Түнде тұрып кетем, сөйлеймін ол неден?

0 дауыс
Жалпы Медицина бөлімінде 29 Мау, 2016 белгісіз сұрағын қойды
Түнде тұрып кетем, сөйлеймін ол неден?

4 Жауаптар

0 дауыс
30 Мау, 2016 Нұрай жауап берді

Ғалымдардың айтуынша, ұйықтап жатып сөйлеу – зиянсыз құбылыс екен. Бірақ бұл құбылыстың неге және неден пайда болатыны жайында анық айту қиынырақ. Түні бойы көзіңіз жұмулы болып, ұйқыда болсаңыз да аузыңыз тынбай сөйлей берсе, ертесіне шаршаңқы күйде жүресіз. Бірақ, ол үшін қам жемеңіз.

Сонымен, біз қайда және неге ұйқыда жатып сөйлейміз?

Ұйқыдағы сөйлеу екі түрлі кезеңде іске асады: бірінші кезеңде - егер біз көріп жатқан түс жылдам жүріп, ойлар ағыны басталса, оны ояту қиынырақ; ал екінші кезеңінде ұйықтап жатып сөйлеген жанды тез оятып алуға болады. Негізі қатты жылдамдықта түс көріп жатқан адамды ояту қиын болады. Ондай ұйқыдан соң ол не жайында айтқанын есте сақтап қалуы да екіталай.

Біз кейде түсімізде болып жатқан оқиға «желісі» бойынша сөз қозғауымыз мүмкін. Бірақ түс көріп жатқан адам көп жағдайда түсінде көріп жатқан жайтқа байланыссыз әңгіме айтады.

Ұйықтар алдында ішімдік ішкен адам ұйықтап жатқанда қарқынды түрде «әңгіме» айтады. Жоғары температура, эмоциялық есеңгіреу, бірден бірнеше дәріні қолдану ұйықтап жатып сөйлеуге алып келеді. Сонымен қатар, бұл әдет ұрпақтан-ұрпаққа да берілетінін біліп жүргейсіз!

Ұйықтап жатып сөйлеу нені білдіреді?

Сарапшылардың айтуынша, жаныңызда ұйқыда жатқан серігіңіздің не туралы сөйлегенін тыңдап алып, бірден түс жорығандай, қорытынды шығара салмау керек. Ұйқы кезінде айтылған «әңгімені» талқылаудың да керегі жоқ. Серігіңіздің айтып жатқан сөздері сіздің өміріңізге ешқандай да қатысы жоқ. Ұйқыда жатқан жанның сөздері шындықпен үнемі байланыса бермейді.

Көптеген ата-аналардың білетініндей, көбіне көзі ұйқыға кеткен кішкентай балалар аузы талғанша сөйлеп шығады. Олардың жасындағы бұл құбылыс кішкентайлардың миының қарқынды жұмыс жасап, жетіліп келе жатқандығынан хабар береді.

Балалар арасында мынадай қате пікір бар: «Түсінде сөйлеп жатқан адамның дәл сол сәтте қолын ұстап, бар шындығын сұрасаң, ағынан жарыла айтып береді». Жоқ, бұл қате пікір. Мұндай қылық жасаудан аулақ болғайсыз. Ондай кезде адамды оятуда да абай болыңыз. Дамылсыз сөйлеп жатқан адам түсінде қатты қианалып жатуы да мүмкін. Бет алды оятып алам деп серігіңіздің денсаулығына залал тигізіп қоймаңыз!

Дереккөpз: massaget.kz

0 дауыс
30 Мау, 2016 Жасмина жауап берді

Ай кезбелік (снохождение ) — ұйқы бұзылудың бір түрі. Ол көбінесе балалар мен жасөспірімдер қалжырағанда, неврозбен ауырғанда, қатты науқастан сауығу кезеңінде байқалады. Ай кезбелік сырттай қарағанда қояншық (эпилепсия) ауруына ұқсас болуы мүмкін. Бұл сырқаттың бір белгісі — адам ұйқысынан оянбай-ақ төсегінен тұрып бөлмені аралап жүреді, өзімен-өзі сөйлесіп, кейде бағытсыз әрекеттер жасайды (есікті ашып-жабады, сыртқа шығып кетеді). Содан кейін ол қайтадан төсегіне жатып ұиқысын жалғастырады. Оның бір ерекшелігі — бұл эпизодтар адамның есіңде сақталмайды. Ай кезбелікпен ауырған адамдар ертеден-ақ айналасындағыларға үрей туғызған. Сондықтан халық арасында ондай адамдарды білгір, көреген, өйткені оған ай әсер еткен (Ай кезбе атауы осыдан барып шыққан), оның қолынан бәрі келеді деген қате ұғымдар орын алған.

Ай кезбелік кезінде адам жығылуы, бір нәрсеге соғылуы, жарақаттануы мүмкін, соның нәтижесінде ол үйқысынан оянып кетеді. Бақытсыздық жағдайға ұшыраудан сақтану үшін ай кезбелікпен жапа шеккен адам жатқан бөлменің есік-терезесін жауып, электр приборларын токтан ажыратып, отты сөндіріп тастау керек. Түнде ұйқысыраған адамды ақырын оятып, сосын қайтадан төсегіне жатқызып, ол үйықтағанша жанында отырған жөн. Мұндай адамдар дәрігердің бақылауында болуы керек.

Дереккөз: Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.

0 дауыс
30 Мау, 2016 Қайрат жауап берді

Көптеген адамдар айкезбелікті психикалық ауру деп санайды. Бұл жаңсақ пікір. Асылында, айкезбелік жүйке жүйесінің бұзылуынан туындайды. Кейде температура жоғарылағанда немесе қатты күйзеліске тап болғанда қайталануы да мүмкін. Және оған шалдығатындардың басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер екен. Ересектердің мыңнан бірі ғана ұшырауы мүмкін.

Айкезбеліктің адам денсаулығына айтарлықтай зияны жоқ. Сондықтан, оған өзіңіз тап болсаңыз, артық қобалжудың керегі жоқ дер едік. Алайда, тым жиі қайталанатындығын байқасаңыз, дәрігер мамандардың көмегіне жүгінгеніңіз жөн.

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Марат жауап берді
Ең дұрысы дәрігерге қаралған жөн!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
Тазалық, Талғам бөлімінде 30 Мау, 2016 белгісіз сұрағын қойды
0 дауыс
1 жауап
Футбол бөлімінде 01 Шіл, 2016 белгісіз сұрағын қойды
+1 дауыс
1 жауап
Психология бөлімінде 30 Қар, 2015 Ғани сұрағын қойды
...