Салмақ тастау, арықтау

+4 дауыс
Салауатты өмір салты бөлімінде 21 Мау, 2016 Арман сұрағын қойды
21 Мау, 2016 өңдеу жасады

Салмақты қалайша тастауға болады, басып қалған майды қалайша кетіруге болады? Кез келген тәжірибелеріңізбен, ұсыныс, ойларыңызбен бөліссеңіздер. Алдын ала үлкен рахмет!

16 Сәу, 2018 белгісіз пікір қалдырды
Құрметті қыз-жігіттер!!! Еш диетасыз арықтаудың жолын білгілеріңіз келсе, хабарласыңдар. Табиғи жолмен аз арада 3-10 кг. салмақ тастауға болады
01 Мам, 2019 белгісіз пікір қалдырды
Қалай 87782284633

19 Жауаптар

0 дауыс
21 Мау, 2016 Марал жауап берді

Женева Университетінің ғылыми қызметкерлері артық салмақтан арылу үшін қолайлы жыл мезгілін анықтады.

Арықтау үшін қыс мезгілі қолайлы екен. Зертханада егеуқұйрықтардың көмегімен зерттеу жүргізген ғалымдар осындай пайымға келді.

Осылайша, +6-тен +10 градус аралығында Цельсия температурасында кемірушілер салмақтан екі есе көп арылған. Бұл суық кезде семірумен байланысты микроорганизмдердің жойылуы салдарынан болады екен. Сондай-ақ, қыста арықтауға көмектесетін арнайы гормондар бөлінеді.

Тәжірибе нәтижесіне сәйкес ғалымдар арықтауға ең қолайлы уақыт қыс мезгілі деп отыр. Ол үшін күніге спортзалға барудың еш қажеті жоқ. Тек таза ауа жұтып, серуендеуге көп уақыт бөлген жеткілікті екен.

Дереккөз: inform

0 дауыс
21 Мау, 2016 Локки жауап берді

1. Тамақтану алдында су ішу

Ғалымдардың пайымдауынша, тамақтану алдында 2 стақан су ішетін адамдар салмақтан тез арылады.

2. Жаңғақ жеу

Жаңғақ жесеңіз, біраз уақытқа өзіңізді тоқ сезінесіз. Жаңғақ қандағы қант құрамының көтеріліп кетпеуін бақылайды. Соның арқасында ағзаға май жиналмайды.

3. Тамаққа арналған ыдыс-аяқ

Жұмыс істейтін орныңызда тамаққа арналған ыдыс-аяқты жинамаңыз. Себебі оны көргенде аш болмасаңыз да, тамақтану жайлы ойланасыз.

4. Жұмыс/оқу алдында жаттығу

Күнімен жұмыс істеп, сабақ оқығаннан кейін жаттығу залына бару не далаға шығып жүгіру қиынға соғады. Соңдықтан жаттығуды таңертең өткізгеніңіз дұрыс. Бұл әдіс сіздің ұйқыңызды ашып, ағзаңызды белсенді етеді. 

5. Тамаққа бұрыш қосу

Тамаққа бір шай қасық қызыл бұрышын қоссаңыз, ағзадағы калория саны азаяды. Әсіресе майлы не тұзды тағамға бұрыш қосу керек.

Сәттілік!

0 дауыс
21 Мау, 2016 Жансая жауап берді
Арықтаудың оңай жолдары

Қыздардың арықтауы көп жағдайда қиын болатыны баршаға анық. Диета, спорт, өмір салты... Бәрін бірден өзгерту мүмкін емес сияқты. Алайда салмақ тастаудың көңіліңізден шығатын жолдарын қолдансаңыз, бұл процесс оңай бола алады. Би, жүгіру, жүзу... Осылардың арасында өзіңізге ұнайтын спорт не ойын түрін таңдап, өзіңізді қинамай-ақ арықтай аласыз.

Коньки не роликтер

Саныңыз ылғи қозғалыста болып, жылдамдығыңызға байланысты калориялар жойылады. Сан, аяқ, кеуде бұлшық еттері жаттығады. Коньки не ролик тепкенде қозғалыс жылдамығы мен қадамыңызды өзгертіп жүріңіз. Басында қатты, кейін орташа, одан кейін баяуырақ. Қадамыңыздың ұзындығын өзгертіп, бірде көп аттап, бірде кішірейтіңіз. Коньки не роликтегі жаттығулар сағатына 500-800 ккал кетіре алады.

Жүгіру

Жүгіргенде адамның аяқ, сан, іш, арқа, иық бұлшық еттері жаттығады. Бұлшық еттер жұмысымен қатар, жүрек жаттығып, өкпе тазаланады, ал артық салмақ кете бастайды. Жүгіргенде алға қарай еңкеймеңіз, арқаңызды тік ұстаңыз. Қолдарыңызды қозғалтып жүгірген дұрыс. Бұнда да қадам ұзындығы мен жылдамдықты өзгертіп отырсаңыз, жаттығуыңыз нәтижелірек болады. Түзу жерде жүгірген оңай болса, тасты, түзу емес жердегі жаттығудан көбірек салмақ жоғалтуға болады. Жүгірудің тиімділігі 1 сағатта 750 ккал.

Секіртпеден секіру

Секіртпеден секіргенде мынандай ерекшеліктерді білгеніңіз жөн. Секіру шапшаңдығын өзгерткен әлдеқайда тиімді. Екі аяқта, кейін оң, сол аяқта секіруге, секіріп жүгіруге болады. Тиімділігі сағатына 680 ккал.

Шеңбер айналдыру

Бұл тәсілдегі ең маңыздысы - дұрыс өлшемді шеңбер таңдау. Алдыңызға қойғанда, шеңбер кеудеңізге дейін жетіп тұруы керек. Калориялардың кетуі үшін шеңберді айналдырсаңыз болғаны. Тиімдірек болсын десеңіз, айналдыру шапшандығын өзгертіп отырыңыз. Сондай-ақ шеңбер көмегімен басқа да жаттығулар орындаса болады. Шеңберді таңдағанда жеңіліне назар аударыңыз: жеңіл шеңберді ауырына қарағанда, айналдыру қиын. Тиімділік сағатына 400-600 ккал.

Теннис не бадминтон ойыны

Бұл ойындар жүгіру, еңкею, созылу сияқты қимылдарды талап етеді. Алайда жұбыңыз болмаса, теннис добын дуалға соғып ойнаса да болады. Дуалдан бірнеше метр қашықтыққа тұрып, арықтай бастаңыз! Сағатына 550 ккал жояды.

Би

"Арықтататын" би түрлері тез, ырғақты билер. Латина, хип-хоп, шығыс билері сізді арықтатып қана қоймай, көңіліңізді көтерері анық. Нәтижелілігі сағатына 440 ккал.

Тез жүру

Жүгіргенде ентігіп қалып, шыдай алмайтын қыздарға таптырмас шешім - тез жүру. Түзу жолдан гөрі, таулы-тасты жол таңдаңыз. Қадамыңыздың ұзындығын барынша азайтып жүрген дұрыс. Денеңізді түзу ұстап, қолдарыңызбен көмектесіңіз. Нәтиже: сағатына 300-450 ккал.

ЕМ-дәм.

Арықтау үшін аз тамақ ішу жеткілікті деп ойламаңыз. Егер Сіз арықтауға кесімді шешім қабылдасаңыз, салауатты тамақтану стилінің принциптерімен танысуыңыз керек.

Күн сайын жемістер мен көкөністер жеңіз. Олар жаңа піскен, пісірілген немесе шырын түрінде болуы мүмкін. Олар дәрумендердің, минералдардың және балластық заттың тамаша көзі болып табылады.
Сұйықтықты, негізінде минералдық суды, шамалы қант қосылған шайды, көп су қосылған көкөніс және жеміс шырындарын көп ішіңіз.
Тамақты көңіл аударып ішіңіз. Асықпаңыз. Тамақты көңіл аударып ішу дұрыс тамақтануға мүмкіндік туғызады.
Алуан түрлі тамақ ішіңіз. "Пайдалы" немесе "зиянды тамақ" болмайды. Қалағаныңыздың барлығын, бірақ шамамен жеңіз.
Құрамында майы аз тамақты таңдаңыз. Майсыз етті және шұжық өнімдерін сатып алыңыз. Ас үйде зәйтүн немесе рапс майы сияқты, жоғары сапалы өсімдік майларын пайдаланыңыз.
Күнделікті ет қосылған түскі астардан бас тартыңыз. Егер оларды әзірлесеңіз, тек сиыр еті, бұзау еті немесе құс еті сияқты майсыз етті таңдаңыз.
Күн сайын дәнді өнімдерді жеңіз. Таңертеңгі асқа арналған дәмді қауыз, бүтін бидайдан пісірілген нан, макарон өнімдері. Пісіру үшін ірі тартылған бидай ұнын пайдаланыңыз.
0 дауыс
21 Мау, 2016 Ерболат жауап берді

Су диетасы

Су – тіршіліктің басты көзі. Ол микроэлементтер мен пайдалы заттарға толы, ағзадағы зат алмасу процесіне тікелей әсер етеді. Ағзаны тазартып, оны зиянды заттардан қорғайды.
Су диетасы шөл мен аштық арасындағы айырмашылықты аңғаруға жол ашады. Мысалы, адам тамақ алдында бір стакан су ішсе, оның тәбеті төмендейді немесе мүлдем жоғалады. Су ішкен жан астан бас тартуы мүмкін.

Су диетасының тәртібі жеңіл. Таңертең аш қарынға бір стакан су ішіп алу керек. Жарты сағаттан соң, таңғы асты іше беруге болады. Бұл диетада кез келген тағамды шектеусіз пайдалануға болады. Су диетасының ең тиімді тұсы осы. Ал егер қарныңыз ашса, бір стакан су ішіп жіберіңіз. Ұйықтар алдында да бір стакан су ішкен жөн.

Су диетасын ұстау кезінде сақтауға міндетті ақыл-кеңестер мен ережелерге назар аударыңыз:

Су таза күйінде және бір қалыпты температурада болуы керек. Қатты суық су зат алмасу процесін баяулатып, артық салмақтың болуына ықпал етеді.Суды таза күйінде ішіңіз. Судың орнына шәй, шырын, кофе, шарап, сыра, газдалған су ішуге болмайды. Бұл сусындар су диетасына кері әсер етеді.Ауқаттанған кезде су ішпеген жөн. Әсіресе, нан тағамдарымен ауқаттанған кезде су ішпеген абзал. Себебі, бұл әрекет артық салмақ қосуға жол ашады.Су диетасы кезінде бүйрек, қуық пен өт мүшелеріне күш түседі. Сондықтан да, су диетасын 2 апта ғана ұстап, 2 апта демалыстан кейін қайта жалғастыруға болады.Неғұрлым суды көп мөлшерде пайдаланса, соғұрлым пайдалы заттар шығарылады. Сондықтан да, құрамында натрий мен кальций бар минералды заттарды пайдаланған жөн. Әсіресе, салмағы 60 кг-нан төмен жандар үшін мұны естен шығарманы абзал.Диетолог мамандар су диетасын жаз мезгілінде ұстауға кеңес береді. Себебі, осы кезде терлеу процесі жиірек болады.
Су диетасы артық салмақ тастаумен қатар, терінің жақсаруына, ішкі мүшелердің жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, көңіл-күйдің жоғары болуы мен сергектікке жол ашады.

0 дауыс
21 Мау, 2016 Жарас жауап берді

Дене жаттығуына уақыт бөлу

Көпшілік адам денсаулық үшін дене жаттығуларының маңызын түсінеді. Бірақ дене жаттығуларын орындамайды. Дене жаттығуларымен айналыспайтын көп адамның жауабы – менің уақытым жоқ.

Денені жаттықтыру міндетті көп сағатты жаттығуларды қажет етпейді. Ондай жаттығу спортшыларға керек. Қарапайым адамға күніне 10 минут дене жаттықтыру – жеткілікті. Ғылыми зерттеулер бойынша, дене жаттығуымен күніне 15 минут айналысқан адам, алдын-ала өлімнің қаупін 14% азайтады және өмір сүру ұзақтығын үш жылға ұзартады.

Төмендегі кеңестер жаттығу жасауға уақыт бөлуге көмектеседі:

1. Ерте тұрыңыз

Ұйқы, әрине, денсаулық кепілі, алайда 30 минутқа ерте тұруға болмай ма? Сол 30 минутты өзімізге арнайық. Таңғы жаттығу – қайраттылық қуаты, сергектік, жақсы тәбет, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

2. Медианы қысқартыңыз

Кішігірім тәжірибе жасаңыз. Бір күн ішінде теледидар көруге, компьютер ойнын ойнауға, Facebook не басқа сайттағы қарым-қатынасқа қанша уақыт жұмсайтыныңызды есептеп көріңіз. Жазған жазбаңыз, сізді таңғалдырады. Бұл нәрселерден толығымен бас тартыңыз деп айтпаймыз, кішкене ғана медиаға уақыт шектесеңіз.

3. Белсенді телекөрермен болыңыз

Теледидар көру барысында, қимылдаңыз, керіліп, йогамен айналысыңыз. Мұндай көру – екі есе ләззат сыйлайды. Ал ұзақ жарнамалар сіздің ағзаңыз үшін қағып-сілкінуге арналған.

4. Белсенді ауысу

Жұмыс пен үйдің арасы жарты өмірді алады, алайда бұдан пайда табуға болады. Жұмысқа велосипедпен немесе жаяу барып көріңіз. Қолыңыздан келмей жатыр ма? Онда автобустан аялдамаға ерте шығып, сол бөлікті жаяу жүруге болады. Артық мың қадам сіздің ағзаңызды берік етеді.

5. Мұны өз әдетіңізге айналдырыңыз

Сіз тісіңізді жууға ерінбейсіз ғой, иә? Өйткені, ол әдетке айналып кеткен. Кішігірім жаттығудан бастап көріңіз, мысалы таңғы ас алдында 10 минут жаттығу, кешкі серуен, жарнама кезінде жаттығу және т.б. мұны әр күн, әр кез істеңіз, сонда ол әдетке айналады.

6. Әлеуметтік белсенділік

Адам – әлеуметтік жаратылыс, ол қарым-қатынассыз өмір сүре алмайды. Сіздің қарым-қатынасыңыз қалай жылжып жатыр? Отбасымен табиғатқа шығуды, футболды достармен көруге немесе олармен жүгіруді іске асырып көріңіз. Қолдан келмей жатыр ма? Онда достарыңызды ауыстырыңыз.

7. Қарапайым шаруаларды жаттығумен үйлестіріңіз

Істеуге міндетті, алайда еш қуаныш әкелмейтін шаруалар бар. Оларды дене жаттығуларымен үйлестіріп көріңіз. Таймерді 20 минутқа қойып, жинастыруды бастаңыз. Қарапайым шаруаларды аса жылдам орындау – жақсы нәтиже береді.

8. Жоспарлаңыз

Егер сіз дәрігер қабылдауына жазылсаңыз, оны ұмытпайыз, дұрыс па? Ал маңызды шаруаны? Оны да ұмытпайсыз. Сол сияқты дене жаттығуларын да осылай ету керек, бұл өте маңызды нәрсе. Қажетті жаттығуларды жоспарлаңыз.

9. Сізге ұнайтын нәрсені жасаңыз

Сіз әуес ісіңізге уақыт табасыз, оған сенімдіміз. Егер ұнамаса, сәйкесінше, оған уақыт бөлмейсіз. Дене жаттығуларының сізге ұнайтынын таңдап алыңыз.

10. Жоқ деп айтыңыз

Егер жоғарыдағы пунктерді оқып, әлі де жаттығу үшін уақыт таппасаңыз, жағдай нашар. Онда сізге басымдылық пен мақсаттарыңыздың жүйесін түбірімен өзгерту керек. Кейде «жоқ» деп айтуда тұрған ештеңе жоқ. Иә, сіздердің басқалар алдында міндеттеріңіз бар, бірақ өз алдыңыздағы міндетті де ұмытпаңыз. Өзіңізді жақсы көріңіз, өзіңізді күтіңіз, оны сізден басқа ешкім істемейді!

0 дауыс
21 Мау, 2016 Есет Қилыбаев жауап берді

Ағзаны тазартуға арналған күріш диетасы

Күріш ежелден бері ағзадағы шлактарды кетіріп, артық салмақтан арылуға көмектесетін әмбебап тағам ретінде қолданылады.  

Алайда, күріш диетасы үшін бұл тағамды жүйелі түрде жеу ғана емес, белгілі бір талаптарды орындау да қажет (егер талаптарды сақтамаған жағдайда, жақсы нәтиженің орнына сырқаттарыңызды асқындырып алуыңыз мүмкін).

Күріш диетасының мақсаты

Естеріңізге сала кетейік, артық салмақтан арылуға арналған заманауи диеталардың барлығы бір мақсат бойынша жұмыс істейді: сіз белгілі бір уақытта калориясы төмен, бірақ көлемі әлдеқайда үлкен тағамдарды пайдалана бастайсыз. Ал сіз жейтін тағамда қажетті калория жетіспеген соң, ағза өзіндегі артық майлармен қоректене бастайды. Яғни, сіздің диетаңызға орай, бел мен жамбастағы артық майлар осылай кете бастайды. Бұл жағдайда сіз қабылдаған диеталық тағамдар тойымды болған соң, қарын ашушылық сезілмейді.

Осындай көлемі үлкен әрі калориясы төмен саналатын күріштің тағы бір қосымша пайдасы бар: суға салынған соң, ол борпылдақ күйге көшеді. Ал бұл өз кезегінде ағзада жылдар бойы жиналған зиянды заттардың бәрін шығаруға көмектеседі (буынға жиналып, олардың қозғалысын төмендететін әртүрлі тұздар мен шлактар). Алайда, күріш диетасын ұзақ уақыт бойы қолдансаңыз, ағзадағы зиянды заттардан бөлек, калий секілді қажетті заттар да азая бастайды. Міне, осыған орай, күріш диетасын қолдану мерзімі әртүрлі болып келеді.

Күріш диеталары

Ағзаны тазартуға арналған ең қарапайым күріш диетасы мынадай: күн сайын таңертең аш қарынға дымқыл күрішті жеңіз. Тіпті, су ішуге де болмайды. Күріш дәндерінің көлемі сіздің жасыңызға байланысты (1 жасқа - 1 дән). Мұндай таңғы астан соң үш сағат бойы ішуге де, жеуге де болмайды. Ұйықтардан үш сағат бұрын тамақ ішуді доғарыңыз. Алайда, шай, су және шырын ішуге болады. Күріш диетасын қолданған 10 күнде ұн тағамдарын, макарон мен картоптан аулақ болыңыз. Мұндай күріш процедурасын жарты жылда бір реттен артық істемеңіз.

Күріш диетасының тағы бір нұсқасын мынадай: аптасына бір рет бір стакан күрішті (тұзсыз) қайнатып, күні бойы сумен, минарлды газсыз су немесе шырынмен кішігірім көлемде жеңіз. Мұндай диетаны бір-екі ай бойы ұстануға болады. Алайда, бұл диета кезінде тамақтану мәзіріңізге балық (тұзды және кептірілген балықтан бөлек) пен жеміс-жидек, көгеністерді қосыңыз.

Ең нәтижелі күріш диетасы мынадай: күн сайын кешкісін банкігуе екі ас қасық күрішті салып, үстіне су қойып, қараңғы жерге қойыңыз. Таңертең бір стакан таза су ішіп, кейін суға бөктірілген күрішті жуып, тұзсыз қайнатыңыз. Әлгі дайындалған күрішті жеңіз де, кейін төрт сағат бойы ештеңе ішіп-жемеңіз. Осыдан соң, күндегідей тамақтана беріңіз, бірақ ащы тағамдардан аулақ болыңыз. Күріштен дайындалған таңғы асты екі апта бойы күн сайын пайдаланыңыз (екі аптадан аспасын, себебі, күріш ағзадағы пайдалы заттарды да өзіне сіңіріп ала бастайды). Күріш диетасын қолданған кезде денсаулығыңызда аздап сырқаттар болуы мүмкін (мысалы, бас ауруы). Алайда, бір күн ішінде бұл сырқаттан айығасыз (егер сырөат жалғаса берсе, 2-3 күн үзіліс жасап, жемістер мен көкөністерді көбейтіңіз). Екі апталық күріш диетасын тек бір-жарым екі жыл өткен соң ғана қайталауға болады.

0 дауыс
21 Мау, 2016 Алуа жауап берді

Арықтауға арналған жанжабіл (имбирь) шайының 3 рецебі

1 рецепт:

Жанжабіл тамырын бір шай қасығын кішкентай үккіштен өткізіп, термосқа салып, үстіне 1,5-2 литрдей қайнаған су құйыңыз. Тұнбаны тамақ ішерден жарты сағат бұрын 1 стақаннан тұтыныңыз.

2 рецепт:

Бір шай қасық ұнтақталған жанжабіл мен кесілген сарымсақтың бір бөлігін араластырып, үстіне бір стақан қайнаған су құйып, 20 минут күтіңіз. Одан кейін тамақтанардан 20-30 минут бұрын іше беруіңізге болады. Мұндай шайдың күніне кем дегенде 8 стақанын ішкеніңіз дұрыс. Сонда тез арада артық салмақтан арыласыз.

3 рецепт:

Жанжабілді үккіштен өткізіңіз. Оның жарты шай қасығы мен жалбыздың бірнеше жапырағын және лимонның бір бөлігін 200-300 мл қайнаған су құйып, тостағанға салыңыз. Бұл қоспа шамамен 10 минут тұруы керек. Содан соң қалаған уақытыңызда ішуге болады.

0 дауыс
21 Мау, 2016 Қаламқас жауап берді

Жанжабіл(Имбирь) диетасы

Жанжабіл диетасы тамақ мәзірін өзгерткісі келмейтін адамдарға ұнайтыны сөзсіз. Бұл диета емес, арықтауға көмектесетін тамақтану жүйесі.

Адамның артық салмақ жинауына зат алмасу қызметінің бәсеңдеуі себеп. Ас қорыту жүйесі бәсең болса, арықтау өте қиын. Жанжабіл — зат алмасуды тездететін табиғи әдістің бірі. Оның үстіне жанжабіл жүрек қан тамырлары жүйесін, қан жүру мен ас қорытуды жақсартады.

Жанжабіл диетасын ұстаған қыз-келіншектердің пікірі бойынша, 2-3 аптадан кейін артық салмақтан арылғаныңызды байқайсыз.

Асқазан, өт аурулары бар адамдарға жанжабіл диетасын ұстауға болмайды. Сондай-ақ бала көтеріп, емізіп жүрген аналарға да ұстауға тыйым салынған.

25 гр ұсақ жанжабіл тамырын 1,5 литр қайнаған суға салып, қайнатыңыз. 8-12 сағат тұндырып, таңертең бір стақан жанжабіл шайын ішіп шығыңыз. Күні бойы тамақтану арасында және ұйықтаудың алдында ішу керек.

Жанжабіл шайына бал, жалбыз бен лимон шырынын қосуға болады. Бұл тезірек арықтауға көмектеседі.

Жанжабіл диетасын ұстау кезінде күнделікті калорий мөлшерін 1500-1600-ға дейін шектеген жөн. Нан-тоқаш өнімдері, тәтті-пәттілер, жартылай дайын тағам, консервіленген өнім, кептірілген шұжық не еттен, қуырылған, майлы тағамнан бас тартқан жөн. 5 граммнан артық тұз пайдаланбаған жөн. Мұндай тамақтану тәртібі арықтаумен қатар салмақты бір қалыпта ұстауға көмектеседі.

Тағам мәзіріңізге жеміс-жидек, көкөніс, ет, балық, дәнді ботқалар, нан, жұмыртқа, майлы емес сүтті тағамдар, жаңғақтар, саңырауқұлақ пен бал қосыңыз. Шоколад жегіңіз келсе, құрамында какао 60 пайыздан төмен болмауы керек екенін ескеріңіз.

Қарныңыз тойғанша жеу міндетті емес. Себебі тағам асқазанға бірден жетпейді. Мөлшерден көп жеп қойсаңыз, ас қорыту жүйесі бәсеңдеп қалуы мүмкін. Күніне аз-аздан 5-6 рет тамақтаныңыз.

0 дауыс
08 Там, 2016 Арай жауап берді

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Физика бөлімінде 26 Қар, 2015 berik258 (316 ұпай) сұрағын қойды
0 дауыс
1 жауап
...