзіміз дұрыс топталып көре алмайды. Негізі көз бұдан да ұсақ бөлшектерді ажырата алады, бірақ экранда көздің ажырату қабілетінен бөлек ашық емес кескін берілетіндіктен көз торы нашарлайды.

4) Қалыпты жағдайда объектілер түсінің жарқындығы 180 дб-ге (децибел) дейін жетеді. Ал теледидар экранындағы жарқындылықтың өзгеру диапазоны 60 дб-дан аспайтындықтан көз тез шаршайды.

5) Үздіксіз кескінді қалыптастыру үшін инерциондық қабілетінен де, санамыздың инерциондық сипаты қолданылады. Ми үзік кадрлардан тоқтаусыз кескіндерді жинақтайды. Мысалы: SECAM TV-стандартында кескінді 12 кадр арқылы бітіру қарастырылған. Бұл жүйке жүйесіне күш түсіреді. Ол ми мен көз арасындағы кері байланыстан көздің көру қабілетіне кері әсер етеді.

6) Теледидар ең үлкен қауіпті 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге туғызады. Қазіргі таңда шетел фирмалары жарқыраған нүктелердің саны көп теледидарлар ойлап табуда. Бұл өз кезегінде кескіннің теңбілдігін азайтып, теледидардың көзге зияндылығын төмендетеді. Егер теледидардың зияндылығы аз болсын десек, алыс отыру керек. Сонда экрандағы нүктелер бірігеді және кескіндер тұтас болады. Әдетте теледидарды 3-5 м қашықтықта көруге ұсыныс беріледі. Алайда кескіннің бөліктерін көру үшін көзге бәрі-бір күш түседі.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...