Екі ағайынды
Ескі замандарда бір-бірін қатты жақсы көретін өте бауырмал екі ағайынды болыпты. Үлкенінің есімі Халил, кішісі Ибраһим. Халил үйленген бала-шағалы, ал Ибраһим әлі бойдақ екен. Екеуінің ортақ егіс алқабы бар еді. Бірлесе егіншілікпен айналысып, шыққан өнімді екіге бөлісіп, күнелтеді.
Бір жылы бидай егеді. Шыққан бидайды орып, екіге бөледі. Кейін осы бөлістірген бидайларды тасуға кіріседі. Үлкен бауыры Халил: «Ибраһим, сен осында күте тұр, мен қаптарды алып келейін.»-дейді. Ибраһим: «Жарайды аға»-деп астық басында қалады. Халил қаптарды алып келуге кеткенде інісі ойланады: «Ағам үйленген, бала-шағасы бар. Маған қарағанда оған көбірек бидай керек»- деп, өзінің үлесіндегі бидайлардан бірнеше күрек бидай алып, ағасының бидайына қосып қояды. Кейін ағасы қаптарды алып келіп: «Қане Ибраһим, тасуды алдымен сен баста»- дейді. Ибраһим: «жарайды»-деп бір қапты толтырып, алып кетеді. Ол кеткен кезде ағасы ойланады: «Аллаһқа шүкірлер болсын. Мен үйленгенмін, бала-шағаларым да бар. Бірақ інім әлі бойдақ. Оған әлі көп жұмыс істеп, ақша табуы керек. Үй құрып, үйленуі керек» деп, өзінің бидайынан біраз күрек інісінің бидайына тастайды. Келесі кезекте Халил кеткенде інісі өзінің бидайынан тағы да оның үлесіне қосып қояды. Ағасы да өз кезегінде бірнеше күрек інісінің бидайына тастап отырады. Осылайша біршама жалғасады, бірақ бұл істен бір-бірінің хабары болмайды. Соңында кеш батып, күн қараяды. Ал бидайдың таусылатын түрі жоқ, тіпті азаймайды да. Аллаһу та’алаға бұл жағдай қатты ұнайды. Бұл бидайларына Хақ та’аланың береке бергені соншалық, қаншама күн тасып, бидайды тауыса алмайды. Олар бұл халге таң қалады. Бидайлары азаюдың орнына, керісінше көбейіп, қоймалары толып тасып кетеді. «Берекелі болсын» деген тіркестегі береке сөзінің шынайы мағынасын осы мысал айқындап тұрғандай...
Осыған ұқсас ғибратты әңгімелер:
Әженің насихаты
Өзің үшін ғана жеңіске жетуге асықпа
Сол жағым сыздайды, ана!
Өмірдің жаңғырығы
Жанжалсыз жанұя
Отбасы бақытының сыры
Сұлулық жеткілікті ме?
Көгерген көшет
Қандай сезім екен?
Бүкіл дүниенің түзелуі
Жолдағы кедергі
Жомарт
Патша баласының еркелігі
Бір стақан сүт
Айыптауға асықпайық
Келін-ене
Қазір біліп келемін
Шынайы махаббат
Жақсылық пен Жамандық
Есерсоқ пен қарт
Сағыныш
Кесе емес, бұлақ болуға тырыс
Әр адам өз тегіне тартады
Ене
Жақсылыққа сыяпат бар
Қолдағының қадірі қолдан кеткенде білінеді
5 оқиға
Ең әдемі гүл
Кемшілік пен кешірім
Ғибрат – Бала тілімен
Жан арпалысы
Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек bilim-all.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.