Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу
Математика пәні бізге әр уақытта қажет біз күнделікті өмірімізде математика арқылы көп нәрсені анықтаймыз.
Мысалы: сағат пен күнтізбелер адамдардың уақытты анықтауына көмектеседі. Мектептегі сабаққа кешікпеу үшін сен сағатыңа қарап, үйден ертерек шығасың. Егер сенің сабақтан кейін спорттық жаттығуларың болса, сен тағы да сағатыңа қарайсың.
Күнтізбеде уақыт апта және ай бойынша бөлінген. Күнтізбе бойынша сен жыл мезгілдерін қадағалап, қазір қай ай, қай күн, нешінші апта екенін білесің.
Ұзындық өлшемдері: километр, метр, дециметр, сантиметр, миллиметр.
Ұзындық өлшемдері арқылы әр түрлі заттардың ұзындығын, ауыл мен қалалар арасын, үйлердің, таулардың биіктіктерін тағы басқаларды өлшеуге болады.
1км = 1000м, 1м = 100см, 1дм = 10см, 1см = 10мм
Сызғыш пен өлшеуіш әртүрлі заттардың биіктігін, ұзындығын, енін дәл өлшеуге көмектеседі. Егер саған зертханалық жұмыс жасауға ұзындығы бірдей бірнеше қағаз жолақтары керек болса, сен сызғышты пайдаланасын.
Біз «жылы», салқын дегенде температураның өзгергені туралы айтамыз. Адам, өсімдік, жануарлар тіршілігі үшін ауа, су және топырақ температурасының маңызы зор. Қыста ауа, су және топырақтың температурасы төмендегенде өсімдіктердің өсуі тоқтайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, көптеген жануарлар қысқы ұйқыға жатады. Қысқы суықтан қорғануға жануарларға ненің пайдасы тиеді.
Адамдар әр түрлі температураға қарай киінеді. Қыста олар үйлерін жылытады. Температураны өлшеу үшін арнаулы құрал – термометрді пайдаланады. Адам денесінің, ауа, су және топырақтың температурасын әр түрлі термометрмен өлшейді.