А
Абдуллаһ – Алланың құлы. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әкесінің есімі Абдуллаһ болған.
Абдурахман – Аса Мейірімдінің құлы. Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахабаның бірі – Абдурахман ибн Ауф.
Аббас (Ғаббас) – қатал, қатаң.
Абдулхамид – Мақтаулының құлы.
Әли – биік, асқақ. Әли ибн Әбу Талиб – балалар арасында ең алғаш болып ислам (он жасында) қабылдаған, көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахаба. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Фатиманың (оған Алла разы болсын) жары.
Әнас – қуанышты, жағымды, ақкөңіл. Он жасынан бастап Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйінде тәрбиеленген сахабаның есімі – Әнас ибн Мәлик.
Аңсар – көмекшілер, қолдаушылар, жолсерік. Мединенің төл тұрғындары, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен Оның сахабалары қоныс аударып келгенде, ислам дінін қабылдап, оларға пана тауып берген. Тіпті, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Басқа адамдар бір жолмен жүрсе, аңсарлар келесі жолмен жүрсе, мен аңсарлардың соңынан барар едім» деген болатын.
Ахмад (Ахмед) – мақтаулы, аса мақтаулы. Мұхаммед Пайғамбардың есімдерінің бірі.
Аюб (Айюп) – өкінуші, серт беруші. Құранда аталған Алла Тағаланың пайғамбарларының бірінің есімі.
Б
Бәкір – алғашқы, тез өсуші.
Ғ
Ғани (Абдулғани) – бай, есепсіз байлықтың иесі. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.
Ғафур (Ғаффар) (Абдулғафур, Абдулғаффар) – кешірімді. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.
Д
Дәуіт (Дәуд) – сүйікті, тартымды. Құранда аталған Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі, Забур кітабы түсірілген елші.
З
Заид – өсуші.
Зәкария – Алланы еске алушы, нағыз еркек. Исраил қауымына жіберілген пайғамбар, Жақия пайғамбардың әкесі, әйелдердің ардақтысы Мәриям анамызды қамқорлығына алушы.
Зубеир – күшті, ақылды. Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахабаның бірі – Зубеир ибн әл-Аууам.
Зиннур – екі нұрдың иесі. Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахаба, үшінші халиф Осман ибн Аффанды Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екі бірдей қызына үйленгені үшін осылай атаған.
И
Ибраһим – халықтардың әкесі. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі. «Алланың досы» деген лауазымға ие болушы, бір Аллаға бойсұнушы.
Ыдырыс – ынталы, білім алушы. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.
Ілияс – Құдайдың құдіреті, ғажайып. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.
И,Е, Ы
Иман – сенім мағынасын білдіреді.
Инсан – адам мағынасын білдіреді.
Ескендір – батылдарды жеңуші.
Ислам (араб.) – бейбітшілік, мойынсұну, бағыну.
Исмаил – «Алла өзі естиді» деген сөз тіркесінен шыққан. Ибраһим Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) мен Ажар анамыздың ұлы, Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.
Ысқақ – жайдарлы, көңілді. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.
Ықылас – шынайы. Ықылас сөзінің түбірі "Холис" деген сөзден шығады, яғни араб тіліндегі сөздік мағынасы «Холис» - «мұнтаздай таза» деген мағынаны білдіреді.
Ихсан – мейірімді, жақсы, мейірбандық танытушы, көмектесуші.
К
Карим (Абдулкарим)– жомарт. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.
Қасым – бөлуші, таратушы, әділетті. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұлдарының бірінің есімі – Қасым.
Л, М
Лұқман (Лұқпан) – қараушы, қамқорлық танытушы. Құранда есімі аталатын ізгі адам, дана хакім.
Мәлік – Қожайын, Ие, Патша. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.
Мансур – жеңімпаз, жеңісті мақтау.
Мұзаффар – жеңімпаз жауынгер..
Мұкаддас – қасиетті, таза.
Мұса – ұл, сәби; судан табылушы. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі. Алла Тағала періштелердің қатысуынсыз тікелей сөйлескен, Тәурат кітабы түсірілген елші.
Муслим – мұсылман, Аллаға бойсұнушы.
Мұстафа – тегіс, жоғарыда тұрушы, ең жақсы, таңдаулы.
Мұхаммед – «мақталушы, дәріптелуші» деп аударылады, «ха-ми-да», яғни, мақтау, алғыс айту, дәріптеу етістігінен шыққан. Пайғамбарлардың мөрі әрі абзалы, Алланың сүйікті құлы, мұсылмандардың Пайғамбары – Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) есімі.
Мухсин – жақсылық жасаушы, көмектесуші.
Мұхтар – таңдаулы, таңдау еркі бар адам.
Н
Надир – сирек мағынасын білдіреді.
Нариман – мықты, мығым, сильный, берік.
Нұғман – кішіпейіл, берекелі, игілікті.
Нұр – жарық, жайнаған.
Нуриман – сенімнің (иманның) нұры.
Р
Раис – басшы, жетекші, қолбасшы.
Рамадан (Рамазан) – Мұсылмандар күнтізбесіндегі ораза ұсталынатын тоғызыншы айдың аты.
Рамиз – нышан, жақсылықты нышандаушы.
Расул – елші, елшілікке жіберілуші.
Ринат – жаңартылған, қайта туылған.