Мұғалімдердің айлығы қандай болу керек деп ойлайсыздар?

+1 дауыс
Қаражат, Ақша бөлімінде 12 Жел, 2015 (1,002 ұпай) сұрағын қойды

Басқа жаққа алаңдамай, сапалы білім бере алу үшін мұғалімдердің айлығы қандай болу керек деп ойлайсыздар? Және басқа да қандай мүмкіндіктер жасалу керек(Зейнетақы, әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық сақтау т.б)?

12 Жел, 2015 белгісіз пікір қалдырды
Мугалимнин айлыгы 500мын болуы тиiс. Мектеп мугалимлерi баска  жумыс сиякты емес олар пара алмайды ойткени ешким бермейди баска жумыстар да левый акша болады.
13 Жел, 2015 КАЙРАТ пікір қалдырды
Мұғалімдерге жалақы төлемеу керек. Міндетті ақысыз білім беру оқу орнында олар мемлекет қарауында болуы керек. Қалған кезде өзінің біліктілігімен, асқан дарындылығымен, таланттылығымен байи білуі керек. Мысалы 5 жылда баланы Гарвард университетіне дайындап түсіріп беретін қабілеті болса, мен баламды берер едім сол мұғалімге, ол мұғалім емес нағыз ҰСТАЗ  ғой
14 Жел, 2015 Темір пікір қалдырды
Мұғалім 500мың айлық алғанмен , ата-ана оның қадірін сезінбесе еңбегі еш болады. Алдымен ата-ананың жауапкершілігін нақтылау керек.  Айлығы мен бірге оның аброыйн ата-аналар ойлау қажет. Шәкірт -ұстазды сыйлау тиіс.  Ол  сыйлауы үшін, атан-ана баланы тыңдап және айбатымен ұстай білуі қажет
14 Жел, 2015 белгісіз пікір қалдырды
Ол үшін мугалимнин күш- жигеринен бөлек балада талант болуы тиіс.
15 Жел, 2015 Білуің шарт емес пікір қалдырды
Мұғалімдік жұмыс Орысша айтқанда не благодарный жұмыс. Қазіргі Ата аналар сөзге түсінбейді.
16 Қаң, 2017 белгісіз пікір қалдырды
Мұғалім жалақысы өте жоғары болу керек.Себебі ,оның  шəкірттері мемлекетті, əлемді басқарады.Барлығы мұғалім еңбегінің арқасында .

14 Жауаптар

+2 дауыс
12 Жел, 2015 аноним жауап берді
Ешқандай артық жұмысқа шапқылатып жұмсай бермей, керексіз құжаттарды сұрата бермей тек қана сапалы білім беріп өскелең ұрпақ тәрбиелеу үшін қазіргі алып жүрген жалақының 3 есеге көтеріп беруі керек!!!! Жыл соңында санаторияға жолдама беріліп тұрса және үймен немесе жатақханамен қамтамасыз етілсе! Себебі көбісі жан-жақтан келген ұстаздар, үй жалдап тұратын.
14 Жел, 2015 englishteacher (55 ұпай) пікір қалдырды
Дұрыс айтасыз. Ең болмаса, байқұс мұалімдерге үй берсе ғой
Қаражат, Ақша бөлімінде 25 Жел, 2015 Lazzat_103 (116 ұпай) сұрағын қойды өте жақсы пікір!!!!
+1 дауыс
12 Жел, 2015 Айжан жауап берді
900 мың теңгеден кем болмау керек деп ойлаймын!
+2 дауыс
12 Жел, 2015 Айдана О жауап берді
Өзім мектепте жұмыс жасаймын. ата-анам менен жалақымды да сұрамайды, себебі алатын 45 мың еңбекақымның жартысына артығы қағаз, файл мен бітпейтін папка,  жазылуға міндетті газеттерге жұмсалады. оның үстіне көрнекіліктерді қосыңыз. жарайды, менің ата-анам жақсы табыс табады /сауда-саттықта /, ал өзге жас мамандар қалай күн көреді дейсіз. Мектепте істеп жүрген 4 жылдың ішінде атақ-абырой әкелмейтін, жалақысы мардымсыз, жүйке жүйесін тоздыратын жұмыстан басқа салаға ауысып кеткен талай мықты мамандарды көрдім. Ұстаздық деген жүректің қалауы, балаға деген зор махаббат. Алайда..."на одной любви далеко не уедешь"  деген де бар емес пе. сондықтан, мұғалімдердің еңбегңни қадірлей білейік, бағалай білейік
12 Жел, 2015 Аноним пікір қалдырды
Тек мектеп емес колледждің де жалақысы өте төмен. Алған жалақымыз тəлімгерлік топтағы студенттерді іздеумен сондай-ақ үйіндегі ата-анасына хабарласумен кетеді. Телефонға балланс саламыз да звондаймыз. Соңынан жақсы сөз де естімейміз. Мұғалімнің жалақысы жоғары болса, барлық мұғалімдер де қиналмас еді.
+1 дауыс
12 Жел, 2015 Қаламқас жауап берді
300 000 - 400 000 тг - де болады! Тек сабақ оқытумен айналысатын! Өзім балаға сабақ бергенді ұнатамын! Өйткені Қазақстанның болашағын тәрбиелеп отырмыз ғой!
+1 дауыс
12 Жел, 2015 Ерлан жауап берді
Шетелде мұғалімдердің айлығы жоғары, пединститутарына да түсу оңай емес, конкурстан өту керек, бір орынға 10-11 адам. Сол себепті мұғалімдерінің білімі де сапалы, кез-келген адам мұғалім бола алмайды. Ал мұғалімнің білімі сапалы болса, елінің болашағыда жарқын болады. Бізде де айлықты көтеріп, пединститутарға түсу үшін 2-3 сатыдан тұратын емтихан өткізу керек. Және мұғалімдердің де білімін сапалы етіп беру керек(Мұғалім ақша үшін емес, болашақты тәрбиелеп жатқанын түсіну керек). Сонда айлықтарын да көтеруге болады.
0 дауыс
12 Жел, 2015 Есет Қилыбаев жауап берді
Айлығын көтергенде бізде сол айлыққа сай болмаған мұғалімдер де бар ғой, айлықты көтерер алдын мұғалімдерді електен өткізіп өткізіп алу керек. Сонда ҰСТАЗ деген атқа лайықты мұғалімдерге айлықты көтеруге болады деп ойлаймын!
12 Жел, 2015 белгісіз пікір қалдырды
бастауыш сынып мугалимдердын енбеги жогары болу керек, енбек сол кисилердыкы кирчипты калаушылар сол кисилер
13 Жел, 2015 белгісіз пікір қалдырды
Мен сізбен толықтай келісімін.
13 Жел, 2015 белгісіз пікір қалдырды
Тек қана балаға білім берумен және оның тәртібімен айналысу міндеті жеткілікті. Кемінде 500 000 еңбекақы төлену керек, себебі күнделікті шашын жөндеу, жеңіл макияж жасау мұғалім үшін бұлжымас қағидаға айналуы керек. Оны арнайы маманға жасату керек. Сүйкімді көріне білу, жинақы жүру тартымдылыққа әкеледі емес пе?
13 Жел, 2015 белгісіз пікір қалдырды
Дұрыс. Бастауыш сынып мұғалімі мен мектепалды даярлық тәрбиешілері баланың мұрнының боғын сүртіп, дәретханаға дейін жетектеп жүріп үйрететін алғашқы адам. Қаламды ұстай білмейтін баланы үйретіп қалфптастырушы.
0 дауыс
13 Жел, 2015 Баур жауап берді
Ұлағатты ұстаздарға қанша айлық төлесе де жарасады. Көзіміз көріп жүр кабинетін жабдықтау, оқу құралдарына дейін өздері сатып алады. Сонымен қатар мұғалімдерден есеп (отчет) талап еткен ше, оқушыларға сапалы, саналы білім беруді талап ету керек. Қазіргі уақытта Ұстаздар есеп ереді ма, оқушыларға білім береді ма соны шешіп алу керек сияқты. Әйтпесе жазаны оқушылардың біліміне емес, мұғалімдердің есебіне қарап беретін болды. Қағаз бастылықтан бас тартып, сапалы білім беруге көшу керек деп есептеймін.
13 Жел, 2015 Айым пікір қалдырды
ұстаздық ол жүректің батырлығы
 бағалай, қадірлей білейік
0 дауыс
13 Жел, 2015 Қаламқас жауап берді

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі. Константин Ушинский

0 дауыс
14 Жел, 2015 белгісіз жауап берді
өзі оқымаған ата ана баласын қалай оқытпақ , еще сөйте тұра оқымаған  кержалқау баласының сөзін сөйлейді
0 дауыс
14 Жел, 2015 белгісіз жауап берді

Қайрат, "Мұғалімдерге жалақы төлемеу керек. Міндетті ақысыз білім беру оқу орнында олар мемлекет қарауында болуы керек." деген сөзіңізді ойланып жаздыңыз ба? Сонда мұғалім немен күн көру керек? Міндетті ақысыз оқу дегеніміз - ол ата-ана қалтасынан ақы төлемей, оны мемлекет көтеріп алатын орта білімді айтады. ал орта білім - ол стандарт. стандарт - орта деңгейлі оқушыға арналған. Сондықтан сіз балаңызға жақсы білім бергіңіз келсе, онда қосымша білім беру орындарына жүгінесіз. "5 жылда баланы Гарвард университетіне дайындап түсіріп беретін" мұғалімді табарсыз, шүкір, біздің елде ондай мұғалімдер баршылық, бірақ балаңыз соншалықты қабілетті ме? Мәселе осыда. Қазақта "Сүйреп қосқан тазы түлкі алмас" деген мәтелді ата-ана ескеру керек. Ал мұғалімге шекеден қарап, оны төмендете сөйлеп, шірену - надандық.  

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Қаражат, Ақша бөлімінде 25 Жел, 2015 Lazzat_103 (116 ұпай) сұрағын қойды
0 дауыс
3 жауап
Заң бөлімінде 10 Ақп, 2018 Кайрат сұрағын қойды
...