Адыраспан - көпжылдық өсімдік. Оның сабағы бұтақшалы, тамыры діңгекті, жапырақтары тілімденген, кезектесіп орналасқан. Бес күлтешесі бес бөлімді. Аталығы он бес, гүлдері ақ-сарғылт. Жемісі дөңгелек тәрізді кауашақ, ірі қоңыр түсті көп тұқымды болады.
Қазақстанда адыраспанның бір-ақ түрі өседі. Биіктігі 20-60 см. Гүлдену мерзімі – мамырдың аяғы мен маусым айында. Шілде айында жемісі тола бастайды.
Адыраспанның химиялық құрамында гармалин алкалоидтары бар. Гүлі мен сабағында печаник алкалоиді бар. Бұл өсімдік улы дәріге жатады.
Адыраспан - ең көп тараған емдік шөптердіңі бірі. Одан жасалған гармалин алкалоидының әсері банистерин алкалоидынан асып түседі. Ол эниефалит ауруын емдегенде жақсы нәтиже береді.
Ауруға шалдыққан адамның жүйке жүйелері асқынып, ұстамалы қояншық (эпилепсия) ауруы мен қалтырау салына (дрожательный паралич) шалдыққанда қолданылды.
Халық емшілері құяңмен ауырғанда адыраспан жапырағымен булауды ұсынады. Көп жағдайларда булау жасап, ісіктерге де басады. Әртүрлі тері ауруларына және ревматизмнің салдарынан сүйектер сырқырап ауырса, адыраспаннан жасалған бұлау табылмастай ем.
Толық: http://bilim-all.kz/article/3826-Adyraspan-%E2%80%93-kieli-shop