Тек әйтеуір, асықпашы, байқа әлі,
Қарап көрші, қарап көрші қайта алып.
Тілге көнбес нәрселерді кейде мен
Емеурінмен, иегіммен айтамын.
Көркемдікті жасырамын мен кейде,
Түк қалдырмай көз көретін деңгейге.
Мен түгілі табиғат та,асылын
Тереңірек, тереңірек көмбей ме?!
Бұл өлеңде тек, түгілі, та, ме деген лексикалық мағынасы жоқ сөздер бар. Бұлар – шылау сөздер.