Жаздыкүнгі шаң-тозаңнан, шөптен, қаладағы тозаңнан және тағы да басқалардан аллергияңызды қоздырып аламын деп қорқатындардың қатарынан болсаңыз, бұл мақаламыз сізге арналған. Мұнда біз аллергиялық қозуды қалай азайту керектігін немесе аллергияны қалай ұмытуға болатынын айтып береміз.
Күнтізбеде мамыр айы және көпшілік жайма-шуақ жылы күндерге қуанып жүр. Ал кейбіреулер гүлдеп жатқан өсімдіктерден аллергиясы қоза ма деп уайымға батып жүр. Олардың уайымын түсінуге де болады. Әрдайым тұмауратып, көзінен жас шығып жүру кімге ұнасын? Тағы бір нұсқасы бар – дәрілік заттардың уытынан таңнан кешке дейін әлсіреп, болдырып жүру. Кейде сол дәрі-дәрмек көмектеспей, осы айтылған кеселдің барлығы жаулап алса ше?
Мен сіздерге үшінші нұсқаны ұсынамын. Дәрі-дәрмекті пайдаланбай, басқа жолмен жүру – ас мәзірін өзгертіп, кейбір дәрумен препаратын қосу.
Тамақтану мен минералы бар дәрумендердің не қатысы бар екенін түсіну үшін, аллергияның не екенін біліп алайық.
Егер қарапайым тілмен түсіндірсек, аллергия – ағзаның сыртқы «жаулардан» (тозаң, түк, шөп, азық-түлік, тұрмыстық химия) өзін қорғауы. (Пәтерді тазалап шыққаннан кейін қолыңыз қышыса, сіз бұл жағдайды білесіз деген сөз).
Аллергияның көптеген түрі бар. Ғалымдардың айтуынша, жоғары дамып кеткен елдердің халқы аллергиямен жиі ауырады екен. Мұның да өз себебі бар.
Біздің иммундық жүйеміз екі бөлікке бөлінеді: бір бөлігі вирустармен күреседі, ал екіншісі – бактериялармен және паразиттермен. Осы екіншісі аллергиялық қоздыруға әкеліп соғады. Егер иммунитеттің қандай да бір бөлігі жұмыс істемей тұрса, ол өз-өзіне тапсырмалар ойлап табады. Сондықтан біздің дезинфекциялық тазалауымыздан бактерия қаншалықты аз болса, соншалықты аллергия өрістеп кетеді деген қауіп бар. Бүгінде дамыған қоғамда паразит өте аз.
Ал дамымаған елдерде, керісінше, бактерия мен паразит өте көп, сондықтан халықтың иммундық жүйесінің сол бөліктері әрдайым жұмыс істеп тұрады да, олардың жаңа «жауларды» іздеуге уақыты болмайды. Сонда шығатыны, бұл елдерде аллергия өте сирек кездеседі. Осыған байланысты әлемде доңыз таспақұртымен капсулалар сатылады! Жиіркенішті, бірақ факт: мұндай капсуланы ішкеннен кейін аллергия мүлдем жоғалады. Барлық түрі де.
Сабыр сақтаңыз. Доңыз таспақұрты бар капсулаларды ұсынғалы отырған жоқпын. Жағымдылау әдістері де баршылық. Төменде келтірілген тізімнен бірнеше әдісті таңдап ала аласыз, бірақ бұл нұсқаулықтардың барлығын орындауыңыз тиіс. Тізімдегі қаншалықты көп пунктті орындасаңыз, аллергияңыз соншалықты жылдам жоғалады.
Бұл әдістерді көптеген адамның қолданып, айығып кеткендерін мәлімдеймін. Оның ішінде менің жақын туыстарым да, диетология жөніндегі клиенттерім де бар. Көпшілігінің аллергиялық қозуы айтарлықтай әлсіреді, ал кейбірі бұл дертті ұмытып та кетті.
Сонымен, қолымыздан не келеді?
Сүттен жасалған тағамды рационыңыздан шығарып тастаңыз.
Себебі сүтті біздің ағзамыз оңай қабылдай алмайды. Бұл лактозадан емес (сүт қанты), сүт ақуызына байланысты. Ол әрең ыдырайды. Ас қорыту процессінде ол пептидтерге бөлінбесе, оны біздің имундық жүйеміз қатер ретінде қарастырады. Осыған байланысты ағза аллергиялық реакциялар туғызады немесе бұған дейін бар болған шөпке, тозаңға және сол сияқты қоздырғыштардың аллергиясын күшейтеді.
Сүт өнімдерінен бас тартсаңыз бірнеше аптадан кейін жағдайыңыз жақсара түседі, ал кейде одан да ерте айығып кетесіз.
Мақаланы толық оқу үшін: Аллергиядан дәрі-дәрмексіз құтылуға бола ма?