Информатика саласы

0 дауыс
Информатика бөлімінде 05 Ақп, 2017 abs (52 ұпай) сұрағын қойды
Сәлеметсіздер ме? Мен мамандық жайлы сұрак қойғым келіп тұр. Мен Информатика пәнін бітіріп жатырмын, мұғалім болып жұмыс жасағым келмейді, информатикаға байланысты басқа жұмыстар бар ма?  Алдын ала рахмет!

1 жауап

0 дауыс
05 Ақп, 2017 Зылиман жауап берді

5В011100 «Информатика» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: білім беру мен жалпы білім беретін ұйымдарда, білім беру мекемелерінде балалар мен үйренуші жастарды дамыту; ғылым, ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды қолданумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар.

Кәсіби қызмет обьектілері:

мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырылатын білім беру мекемелері, білім берудің мектепке дейінгі ұйымдары, мектеп, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіптік оқу орындары, ғылыми ұйымдар;

информатика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары;

басқару ұйымдары: мемлекеттік басқару ұйымдары, білім беру департаменттері;

өз жұмысында қолданбалы математикалық әдістерді және компьютерлік технологияларды пайданалатын жеке меншіктің әр түрлі ұйымдары.

Бұл саладан басқа жерде қызмет еткіңіз келсе, магистратураға түсіп, IT мамандықтарының бірін оқып, сол бойынша жұмыс жасасаңыз болады. Немесе, Қазақстанда жаңадан дамып келе жатқан IT компанияларға қажет верстальщик, бағдарламалық жасақтаманы құрушы, веб-дизайнер секілді мамандықтарға үйрететін курстардан білім алып, компаниялардың біріне жұмысқа тұра аласыз.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
ЖОО, Университет бөлімінде 24 Қар, 2015 белгісіз сұрағын қойды
...