Бала тәрбиесіне қатысты мәліметтермен,ойларыңызбен, кеңестеріңізбен бөлісесіздер ме?

+1 дауыс
Жанұя бөлімінде 13 Қаң, 2016 белгісіз сұрағын қойды
Бала тәрбиесіне қатысты мәліметтермен,ойларыңызбен, кеңестеріңізбен бөлісесіздер ме? Бала жетістікке жету үшін не істеу керек?

4 Жауаптар

0 дауыс
13 Қаң, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді

Баланың табысқа жетуіне кедергі келтіретін ата-ана тәрбиесіндегі 7 қателік

Көшбасшы болудың қыр-сырын меңгерген, көптеген психологиялық кітаптардың авторы Тим Элмор көптеген зерттеулер жүргізіп, ата-аналар балаларының өз-өзіне сенімсіз болып өсуіне итермелейтін және өмірде жетістікке жетуін тежейтін қандай кері тәрбие беріп жүргенін анықтаған екен.

 

1. Біз балаларға тәуекелге баруға мүмкіндік бермейміз

Біз қоршаған орта қауіпке толы заманда өмір сүреміз. Балаларымыздың әр қадамына алаңдап, олардан көз жазып қаламыз деп қорқып, оларды барынша әлпештеуге тырысамыз. Еуропалық психологтар анықтаған екен: егер балалар далада ойнамаса, егер олар бірде-бір рет тізесін жарып алмаса, онда есейгенде түрлі фобияларға жиі шалдығады.

Бала құлаудың қалыпты жағдай екенін ұғыну үшін ол бірнеше рет құлауы керек. Балаларының тәуекелге бару мүмкіндігінен айыра отырып, ата-аналар олардың бойында тәкаппарлық, мақтаншақтық пен өзін-өзі бағаламаушылық қасиеттерін тудырады. 

2. Тез арада көмекке асығамыз

Бүгінгі заманның жастары 30 жыл бұрын өмір сүрген балалардың бойындағы кейбір қасиеттерге ие емес. Біз тез арада көмекке асығып, баланы қамқорлығымызға алу арқылы оған өз бетінше қиындықты жеңуге мүмкіндік бермейміз.

Ерте ме, кеш пе балалар оларды әрдайым біреу құтқаратынына сеніп алады: «Егер мен қателесіп кетсем немесе мақсатыма жетпесем, ата-анам мәселені тез арада шешіп береді» деп ойлайды олар. Алайда шын мәнінде ересектердің қарым-қатынас құру әлемі өзгеше. Балаларыңыз ересек өмірге дайын болмай шығуы мүмкін. 

Толық: http://bilim-all.kz/article/2713-Balanyn-tabysqa-zhetuine-kedergi-keltiretin-ata-ana-tarbiesindegi-7-qatelik

 

+1 дауыс
13 Қаң, 2016 Есімхан жауап берді
+1 дауыс
11 Ақп, 2016 abaikz (231 ұпай) жауап берді

Мына мақалар да пайдалы болып қалу мүмкін:

Баланы тәрбиелеудің 4 кезеңі

Бақытты балалық шақтың 40 белгісі

0 дауыс
18 Қаз, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді
...