Шашыңыз тез өссін десеңіз…
Қай кезде болмасын ұзын шаштар әрдайым сәнде.Және солай болып қала да бермек. Мәселен, қазіргі таңда қыздардың басым көпшілігі шаштарының ұзын болғанын қалайды. Алайда ол үшін қандай не істеу керек?
Шашыңыз тез өссін десеңіз, мына үш ережені ұмытпаңыз:
• Ұшталған шашты қиып отырыңыз:
• Шашыңызды күніне бірнеше рет тараңыз. Себебі, бұл бас терісінің қан айналымын және шаштың жылдам өсуін жеделдетеді.
• Мүмкіндігінше шашты өсіретін маскаларды жиі қолданыңыз.
Халықтық медицинада жақсы көмектеседі. Мысалы бұрыштық тұнба бас терісінің қан айналымын күшейтіп, шаштың өсуін тездетеді.
Қышыманың жапырағы мен сабағынан қайнатылған қайнатпаны жиі қолданған дұрыс.
Пияз маскасы. 4 ас қасық үккіштен өткізілген пиязбен бір ас қасық балды араластырып, оны бас теріңізге жағып, 40 минут ұстайсыз. Берілген уақыт өткен соң басыңызды сусабынсыз жуасыз.
Қыша (Горчица) маскасы. 2 ас қасық қыша мен зәйтүн майын, сондай-ақ 3 ас қасық айранды қосып араластырамыз. Кейін бұл масканы шашыңызға жағып, 30 минутқа қалдырасыз. Содан соң жылы басыңызды сумен шайыңыз.
Қыша (Горчица) маскасының тағы да бір түр бар. Ол үшін: 2 ас қасық қыша ұнтағы, 2 ас қасық жылы су, 1 сарыуыз, 2 үлкен қасық зәйтүн майын қосып, барлығын араластырыңыз. Бұл масканы бас теріңізге жағып, оны целлофанмен орап тастаңыз. Аталмыш процедураны 15 минуттан 1 сағатқа дейін ұстауға болады. Уақыт өткен соң жылы сумен шайыңыз.
Ажар Мұратқызы
Дереккөз: ozgeshe.kz