Гинеколог дарігеріне: климакс белгілері

0 дауыс
Тазалық, Талғам бөлімінде 26 Қаң, 2017 белгісіз сұрағын қойды
Климакстың белгілері?

1 жауап

0 дауыс
01 Ақп, 2017 Айжан Т жауап берді
Климакс кезеңі әр әйелде әрқалай өтеді. Біреулер қатты күйзеліске түсіп, жүдеп кетсе, енді біреуде қалшылдап жаурау немесе күйдіріп-жандырған ыстық, шаршаңқылық байқалады. Осының салдарынан әйелдің жүйке жүйесі де босаңсып, не болса соған өкпешіл, жәй ғана нәрсеге бола бұлқан-талқан ашуланғыш болып кетеді. Оны сондай-ақ тершеңдік те мезі етіп жібереді. Мұндай жағдайлар, әрине, өз ағзасында болып жатқандықтан, әйелдердің көңіл күйі де құбылмалы болып келеді. 40-тан асқан әйелдің етеккірі қалыпты ережеден өзгеріп жатса, климакстың алғашқы белгісі осы. Бұл кезде етеккірдің келуі сирейді. Ай сайынғы ереже өзгеріп, 2-4 айда бір келетін болады. Бұл кезең пайда болғаннан бастап, бірнеше жыл жалғасуы мүмкін.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
Тазалық, Талғам бөлімінде 30 Мау, 2016 белгісіз сұрағын қойды
0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
...