Ауызашар (ифтар) берудің сауабы
Хадис шәрифте: «Рамазанда бір қонаққа ауызашар берген адамға Сырат көпірін өту оңай қылынады.» делінген. (Уәсиләт-ун-нажат)
Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз: «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дегенде, сахабалардың кейбірлері бір адамға да ауызашар беретін мүмкіндіктері жоқтығын айтты. Оларға жауап ретінде: «Бір құрмамен ауызашар берген адамға да, тек сумен ғана ауыз аштырған адамға да, аздаған сүт берген адамға да бұл сауап жазылады» деді.(Бәйһақи)
Тағы бір хадис шәрифте: «Рамазан айында ораза тұтқан адамға сумен ауыз аштырған кісі анадан туғандай күнәсыз болады» дегенде, сахабалар “су табылмай, қымбаттаған кезде ме?” деп сұрады. Жауапта: «Қаласа өзеннің жағасында берсін, бәрібір» деді. (Уәсиләт-ун-нажат)
Ас беру өте сауапты амал. Әсіресе ораза тұтқан кісілерге берілетін болса, сауабы мыңдаған есе артады. Ораза тұтқандардың сауабындай сауап алады. Тамақ беруді, қонақ күтуді ғанибет деп білу қажет! Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Амалдардың ең үстемі – бір мұсылманның айыбын жасыру, қарынын тойғызу және қажеттілігіне көмектесу арқылы қуанту.» (Исфахани)
«Аллаһу таала жұртқа ас берген жомарт құлымен періштелеріне мақтанады.» (Имам Ғазали)
«Қонақ дастархан басынан тұрып кеткенше періштелер үй иесіне дұға етеді.» (Табарани)
«Жәннатта сондай әдемі сарайлар бар, олар жылы жүзді, жұмсақ мінезді, қонақжайлы және ел ұйықтағанда намаз оқитындар үшін арналған.» (Тирмизи)
«Досына жақсы көретін тағамын жегізген кісінің күнәлары кешіріледі.» (Бәззар)
Достарына ас беріп, дастархан жаю садақа беруден де абзал және сауапты. Хазіреті Әли айтады: «Достармен жеген бір наным, кедейлерге берген бес нанымнан да қымбат. Достармен жеген ас, құлды азат етуден де артық.»
«Ол мені қонаққа шақырмаған, мен де шақырмаймын» деп айтпау керек. Қонаққа шақыруда да, баруда да тек Аллаһ ризалығын мақсат ету керек!
islamdini.kz