Палестина қалайша Израильге айналды?

0 дауыс
Саясат туралы бөлімінде 08 Қаң, 2016 Ерболат сұрағын қойды

Кезінде "ірі" мемлекеттер жасанды жұттармен халықты жойып жерін иемденуші еді, ал бүгінгі таңда Израильдің басқыншы армиясы палестиналықтарды жас-кәрі демей ашықтан-ашық бомбалап, ракетамен атып жоюда. Израиль агрессиясына «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа болмады... Өкінішті....

Палестина қалайша Израильге айналды?  Израильдің Палестина халқына жасаған геноцидін неге әлем жасыруда?

 

 

 

 

1 жауап

0 дауыс
09 Қаң, 2016 Марат жауап берді

Сионистердің «террорист» деп атап отырғандары шын мәнінде оккупанттардан өз жерін, елін қорғауға шыққан адамдар. Палестиналықтардың ұлт-азаттық күресі заңды. БҰҰ бақылаушы-сарапшылары қайтыс болған палестиналықтардың 90 пайызы бейбіт тұрғындар, шал-кемпір, балалар екенін мәлімдеді. Шын мәнінде Израиль үкіметі жаппай шабуыл жасау арқылы палестиналықтарды этнос ретінде қыру, ал қалғандарын жерінен қуып шығуды көздейді. Халықаралық құқық нормаларын бұзып, қарапайым халықтың қанын төккен еврей сарбаздары бүкіл әлемнің наразылығын тудыруда. Жақында Франция президенті Франсуа ОлландИзраильдің жасап отырған зорлық әрекетін айыптап, Еуропа және Америка Құрама Штаттарына бұл қантөгісті бірігіп тоқтату туралы ұсыныс жасады.

Тарихқа көз жіберсек, 1947 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының № 181 Қарарында Палестина жерін екіге бөліп, араб және еврей мемлекеттерін құру туралы жазылған. Алайда, 1948 жылы 14 мамыр күні БҰҰ құрған комиссияның шешімін бұзып, бір жақты еврей мемлекетін жариялап жіберді. Сөйтіп, Израиль Палестинаның араб мемлекетін құруына мүмкіндік бермей соғыс ашты. Сол арқылы 1949 жылы Палестина жерінің 20 пайызын басып алып, өз территориясына қосты. Өйткені, олардың негізгі мақсаты – Палестина араб жерін тұтасымен Израильдің құрамына қаратып алу. Соның салдарынан Израиль 7 миллион палестиналықтың 3,5 миллионнан астамын өз жерінен көрші араб елдеріне: Египет, Сирия, Ливан, Иордания және басқа мемлекеттерге қуып шықты. Бұндай қатыгездікті Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Израиль үкіметі ғана жасап отыр. Палестиндіктер Араб және мұсылман елдері, бұрынғы Кеңес Одағы, Еуропадағы демократиялық ұйымдардың қолдауымен Ясер Арафаттың басқаруында күресін жалғастырды.

Ақыры, АҚШ-тың мәмілегерлік әрекетінің арқасында Израиль премьер-министрі Ицхак Рабин және Палестина ұлт-азаттық ұйымының төрағасы Ясер Арафат 1993 жылы Норвегияның астанасы Осло қаласында бітімгершілік келісіміне қол жеткізді. «Осло келісіміне» сәйкес Израиль 2000 жылға дейін Палестинаның бөлек дербес мемлекет болуына келісім берді. Американың бұрынғы президенті Билл Клинтон Таяу Шығыс мәселесін оң шешуге көп әрекет жасады. Осыған орай Газа секторынан және палестиналық Иордан өзенінің Батыс жағалауынан оккупациялаушы еврей қарулы күштері шығарылды. Алайда аталған территорияны Израиль әскери блокада жасап, қоршауда ұстады. Бірақ, реванштық пиғылдағы сионистер Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға қарсы шығып, бейбітшілікке жол ашқан өздерінің премьер-министрі Ицхак Рабинды атып өлтірді.

Кейін Израиль мемлекетінің билік басына экстремист, қандықол Ариэль Шарон келген соң «Осло келісімін» бұзып, Палестинаның бөлек мемлекет болу жоспарын тас-талқан етті. Ол Құран Кәрімде жазылған Исламның қасиетті қаласы «Әл-Құдыс» Иерусалимде орналасқан «Әл-Ақса» мешітіне әскермен басып кіріп, ондаған арабтарды атып өлтірді. Бұған арабтар қарсылық көрсетіп, ақыры екі ел арасында соғыс оты қайта тұтанған.

Таяу Шығыс мәселесінде бейбітшілік келісімін алдымен бұзатын Израиль тарапы екенін көруге болады. Экстремистік бағыттағы сионист «Ликуд» партиясының басшысы, қазіргі Израиль премьер-министрі Бенямин Нетаньяху Палестина ұлт-азаттық күресін жүргізуші «Хамас» қозғалысын мүлдем жою мақсатында осы жолғы әскери шабуылды ұйымдастырды. Оккупацияланған Палестина жерінде 3 еврей азаматының өлгенін себеп қылып, олардың өлімін ешбір дәлелсіз «Хамас» мүшелері ұйымдастырған деп жала жапты. Бұның өз себебі бар. Қазіргі уақытта Палестина халқын қорғайтын араб мемлекеттері қатарындағы Сирияда азаматтық соғыс жүріп жатыр. Ливанда тұрақты үкімет жоқ.  Египетте әскери төңкеріс арқылы билікке келген генерал пәрменсіз жағдайда. Иордания корольі  батысшыл саясат ұстанады. Осыны пайдаланған Б.Нетаньяху Палестинаның шаруашылық инфраструктурасын, бүкіл электростанцияларын, жалпы экономикасын, мемлекеттік құрылымын күйрету мақсатында әскери шабуыл жасады.

Израильдің осы заманғы қуатты қарулы күштері, бірде-бір зеңбірегі, танкі, әскери тікұшақтары, жойғыштары (истребителдері), бомбалаушы ұшақтары, (бомбардировшик) әскері жоқ елге шабуыл жасауы – бұл нағыз бір халықты жойып, геноцид жасау деп түсіну керек. Ал, Израиль ақпарат құралдары бүкіл әлемге «палестиналықтар бізді ракетамен атқылап жатыр», деп мүлде жалған ақпарат таратуда. Шындығында басқыншылардан өз жерін, үйін қорғау үшін палестиналықтар шеберханаларда қолдан жасалған «Қасым» деген снаряд-ракеталармен қарсылық көрсетуде. Арабатар бар болғаны полиция қызметкерлерінің қолындағы ескі «Калашников» автоматын пайдаланып жүр.

Өкінішке орай, бұл қантөгісті тоқтатуда Біріккен Ұлттар Ұйымы нақты қадамға бармай отыр, ал АҚШ тікелей Израиль агрессиясын қолдап, жәрдем беруде. Батыс Еуропадағы мемлекеттер Вашингтоннан жасқанып, ашық түрде Палестина халқынының қырғынға ұшырауына көз жұмып отыр. Ресей болса өзі Украинаның Қырымын басып алып, Донецк және Луганск облыстарындағы сепаратистерге жәрдем берумен әлек. Ал, Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысына қатысты позициясы айқын болмауда. Біз «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті» басқарып отырған ел ретінде Израильдің Палестина халқына жасаған агрессиясын айыптап, тоқтатуға іс-әрекет жасамадық.

Израиль әскері Газаны әбден талқандап, халқын қырып, алдына қойған әскери мақсатын орындаған соң енді 72 сағаттық атысуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Бірақ, әскери техникалары Газа секторын қоршап, шекарада даяр тұр. Кез-келген уақытта Газа тұрғындарын атқылауға әзір.

Әлем халқының наразылығын тудырған Израиль агрессиясына қазақ халқы да үн қосып, өз пікірін білдіруі керек.

 

С.Қалдыбекұлы, профессор

Мұрат Алмасбекұлы, журналист

Дерек көз: http://www.qazaquni.kz/?p=27781

...