Сайтқа өлең қосу
Сайтқа кіргеннен кейін, сайттың оң жақ жоғарғы бұрышында Логиніңіз және Материал қосу деген сілтемелер пайда болады. Сайтқа материал қосу үшін осы Материал қосу деген сілтемені басасыз. Бұл сілтемені басқаннан кейін төмендегі суретте көрсетілгендей сілтемелер ашылады:
Суретте көріп отырғаныңыздай Өлең қосу сілтемесі ең бірінші тұр. Сол сілтемені бассаңыз өлең қосу беті ашылады. Суреті төмендегідей:
Тақырып деген ұяшыққа - өлеңнің тақырыбын жазасыз.
Өлеңнің алғашқы 4 қатары деген ұяшыққа - өлеңнің алғашқы 4 қатарын жазасыз.
Өлеңнің мәтіні деген ұяшыққа - өлеңнің толық мәтінін жазасыз.
Авторы өзім деген белгіні, егер өлең сіздің өлеңіңіз болса, белгілейсіз. Бұл белгіні белгілеген уақытта, бұдан төменгі Автор деген ұяшық көрінбей қалады.
Автор деген ұяшыққа - егер өлеңнің авторы сіз болмасаңыз (мысалы Ахмет Байтұрсыновтың өлеңі), осы ұяшыққа өлеңнің авторын жазасыз (мысалы Ахмет Байтұрсынов). Бірінші Есімі сосын Фамилиясы
Ілмек деген ұяшыққа - өлең туралы ілмек жазасыз. Мысалы: егер өлең отан туралы және авторы Мұқағали Мақатаев болса, бұл ұяшыққа Отан туралы өлең, Мұқағали Мақатаев өлеңдері деп жазуға болады.
Ұяшықтардың барлығын толтырып болған соң, Жариялау батырмасын басып, өлеңді жариялайсыз.
Төменде толтырылған ұяшықтардың суреті:
Жариялау батырмасын басқананн кейін, автоматты түрде осы қосылған өлеңнің бетіне өтесіз. Төменде суреті:
Суретте Қалам және Қоқыс жәшігінің суреті белгіленген. Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, осы "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз. Ал өлеңді өшіргіңіз келсе, "Қоқыс жәшігін" басасыз.