Ана туралы өте жақсы тақпақ, өлеңдер керек еді, бөлісесіздер ме?

+1 дауыс
Өлеңдер бөлімінде 10 Жел, 2015 Ағман сұрағын қойды

Ана туралы өте жақсы тақпақ, өлеңдер керек еді, бөлісесіздер ме?

11 Жауаптар

0 дауыс
01 Қаң admin (590 ұпай) жауап берді
08 Нау admin таңдалды
0 дауыс
10 Жел, 2015 Bain (268 ұпай) жауап берді
Жан анама (Берикболова Бекзат)

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.

Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.

Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!
Аллам сенен жамандықты қашырсын.
Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы асырсын!

Тілегімнің бастауы да бір өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.

Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы,  қартаймашы ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.

Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!
20 Нау, 2019 белгісіз пікір қалдырды
жақсы кушті өлең
11 Сәу, 2019 белгісіз пікір қалдырды
Өте керемет!!!
24 Сәу, 2019 белгісіз пікір қалдырды
Сен ұлсыңба, қызсыңба.
04 Там, 2019 белгісіз пікір қалдырды
Өте керемет жыр шумақтары екен, көп рахмет
22 Қыр, 2019 белгісіз пікір қалдырды
Керемет ????кұшті тақпақ
0 дауыс
10 Жел, 2015 Bain (268 ұпай) жауап берді
10 Жел, 2015 өңдеу жасады

Анашым (Мұқағали Мақатаев)

Анашым!
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!
Қайда жүрсем сен - күш, арым,
Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.
Қайда барсам, өзіндей қарсы алады
Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым!
Жаратылдың бағыма шын
Білемін көңілсізсің, сағынасың.
Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.
Қапа болма мен үшін, неғыласың..

07 Нау, 2018 алихан пікір қалдырды
керемет оте жаксы
13 Ақп, 2019 khuanbek (50 ұпай) пікір қалдырды
өлеңдеп осыны айт
29 Сәу, 2019 белгісіз пікір қалдырды
Өтттте керемет маған қатты ұнады
0 дауыс
10 Жел, 2015 Bain (268 ұпай) жауап берді
Ана жүрегі (Айсұлу Рүстемова‎)

Өзгертпейді білемін
Шалшық және лай түсін.
Қайран ана жүрегі-
Даладай кең, Ай мүсін.
Қасіретің азайсын
Деп тіледім әз ана,
Өлеңдерім қол созсын,
Жеңілдетсін қайғысын.
Қатысым жоқ бейтарап
Қалай енді қала алам.
Жүректерін сауықтыр
Жерлік мұң мен жарадан.
Қиын нәрсе екен-ау
Жаратқан-ай, шарасыз,
Жылап тұрған Анаға
Еш дәрменсіз қараған.
09 Нау, 2018 алихан пікір қалдырды
онша жаксы емес
0 дауыс
10 Жел, 2015 Bain (268 ұпай) жауап берді
06 Нау, 2017 өңдеу жасады

Ананың сүюі (Міржақып Дулатұлы)

Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,
Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Камқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Кұлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.

0 дауыс
10 Жел, 2015 белгісіз жауап берді
10 Жел, 2015 өңдеу жасады

Анама  "Фариза Оңғарсынова"

Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді.
Мінеки мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың, мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің тұрғандай сезем жанымда.
“Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым”, сақталды сөзің жадымда.
“Игі еңбек түбі осы-ау” дер көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер мәңгілік Күндей, анашым!

07 Ақп, 2018 Еділ пікір қалдырды
әсерлі екен:-)
05 Нау, 2018 ШЫНГЫС пікір қалдырды
маган ана туралы такпак керек еды ОТЫНЕМ пж пж пж пж пж пж пж пж пж пж пж пж пж пж пж
06 Нау, 2018 белгісіз пікір қалдырды
Бір жақсы тақпақ жоқ ше ана туралы
07 Нау, 2018 алихан пікір қалдырды
жаксы тагы да такпак шыгарынызшы
0 дауыс
10 Жел, 2015 белгісіз жауап берді
01 Қаң admin өңдеу жасады

Анаға тілек "Ғабиден Қожахмет"

Жеткізіп арманға жол күні бүгін,
Бақ құшты қызың менен бүгін ұлың.
Болғанмен бар болмысың қарапайым,
Байқалып тұрады, ана, ұлылығың!

Болмасын дедік те әр кез жүзі мұңды,
Еңбекті ұл, бейнетіңді қыз ұғынды.
Қылсын деп ұзағынан отырасың
Тәңiрден сұрап алған қызығыңды.

Жан-жағың толып бізбен бүтін бүгін,
Болғанда күнiң сәтті - ұтымды күн.
Сонда әр кез тәңіріңе тәуба десiп,
Тіліңнен үзілмейдi шүкірлігің.

Қызығын қызықтаумен немеренің,
Есте әр кез ақ бесікке бөлегенің.
Қуандың талай тойда шаңырақ пен
Жазылған шаттығына керегенің.

Оятып болашаққа сенімдерін,
Өзіңді қадiр тұтты келіндерің.
Бәйек боп жүресің-ау, ұрпақтардың
Болмаса дегендей-ақ көзінде мұң.

Болғандай тіршілікте бағың бала,
Ұл-қызың - өмірдегі тауың дара.
Солардың қызығына куә болып,
Аман жүр ортамызда, ауырма, ана!

Бекітіп шөбереңнің бұғанасын,
Той болсын әлі талай ұлан-асыр!
Қызықтап сол тойларда отырсыншы
Қазақтың қарапайым бір анасы!

29 Ақп, 2016 белгісіз пікір қалдырды
очень трогательная песня
07 Нау, 2017 белгісіз пікір қалдырды
а ты умееш читать на казакском
0 дауыс
04 Нау, 2017 белгісіз жауап берді

Балам деп ойлар анасы

 

Маңдайдағы сызығым,

Өмірдегі қызығым,

Сезермісің кештерде

Ана жүрек қызуын?

 

Көктеп шетін көрпенің,

Шексіз ойды шертемін;

Адастырып жүр ме екен

Шындық жайлы ертегім?

 

Тұла бойы тұнығым,

Тұлымшақты құлыным,

Әділетке сенгіш ең

Қандай екен бүгінің?

 

Самғап арман құстарың

Жүрсің үйден тысқары.

Өмірден тек «ғайып» боп

Қалқып жүрме ұшқары.

 

Мұнай кетті жат елге,

«Вахта тірлік» әкеңде-

Сансыз күндер сендерсіз

Мұңаюмен өтем бе?

 

Рахат тауып еңбектен,

Қымбат, сәнді көйлекпен

Жеткен екем түсімде

Несиесіз зейнетке.

 

Көзайымым, қырмызым,

Көгімдегі жұлдызым.

О, жаратқан қолдай жүр

Жадау елдің ұл – қызын.

 

Жанбай Өзденбаев

jorajorin@mail.ru

13 Қыр, 2017 нурда пікір қалдырды
ана туралы такпак керек еди ойдан шыгарылган коп адам билмейтин интернеттен таба алмайтын срочно рахмет
+1 дауыс
08 Қаз, 2017 (1,002 ұпай) жауап берді
11 Қаз, 2019 өңдеу жасады

Қарап көріңіздер:

Ана туралы өлеңдер.

Ана туралы тақпақтар

Ана туралы өлеңдер.

 

15 Ақп, 2018 белгісіз пікір қалдырды
кушті керемет
04 Нау, 2018 nuray пікір қалдырды
Керемет олен екен ,
маган катты унады
06 Нау, 2018 белгісіз пікір қалдырды
оте жаксы рахмет
24 Қаң, 2019 белгісіз пікір қалдырды
ей адамзат ойы толып ержеткен
ананды умытпа бесигинди тербеткен
ана деген аяулы да асыл жангой
конил жокта конилинди сергеткен
издеп корсем бир анамдай адамды
андап бастым арбир баскан кадамды
дала кезип издесем таба алмадым
бир анамдай бауырмал асыл жанды                   (Мадина Карбаева)
0 дауыс
11 Нау, 2018 Əміре жауап берді
Ана-мерген    (Сағындықова Тілеулес)

Ана- мерген, нағыз батыр ол- ана,
Ана- сенім, пана болар балаға.
Бақыт деген анаңның алақаны
Жылытар әрдайым тоңғаныңда.

Тоғыз ай көтереді құрсағында,
Бақытыңды тілейді, саулықты да.
Ана деген сүйіспеншілікке толы жүрек
Ренжітумен сол жарықты өшіріп алма.

Анасы, бар жылуын төккен он ұл,
Бағаламады-ау, жылап қалды сорлы ана.
Құрсағынан туған жылан болғанымен
Кешіреді-ау ана жүрек сонда да.

Он ұл, отбасы болды, орынын тапты,
Бағып қаққан анасын ұмыта қапты.
Немересін иіскей алмай, біреуін де,
Ана байғұс қинала көзін жапты.

Ешкімнің шаруасы жоқ анасымен,
Дүние сыйлаған жəннаттың кілтіменен.
Ал сол ана қиналып əлі жүр ғой
Жайылған жапырағын көре алмай.

Күндер өтті, сағат, айлар, жылдар да
Сағынады, аңсайды перзентін.
Ана- жарық, өшпестей ешқашан да
Өмір бақи сақтап жүрер ұрпағын.

Ренжітпеңдер, көңіліне қаяу салмаңдар
Бар кезінде бағалалаңдар, сыйлаңдар!
Ананың ешқашан өшпес жарығы
Қара түнектен жалғыз амал шығарар!

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
6 жауап
Өлеңдер бөлімінде 24 Ақп, 2016 Арайлым сұрағын қойды
0 дауыс
2 жауап
Өлеңдер бөлімінде 06 Қаз, 2017 белгісіз сұрағын қойды
+1 дауыс
1 жауап
...