Химия – тікелей мұсылман ғалымдары тарапынан құрылған ғылым саласы. Химия ғылымын қалыптастырған және оны дамытқандар да мұсылмандар болып табылады. Химияның пайда болған алғашқы дәуірлерде-ақ мұсымандар имбик деп аталған дистилятор құралын жетілдірді. Көптеген заттардың химиялық талдауларын жасады. Көптеген минералдар, сілтілер мен қышқылдарды анықтады. Азот қышқылы, күкірт қышқылы, калий, аммиакты су, амониак тұзы, нитраттар, калий селитрасы, спирт сияқты көптеген күрделі химиялық заттарды ашты. Сонымен қатар сублимация және сынапты ашты. Күкірт және нафтаның алынуын анықтады. Химия саласындағы танымал ғалымдардың бірі Жабир бин Хаййан болып табылады. Тәжрибелерінің нәтижесінде қолданбалы химияға көп жаңалықтар енгізді, жаңа әдістер шығуына және басқа да жаратылыстану ғылымдарында жаңа ой-пікірлер тууына жол ашты.
Сода мен құмнан айна жасап шығарды. Мырышты көмірмен жағып, мырыш қышқылын және жаңа заттар қосып түрлі-түстегі айналар жасады. Сондай-ақ дәнекерлер мен жабыстыру пасталарын сол дәүірлерде жасап шығарды. Әр түрлі металдардың қолданысқа жарамды халге келтіру, болаттың жақсы өңделуін, тері иленуі, су өткізбейтін маталарды лактау, шыны жасауда манган-4-оксидін қолдану, тотығудың алдын алу, алтын түсті бояумен әрлеу, бояулар мен майлардың жасалуы т.б.
Дәрілер жайлы туынды жазғандар да және дәріхана ашқандар да мұсылмандар болатын. Ең атақты дәріханашы Зәкәрия ибнул Тайфури еді.
http://bilim-all.kz/article/2478-Himiya-gylymynyn-paida-boluy