Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаяны керек тауып бересіздер ма?

+2 дауыс
Тұлға, Адам бөлімінде 28 Қар, 2015 Bain (268 ұпай) сұрағын қойды
Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаяны керек тауып бересіздер ма?

4 Жауаптар

0 дауыс
28 Қар, 2015 abaikz (231 ұпай) жауап берді
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Алматы облысының Қаскелең ауданына қарасты, қазіргі Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған селосында (2012 жылы елді мекеннің атауы Үшқоңыр деп өзгертілді) 1940 жылдың 6 шілдесінде дүниеге келген. Бұл селоның тарихы Жетісу облыстық қоныс аудару басқармасы «Верный-Ташкент» поштажолы желісінің Шамалған өзенімен қиылысар тұсынан, Верный қаласынан 36 шақырым жердегі Ресейден келген қоныс аударушыларға арнап Шамалғаннан жер учаскесін бөлген 1907 жылдан бастау алады. Қолайлы жайылымдарымен суаттары, шабындықтарымен жемісті тоғайлары бар бұл маңды қазақтар ежелден-ақ мекендеп келгендіктен, ру ақсақалдары өз иеліктерін тартып алуға наразылық білдіріп, отарлау әкімшілігінің бұл шешіміне қарсылық танытып баққан. Алайда билік олардың пікірін құлағына ілмей, 1910 жылы осы арадан Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы А.В. Самсоновтың тегі бойынша Самсоновское (ауызекі тілде Самсоновка деп аталған) елді мекенінің іргетасын қалайды. 1913 жылдың 1 қаңтарында селода 146 түтін болса, 1925 жылдың 22 желтоқсанына қарай шаңырақтар саны 309-ға жеткен. 1918 жылғы мамырда селоның атауы Шамалған деп өзгертілген. 1940-шы жылдары Шамалған ортасын қақ жара өзен ағып жататын, жолдарына тас төселе қоймаған әрі өн бойында шам да жанбайтын 13 көшеден тұратын кәдуілгі кеңестік селоны еске салатын. Автомобиль мен трактор атаулы мүлде таңсық еді, жұрт ауылда жаяу-жалпы, атпен және арбамен жүріп-тұратын. Жаз айларында ауыл арқылы мал айдалып өтетін, бақташылар табындарын осы жолмен дала жазығынан тау жайылымдарына қарай өргізетін. Кеңес өкіметінің бай-құлақтарды тәркілеуінен кейін, бұрынғы иелерінен қалған тәуір үйлер оншақты ғана еді, өзгелері уақытша салынған баспаналар болатын. Аула мен ауланың арасы 150-200 метрді құрайтын. Селоның ортасында партия ұясының, ауылдық кеңестің, Д.А. Фурманов пен К.Е. Ворошилов атындағы, 1 мамыр және Еңбекші деп аталатын төрт кеңшардың кеңсесі, наубайхана мен мектеп ғимараттары орналасқан болатын.
Бұл өңірге көп ұлтты сипат тән еді: мұнда жергілікті қазақтардан басқа қырғыздар, татарлар, өзбектер, ұйғырлар, дүнгендер тұратын, ал XX ғасырдың басынан — орыстар, украиндар, мордвиндер де тұра бастады. 1930-шы жылдардан бастап Қазақстанға жер аударылып жіберілген халықтардың, ал кейінірек КСРО-ның көптеген өзге де ұлттарының өкілдері қоныстана бастады.

 

Толық: http://bilim-all.kz/article/2485
0 дауыс
01 Жел, 2015 (1,002 ұпай) жауап берді
Елбасының өмірінде орын алған қызықты фактілер:

1. Нұрсұлтан Назарбаев жоғары оқу орнының сынағынан өте алмай қалып, банкте 2 ай қарауыл болып қызмет істеген;
2. 1997 жылдан бері Персеус RA 3h 23v Osd 40* 43 нөмірлі жұлдызы елбасының атында;
3. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі әзірге 10-ақ адамға берілген алтыннан да қымбат бағаланатын ниобийден медаль таққан;
4. Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі Әбіш негізі бидің ұрпағы. Қазақ, орыс және балқар тілдерін жетік білген;
5. Анасы Әлжан қазіргі Қордай ауданы, Қасық ауылындағы молданың қызы болған;
6. Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына орай өмірінде алғаш рет Абай шыңына (4010 м) шықты;
7. Президент 1996 – 2005 жылдар аралығындағы ең ауыр сынағы – 9 жыл бойы көршілермен делимитация жұмысын жүргізіп, тыныш аяқтады;
8. Елбасы бала кезінен жеміс ағаштарын будандастыруды үйреніп, Алматының колхоз базарына алма-алмұрт әкеп сатқан;
9. Нұрсұлтан Назарбаев алғаш 5 жасында атқа мінген, 55 жасында тау шаңғысына тұрған;
10. Президентіміз 1995 жылы үлкен теннисті үйреніп бастады, ал 1996 жылдан бері гольф ойнайды;
11. Елбасының 12 атасы: Әбіш, Назарбай, Еділ, Кембаба, Мырзатай, Айдар, Көшек, Қарасай, Алтынай, Есқожа, Малды-Ыстық, Шапырашты;
12. Нұрсұлтан Назарбаевтың атасы би Назарбайдың 1880 жылдары су диірмені және оған тартылған 214 метрлік арығы болған;
13. Нұрсұлтан Назарбаев атында Иорданияда, Түркияда және Шешенстанда көшелер аталған;
14. Елбасы саяси мемуарлар оқуды ұнатады. Ш.Голль, М.Ататүрік, У.Черчилль өмірлерін түп-тұқиянына дейін зерттеген;
15. Тек 1991 мен 2006 жылдар аралығында президенттің өз атымен 12 кітабы жарыққа шыққан;
16. 1981 жылы Дінмұхаммед Қонаев өзінің мерейтойында Нұрсұлтан Назарбаевты «өзімнің балам» деп таныстырған.
0 дауыс
02 Жел, 2015 berik258 (316 ұпай) жауап берді
0 дауыс
02 Жел, 2015 berik258 (316 ұпай) жауап берді

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
...