Биткоин (Bitcoin, BTC) — орталықсыздандырылған виртуальды валюта. Транзакциясы шифрленетін және қолдану аясы анонимді түрде болғандықтан биткоинды виртуалды «криптовалюта» деп те атайды. Биткоин төлемдерінің желісі толықтай дерлік орталықсыздандырылғандықтан қадағалаушысы болмайды. Жүйенің қызметі мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін криптографиялық әдістер қолданылады.
Биткоинды төлем құралы ретінде пайдалану арқылы тауар сатып алуға, телефон байланысы, не хостинг ақысын төлеуге және тағы басқа төлемдер жасауға болады. Open source негізіндегі ашық код түрінде болғанымен анонимді, әрі сенімді төлем жүйесі ретінде танымал Биткоиндерді сақтау, қабылдау және жіберу үшін жария идентификатор (мекенжай), қажетті баланс пен жасырын кілтсөзден тұратын әмиян қажет. Аударым жасау үшін қабылдаушының идентификаторы ғана сұралады. Идентификатор күрделі мәнді сандар мен әріптер жиынтығынан тұрады. Мысалы: 25роTgА45TeFpT4ZTASvQxf8a1LYLSJa75.
Жеке әмиянда биткоиндер мен жеке жасырын кілтсөз болуы керек. Идентификатор мен кілтсөзді кәдімгі қолданып жүретін логин және құпия сөзбен салыстыруға болады. Идентификаторды жариялауға болады. Ал кілтсөз мұқият қорғалуы шарт. Ұмыт болса, қайта қалпына келтірілмейді.
Әрбір қолданушы өз қалауынша әмияндар құруына болады. Шектеу жоқ. Бастысы, биткоиндері бар болса, болғаны. Әмиян құрү үшін интернетке қосылу қажет емес. Интернет байланысы транзакция жасағанда қажет.
Биткинмен делдалсыз тез операциялар жүргізе алады. Яғни, сатып алушы сатушыға ақшаны тікелей жібереді. Банкке барып не болмаса Киви-әмиянға ақша салып жүрудің қажеті жоқ, тек Биткоиндарды жіберсеңіз болғаны. Жүйедегі монеталар — криптографикалық (математикалық) хэш-кодтар. Олардың әрқайсысы толықтай бірегей және екі рет пайдалану мүмкін емес. Барлық валюталар секілді, Биткоинның да өзінің курсы болады.
Биткоинның негізгі технологиясы – майнинг.