Жұмбақтар жауабымен

+1 дауыс
Тіл, Сөз бөлімінде 29 Қар, 2015 Асан сұрағын қойды
Жауабымен жұмбақтар керек қайдан тапсам болады?

2 Жауаптар

0 дауыс
29 Қар, 2015 Ғани жауап берді

Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.

(Қауын-қарбыз)
 
Темір аяқты,
Ағаш таяқты.

(Циркуль мен қарындаш)
 
От ішінде  – үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі,
Ілгегінде ілгені.

(Мосы мен шәугім)
 
Торы тай,
Табанында төрт ай.

(Таға)

Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.

(Асқабақ)  


Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.

(Қамшы)
 
Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады.

(Дөңгелектер)
 
Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар.

(Шайнек)
 
Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада.

(Құлып пен кілт)
 
Аспанға жайып қойған
Ақ мақтам ғайып болған.

(Ақша бұлт)
 
Оқ жыланды аспаннан төніп келген,
Ұзын найзам жер қазбай көміп берген.

(Жайтартқыш)
 
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.

(Сөз)
 
Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.

(Үтір)
 
Сырғалы құлақ бір,
Үн-түнсіз сұрап тұр.

(Сұрақ белгі)
 
Қадалды бір ине
Нүктедей түймеге.

(Леп белгісі)
 
Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады.

(Есік)
 
Қауаққа да ұқсаған,
Алмұртқа да ұқсаған,
Аузы бар, тілі бар,
Білер көріп, ұстаған.

(Қоңырау)

Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді.

(Трамвай)
 
Бір мақұлық жұмыста сорлайды,
Мисыз деп оны жұрт ойлайды.
Саумайды, соғымға соймайды,
Бірақ та мінуін қоймайды.

(Қол)
 
Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.

(Қол)
 
Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі.

(Қарындаш)
 
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.

(Түйенің өркеші)
 
Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.

(Ас бұршақ)
 
Көлденең ілген ақ таяқ,
Тұтанар отпен жақпай-ақ.

(Күндізгі сәулелі шам)
 
Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта.

(Электр шамы)

 

Жұмбақтар

0 дауыс
1 күн бұрын admin (1,259 ұпай) жауап берді

Ең толық әрі пайдалы жинақтар:
✅ Қызықты логикалық сұрақтар жауаптарымен
✅ Логикалық сұрақтар мен қиын тапсырмалар жинағы
✅ Логикалық есептер мен жұмбақтар жауаптарымен
✅ Логикалық тапсырмалар
✅ Математика пәнінен логикалық тапсырмаларды шешу

Жұмбақтар мен ойын түріндегі тапсырмалар:
✅ Логикалық жұмбақтар бөлімі
✅ Қызықты тапсырмалар
✅ Ойландыратын сұрақтар
✅ Балаларға арналған жұмбақтар
✅ Күрделі логикалық есептер

Қосымша логикалық тапсырмалар:
✅ Жеңіл логикалық сұрақтар
✅ Қызықты ойын есептері
✅ Ой дамытуға арналған тапсырмалар
✅ Логикалық ойындар
✅ Әртүрлі деңгейдегі есептер
✅ Классикалық логикалық тапсырмалар

Сабаққа немесе дайындыққа арналған материалдар:
✅ Логикалық тапсырмалар жоспары
✅ Ойлау қабілетін дамыту жоспары
✅ Логика сабағына арналған жоспар

Осы сілтемелер арқылы логикалық сұрақтар, есептер және жұмбақтарды кез келген деңгейде оңай табуға болады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап

Bilim-all.kz сұрақ-жауап бөлімі

Бұл бөлімде сұрақ қойып, нақты жауап алуға болады. Білім, мектеп, өмір, әдебиет және басқа тақырыптар қамтылған.

...