Саусақты қағазбен кесіп алғанда неге қатты ауыртады?

0 дауыс
Жалпы Медицина бөлімінде 24 Қар, 2015 berik258 (316 ұпай) сұрағын қойды
Саусақты қағазбен кесіп алғанда неге қатты ауыртады?

1 жауап

0 дауыс
24 Қар, 2015 (1,002 ұпай) жауап берді

Қағаздың микроскопиялық талшықтарының және сауқсақ терісінің сезімтал рецепторларының кесірінен саусақты қағазбен кесіп алу, басқа зақымдануларға қарағанда әлдеқайда жанға батады.

Бұл ауыртпалықты көбіміз байқаған болармыз? Және де тілік көбіне байқалмайды, оған қоса көп жағдайда қанамайды. Дегенмен неге қатты ауырады?

Мысалы, ұстараның өткір жүзі жараға бөтен бөлшектер қалдырмай, тегіс тілік жасайды. Және мұндай тілік ауру тудыратынымен, әдетте жағымсыз сезім бірнеше минуттан кейін қойып қалады. Ал парақ, тіліп қана қоймай, құрамындағы микроскопиялық талшықтарының көмегімен басқа да ұсақ зақымдар келтіреді.

Бұдан өзге, саусақты қағаз парағымен тіліп алғанда жарада осы талшықтар мен басқа да бөтен материалдардың бөлшектері қалады. Дәл осылар жара аймағындағы терінің ауру рецепторларын қоздырады. Өз кезегінде рецепторлардың көп мөлшері сезімталдықты арттырып, адам азғантай зақым келгеннің өзінде ауруды сезінеді.

Сонымен қатар, болар-болмас тілік қатты қанамайтындықтан немесе тіпті қанамағандықтан, қан жарадан бөтен заттарды «шығара» алмайды, және оған жаңа қоздырғыштар түседі. Мұның бәрі бұдан да зор жарақат алған кездегі аурудан да қатты ауру тудырады.

https://bilim-all.kz/article/1752

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
Жалпы Медицина бөлімінде 19 Шіл, 2016 Құрмантаева Алия сұрағын қойды
0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
Жалпы Медицина бөлімінде 26 Мау, 2016 Арай Маратқызы сұрағын қойды
...