Бір санды бірлік (жәй) санға ойша көбейту үшін (мысалы: 38x6), бұл санның ондық бөлігін бірінші көбейтіп, артынан бірлік бөлігін көбейту керек. Нәтижесінде шыққан екі санды бір біріне қосу керек. Мысалы келтірсек:
38x6 = 30x6 + 8x6 = 180+48 = 228
69x8 = 60x8 + 9x8 = 480 + 72 = 552
Ойша көбейтуде 19x9 көбейту кестесін жатқа білудің пайдасы көп. Кесте төмендегідей:
| 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
11 | 22 | 33 | 44 | 55 | 66 | 77 | 88 | 99 |
12 | 24 | 36 | 48 | 60 | 72 | 84 | 96 | 108 |
13 | 26 | 39 | 52 | 65 | 78 | 91 | 104 | 117 |
14 | 28 | 42 | 56 | 70 | 84 | 98 | 112 | 126 |
15 | 30 | 45 | 60 | 75 | 90 | 105 | 120 | 135 |
16 | 32 | 48 | 64 | 80 | 96 | 112 | 128 | 144 |
17 | 34 | 51 | 68 | 85 | 102 | 119 | 136 | 153 |
18 | 36 | 54 | 72 | 90 | 108 | 126 | 144 | 162 |
19 | 38 | 57 | 76 | 95 | 114 | 133 | 152 | 171 |
Бұл кестені жатқа білетін адамға мынандай көбейтінділерді ойша есептеу қиынға соқпайды:
165 x 8 = 160 x 8 + 5x8 = (16x8) * 10 + 40 = 1280 + 40 = 1320