Қай дәрумен не үшін керек, ненің құрамында қай дәрумен бар екенін білесіз бе?

0 дауыс
Салауатты өмір салты бөлімінде 29 Мау, 2016 Ақбөпе сұрағын қойды
Қай дәрумен не үшін керек, қай азықтың құрамында қай дәрумен бар екенін білесіз бе?

2 Жауаптар

0 дауыс
29 Мау, 2016 bilim-all.kz жауап берді
 
Үздік жауап

Витамин қоры

A ВИТАМИНІ: Иммунитетті, сүйектерді, көздерді және теріні күшейтеді. Мандарин, бауыр, балық, сарымай, жасыл шөптерде және цитрусты жемістерде көп мөлшерде болады.

В ВИТАМИНІ: Бұл топтағы суда еритін витаминдер миды және нерв жүйелерін қорғайды. Бауыр, балық, шпинат, бұршақ (горох) және мандаринде көп болады.

С ВИТАМИНІ: Иммунитетті күшейтеді, инфекциялармен күреседі, тамырларды, тіс еттерін қорғайды. Цитрусты жемістерде және кивиде көп болады.

D ВИТАМИНІ: Калцийдің денеге сіңуін қамтамасыз етіп сүйектерді және тістерді қуаттандырады. Нерв жүйесін күшейтеді. Сүт, майлы балық және жұмыртқада болады.

Е ВИТАМИНІ: Ағзаға, тін және клеткаларға зиянды еркін радикалдардан қорғайды. Тоқ ішектің қатерлі ісігіне жол бермейді. Орман жаңғағы, жаңғақ, қара нан және зайтунмайында мол болады.

КАЛЬЦИЙ: Сүйек және тістерді қуаттандырады, жүректің соғуын реттейді, қан қысымын түсіреді. Сүт және сүт өнімдерінде, жасыл жапырақты көкөністерде, соя, фундук, сардина балығы және нанда болады.

МАГНИЙ: Қан қысымын реттейді, сүйек ауруларынан сақтайды. Жасыл жапырақты көкөністерде, авокадо, балық және кептірілген цитрусты жемістерде көп болады.

КАЛИЙ: Қан қысымын төмендетеді, жүрек қағысын реттейді. Өрік, банан, цитрусты жемістерде, балық, жасыл көкөністерде, сүт, орман жаңғағы(фундук) және картопта мол болады.

СЕЛЕН: Антиоксид ерекшелігі арқылы клеткаларды қорғайды. Теңіз өнімдерінде және еттерде мол мөлшерде болады.

ЦИНК: Бұлшық еттерді күшейтеді, клеткалардың көбеюін жылдамдатады. Ет және теңіз өнімдерінде көп болады.

Оқуға кеңес:

Әлемдегі ең пайдалы азықтар

Есте сақтау, зейін салу және ой жинақтауға пайдалы 10 азық

Шипалы дақылдың бірі – қарбыз

Анар және оның пайдасы

Бүгін алма жедіңіз бе?

Шабдалы және оның пайдалары

Құлпынай

Брокколи – нағыз дәруменді-минералды қуат!

Асқабақ

Барлық дертке дауа - итмұрын

Шай туралы

Лимон

Кепкен жемістердің пайдалары

Ара, бал және ара сүті

Сан түрлі дерттің шипасы — құрма

Сүт және оның тарихы мен пайдасы

Бал – барлық дертке дауа

Жаңғақтар

Сарымсақ – ең жақсы антибиотик

Балық

Қай тағамдар қашан желінеді

Үйдегі косметика

Сілтемесіз көшіруге тыйым салынады!

0 дауыс
29 Мау, 2016 jasik жауап берді

Қиярдың пайдасы

Қиярда күндік қажеттіктерден болған көптеген витаминдер бар. Бұлар: B1, B2, B3, B5, B6, C, витаминдері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий, және мырыш...

* Бас ауруынан құтылу үшін, бірнеше тілім желінеді.

* Шаршағаныңызды тез арада басу үшін бір қияр жеу, кофеден, шәйдан немесе сусыннан жақсырақ.

* Шиеленіс пен қалжырағандық сезілгенде, қайнаған судың ішіне бір қиярды жіңішке тілімдермен кесіп салып, бөлмеге қойылады.

* Ауыздағы жаман иісті кетіру үшін, бір тілімі тіл мен таңдайдың арасына 30 секундқа қойылады.

* Аяқ киім кремі бітіп қалса; аяқ киімді кесілген қиярмен сүртуге болады.

* Шұңғылша (раковина) мен айналарды тазалау үшін бір тіліммен ысқылауға болады.

* Құрт-құмырсқаға қарсы: бірнеше тілімді алюминді табаққа немесе қабыршық қағаз (фольга) немесе топыраққа қою керек.

...