Наурызша деген не?

0 дауыс
Тіл, Сөз бөлімінде 23 Нау, 2017 Farhad сұрағын қойды
Наурызша деген не?

1 жауап

0 дауыс
23 Нау, 2017 (1,002 ұпай) жауап берді

Наурызша - наурыздағы қар атауы.

«Наурызша» - жыл басындағы жылылықтың белгісі. Наурыз айында ашық күндері қолдан жасаған ою-өрнек секілді жұп-жұқа қиыршық қар түседі. Қырбақ, қарайған жерді жасыра алмай, қылаулап жауған жұқа қар күн көзіне шашырап, жылтылдап құбылады.

Анықтап қарағанда, басқа қар қиыршықтарындай емес, жеңіл де үлпілдек болады. Осы қарды «наурызша» деп атайды. Қазақтың әдет-ғұрпына зер салсақ, наурызда жауған қарды жақсы ырымға балаған. Бізге жеткен қазақ аңыздарында қыздың сұлулығы Наурыздың ақ қарына балана суреттелген теңеулер жетерлік.

Наурызшадан бөлек, наурызда жауатын «Наурыздың ақша қары» да бар. Анықтап қарағанда, басқа қар қиыршықтарындай есе, жеңіл де үлпілдек болады. 

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
Термин бөлімінде 01 Қар, 2017 Арман сұрағын қойды
0 дауыс
1 жауап
Қазақ тілі және әдебиеті бөлімінде 15 Қаң, 2016 белгісіз сұрағын қойды
0 дауыс
1 жауап
Тіл, Сөз бөлімінде 21 Сәу, 2017 Бекей сұрағын қойды
0 дауыс
1 жауап
Өлеңдер бөлімінде 15 Ақп, 2018 белгісіз сұрағын қойды
...