Көктем туралы өлеңдер керек

0 дауыс
Өлеңдер бөлімінде 29 Ақп, 2016 Айсұлу сұрағын қойды
Көктем туралы өлеңдер керек, табуға көмектесесіздер ме?
06 Мам, 2017 белгісіз пікір қалдырды
Шуақты көктем туралы өлең жазып бересіз бе

3 Жауаптар

0 дауыс
29 Ақп, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді

Көктем де келер

Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгеретін тіршілік көгереді.
Қу бұтағы арса-арса кәрі еменге,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгереді ауылдың төңірегі.
Ерте кеткен досымның қабірі тұр,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Барлық нұрын көл-көсір төгер енді.
Сағынышын сарыққан, жапа-жалғыз,
Менің жесір жеңгеме не береді?
Көгереді ..
Барлығы көгереді:
Ой да, қыр да, даланың төбелері.
Әлі құрып баратқан ауру досқа,
Осы көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келіп қалар,
Есінетіп, есіртіп, ерікті алар.
Азан-қазан аспанның қоңырауы,
Жақсылықтан тұрса игі беріп хабар...

Мұқағали Мақатаев

0 дауыс
29 Ақп, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді

Көктем

Қызыл-жасыл жалауын желбіреткен,
сел ғып өткен айнала,
келді көктем,
"Шыр айналған дүние өмірімде,
Тәңірің де менмін, деп, ендігі өктем!" -
Қолына алып патшалық бар билікті,
аспаннан да асқақтау ән-күй күтті.
Жартастарға жан бітіп,
кетті-ау дейсің
арғымаққа айналып жал-құйрықты.
Қолтығына тығыла көлді ұрғылап,
бұлдана ма, қайтеді, мөлдір бұлақ.
Шөккен түйе секілді жоталардың
желкесінен жатқандай жел бұрғылап.
Әлі қыза қоймаған құмдарды аяп,
алдияр күн артады шындарға аяқ.
Еркін еді көңілім,
Желпінеді
көктем болып кетсем деп тұрғандай-ақ! 

Сәкен Иманасов

Көктемге қатысты басқа да өлеңдер: сілтеме(көктем)

0 дауыс
07 Сәу, 2017 Жанбай Өзденбаев жауап берді

Көктем неге өкпелі?

 

Мына жылдың көктемі

Айтшы неге өкпелі?

Құшақ жайған кеудемнен

Өтіп кетті өкпегі.

 

Мұнар сәлде асудың

Мұрты сүңгі, ашулы;

Ала тонға басулы

Бәйшешектер шашуы.

 

Жамылғысы – мұздағы,

Көктем әлі ызғарлы.

Желбіреп бір шыға алмай

Мысы кетті қыздардың.

 

Мұңлықтардың сырласы,

Махаббаттың құрдасы

Қайың неге бас шайқап

Тақпай жатыр сырғасын?

 

Көктемеде қауышып,

Әнге бөлер тау ішін

Естілмейді достардың

Көптен бері дауысы.

 

Еске түссе өткенім,

Сезімдердің өткелі-

Жайма шуақ келетін

Бұрынғының көктемі.

 

Өзденбаев Жанбай Шүйіншәліұлы

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
6 жауап
Өлеңдер бөлімінде 24 Ақп, 2016 Арайлым сұрағын қойды
+3 дауыс
12 жауап
+1 дауыс
3 жауап
+3 дауыс
6 жауап
Өлеңдер бөлімінде 05 Жел, 2015 белгісіз сұрағын қойды
...