Қамшы бөліктерінің атауларын тәптіштей зерттеген Д.Шоқпарұлы: «Қамшы мынандай құрамнан тұрады: өрім, сап, алақан, бас, дүм, кежеге, тұтамдық айдар, мойнақ, бунақ, бүркеншік шежемей, шырмауық, шашақ, бауыр, тығырық, шығыршық, тобыршық, түйін, тігіс, т.б…»
Қамшы мүшелерінің атауларына байланысты әлі де көп нәрсені нақтылауға тура келеді. Д.Шоқпарұлы: «Шеберлер қамшының өрімі мен алақанының жалғасқан тұсындағы қаусырылған тұсын шежемей» деп көрсетсе, кейбір мәлімет берушілердің айтуынша, қамшының сабы мен өрімді жалғастыратын алақанның екінші аты шежемей, оған қосымша дәлел ретінде етіктің қатты өкшесінің үстіңгі жағындағы қапсырманы – шежемей деп аталатынын мәлімдейді.
Қолымда бір қамшым бар шежемейлі,
Мал айдасаң өріске не жемейді.
(Халық әні.)
Қамшы: http://bilim-all.kz/article/2385-Qamshy