Аллергиядан қалай аман қалуға болады? Аллергияның алдын алу жолдары қандай?

+1 дауыс
Жалпы Медицина бөлімінде 11 Ақп, 2016 berik258 (316 ұпай) сұрағын қойды
Аллергиядан қалай аман қалуға болады? Аллергияның алдын алу жолдары қандай?

4 Жауаптар

0 дауыс
22 Мау, 2016 Есет Қилыбаев жауап берді
23 Мау, 2016 таңдалды
 
Үздік жауап

Көптеген адамдар аллергияны тұмау немесе терідегі қызыл бөртпе деп түсінеді. Ыңғайсыз, әрине, бірақ өмір сүруге болады. Алайда, кейде аллергиямен өмір сүру мүмкін емес, мыңдаған адам аллергиядан туындаған анафилактикалық сандырақтан көз жұмады.

Аллергия – иммунды жүйенің белгілі бір ақуыздарға «қате» реакциясы. Адам ағзасы бір қарағанда, зиянсыз (мысалы, гүл тозаңы немесе жержаңғақ майы) заттарды уыттай қабылдап, олармен күресе бастайды. Қарапайым аллергиялық реакцияға ісіну, терідегі бөртпелер мен жөтел жатады. Бірақ, кейде реакцияның ауырлығы соншама, науқастың өліп кетуі мүмкін. Мұндай күйді анафилактикалық сандырақ деп атайды.

1. Сонымен бұл дерттен қалай сақтануға болады?

Анафилактикалық сандырақ кез келген   аллергенге жауап ретінде басталуы мүмкін. Кезең-кезеңімен көрсетсек, оның даму жолы төмендегідей:    

  • Аллерген ағзаға түседі. Мысалы, демалғанда немесе тамақтанғанда.
  • Ағза аллергенді қауіпті уыт деп қабылдап, оған қарсы дене (антитела) түзей бастайды.  Бұл қарсы денелер «токсинды» жоюға тырысады. 
  • Қарсы денелер аллергенмен қосылып, ағзада гистамин бөлінеді. Гистамин – ағзаның түрлі физикалық қызметін реттейтін зат (мұндай заттарды нейромедиатор деп атайды). Атап айтқанда, ол артерия қысымын төмендетіп, тамырларды ұлғайтуы мүмкін.     
  • Тамырлардың ұлғаюы – ағзаның қорғану реакциясы. Тамырдың ұлғаюынан ісіну пайда болады. Ол бөгде аллергеннің таралуын шектейді, ал қан тамырларының кеңеюі қажетті заттар мен реактивті жасушалардың (лейкоциттердің) жылдам жеткізілуін қамтамасыз етеді.  
  • Гистамин тым көп бөлініп, тамырлар ісікпен кептеледі. Қан айналымы азайып, ми мен басқа да органдарға оттегі жеткізілуі шектеледі.    

 2. Оттегі жетіспеушілігі мен тамырдың тарылуы немен қауіпті?

 

  • Ісіктер мен терідегі бөртпе
  • Тыныстың тарылуы
  • Іш ауруы, диарея және құсу
  • Қан тамырының тарылуы. Бұл өз кезегінде миокард инфарктісі мен аритмияның пайда болуына себепші болуы мүмкін. 
  • Есеңгіреу (миға қанның тым аз жеткізілуі)

Анафилактикалық сандыраққа душар болған жүз адамның біреуі қайтыс болады. Көбіне, науқасқа уақытылы жәрдем көрсетілмегендіктен, көз жұмады. 88 пайыз жағдайда жүрек-қан тамыры жүйесінің бұзылуы өлімге әкеледі. 

3. Анафилактикалық сандырақ кез келген аллергиямен ауыратын науқаста болуы мүмкін.

    Сондықтан, оның алдын алу үшін аллергеннен неғұрлым қашық болыңыз. Егер аллергияңыз тым ауыр болса, өзіңізбен бірге сіздің аллерген жазылған карточканы алып жүріңіз.

    Анафилактикалық сандырақтың қандай да бір белгісін байқаған жағдайда, ойланбастан жедел жәрдем шақырып, ауруды қоздырған аллергеннен тезірек арылыңыз. Көптеген жағдайда, уақытында көрсетілген медициналық жәрдем бұл ауыр аллергиялық реакцияға шалддыққан науқасты ажалдан аман алып қалады. 

    4.  Аллергияның басталғанын қалай анықтауға болады?

      • Еріннің шаншып ауруы
      • Қолдың ісінуі
      • Тыныстың тарылуы

      Осындай жағдайларда шұғыл түрде дәрігерге қаралыңыз. Аллергия – өміріңізге қауіпті.

      5. Анафилактикалық сандырақтан дәрі бар ма?

       

      Анафилактикалық сандырақтан ішетін жаңа дәрі әзірге дайындалу үстінде. Мүмкін, жақын арада осы дәрілердің арқасында адамзат анафилактикалық сандырақпен қоса, аллергиядан да толық құтылар. Соңғы мәліметке сәйкес, американдық ғалымдар аллергенді қан жасушасына қосу мүмкіндігіне қол жеткізіпті. Соның нәтижесінде, аллергенмен кездескен ағза оны өз қаны ретінде қабылдап, қарсы дене түземейді. Яғни, ешқандай аллергиялық реакция мүлдем болмайды.      

      0 дауыс
      17 Ақп, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді

      Жаздыкүнгі шаң-тозаңнан, шөптен, қаладағы тозаңнан және тағы да басқалардан аллергияңызды қоздырып аламын деп қорқатындардың қатарынан болсаңыз, бұл мақаламыз сізге арналған. Мұнда біз аллергиялық қозуды қалай азайту керектігін немесе аллергияны қалай ұмытуға болатынын айтып береміз.

      Күнтізбеде мамыр айы және көпшілік жайма-шуақ жылы күндерге қуанып жүр. Ал кейбіреулер гүлдеп жатқан өсімдіктерден аллергиясы қоза ма деп уайымға батып жүр. Олардың уайымын түсінуге де болады. Әрдайым тұмауратып, көзінен жас шығып жүру кімге ұнасын? Тағы бір нұсқасы бар – дәрілік заттардың уытынан таңнан кешке дейін әлсіреп, болдырып жүру. Кейде сол дәрі-дәрмек көмектеспей, осы айтылған кеселдің барлығы жаулап алса ше?  

      Мен сіздерге үшінші нұсқаны ұсынамын. Дәрі-дәрмекті пайдаланбай, басқа жолмен жүру – ас мәзірін өзгертіп, кейбір дәрумен препаратын қосу.

      Тамақтану мен минералы бар дәрумендердің не қатысы бар екенін түсіну үшін, аллергияның не екенін біліп алайық.

      Егер қарапайым тілмен түсіндірсек, аллергия – ағзаның сыртқы «жаулардан» (тозаң, түк, шөп, азық-түлік, тұрмыстық химия) өзін қорғауы. (Пәтерді тазалап шыққаннан кейін қолыңыз қышыса, сіз бұл жағдайды білесіз деген сөз).

      Аллергияның көптеген түрі бар. Ғалымдардың айтуынша, жоғары дамып кеткен елдердің халқы аллергиямен жиі ауырады екен. Мұның да өз себебі бар.

      Біздің иммундық жүйеміз екі бөлікке бөлінеді: бір бөлігі вирустармен күреседі, ал екіншісі – бактериялармен және паразиттермен. Осы екіншісі аллергиялық қоздыруға әкеліп соғады. Егер иммунитеттің қандай да бір бөлігі жұмыс істемей тұрса, ол өз-өзіне тапсырмалар ойлап табады. Сондықтан біздің дезинфекциялық тазалауымыздан бактерия қаншалықты аз болса, соншалықты аллергия өрістеп кетеді деген қауіп бар. Бүгінде дамыған қоғамда паразит өте аз.

      Ал дамымаған елдерде, керісінше, бактерия мен паразит өте көп, сондықтан халықтың иммундық жүйесінің сол бөліктері әрдайым жұмыс істеп тұрады да, олардың жаңа «жауларды» іздеуге уақыты болмайды. Сонда шығатыны, бұл елдерде аллергия өте сирек кездеседі. Осыған байланысты әлемде доңыз таспақұртымен капсулалар сатылады! Жиіркенішті, бірақ факт: мұндай капсуланы ішкеннен кейін аллергия мүлдем жоғалады. Барлық түрі де.

      Сабыр сақтаңыз. Доңыз таспақұрты бар капсулаларды ұсынғалы отырған жоқпын. Жағымдылау әдістері де баршылық. Төменде келтірілген тізімнен бірнеше әдісті таңдап ала аласыз, бірақ бұл нұсқаулықтардың барлығын орындауыңыз тиіс. Тізімдегі қаншалықты көп пунктті орындасаңыз, аллергияңыз соншалықты жылдам жоғалады.

      Бұл әдістерді көптеген адамның қолданып, айығып кеткендерін мәлімдеймін. Оның ішінде менің жақын туыстарым да, диетология жөніндегі клиенттерім де бар. Көпшілігінің аллергиялық қозуы айтарлықтай әлсіреді, ал кейбірі бұл дертті ұмытып та кетті.

      Сонымен, қолымыздан не келеді?

      Сүттен жасалған тағамды рационыңыздан шығарып тастаңыз.

      Себебі сүтті біздің ағзамыз оңай қабылдай алмайды. Бұл лактозадан емес (сүт қанты), сүт ақуызына байланысты. Ол әрең ыдырайды. Ас қорыту процессінде ол пептидтерге бөлінбесе, оны біздің имундық жүйеміз қатер ретінде қарастырады. Осыған байланысты ағза аллергиялық реакциялар туғызады немесе бұған дейін бар болған шөпке, тозаңға және сол сияқты қоздырғыштардың аллергиясын күшейтеді.

      Сүт өнімдерінен бас тартсаңыз бірнеше аптадан кейін жағдайыңыз жақсара түседі, ал кейде одан да ерте айығып кетесіз.

      Мақаланы толық оқу үшін: Аллергиядан дәрі-дәрмексіз құтылуға бола ма?

      0 дауыс
      21 Мау, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді
      Аллергияға шалдыққандардың мән беруі керек болған кейбір жәйттар:

      Үйдегі шаң кенелері ылғалды жерде тез өсіп, көбейетіндіктен, үй ішіне күн түсуі керек, үй іші құрғақ және жарық болу керек.

      Шаңның жиналуына себеп болатын артық заттарды үйде сақтамау керек.

      Құс қауырсынымен толтырылған жастық, көрпе және төсек орындарын мүлдем қолданбау керек.

      Тазалық жұмыстары жасалып жатқанда, аллергиясы бар адам бөлмеде болмауы керек.

      Үйде темекі шегілмеуі тиіс.

      Жататын бөлмеде сән өсімдіктерініңболмағаны дұрыс.

      Ағартқыштар, майлы бояулар, иіссу, парфюм иісі болған жерлерден ұзақ болу керек.

      Грипп, тұмау сияқты аурулар аллергияны қоздыратындықтан, аурудың алдын алу керек.
      0 дауыс
      04 Там, 2016 Ерхан жауап берді

      Елімізде әрбір бесінші адам аллергияға шалдыққан:

      Ұқсас сұрақтар

      0 дауыс
      1 жауап
      0 дауыс
      1 жауап
      0 дауыс
      2 жауап
      Жалпы Медицина бөлімінде 19 Шіл, 2016 Құрмантаева Алия сұрағын қойды
      ...