Тісті қалай ағартуға болады?

0 дауыс
Салауатты өмір салты бөлімінде 24 Сәу, 2016 Ләззат сұрағын қойды
Тісті қалай ағартуға болады?

1 жауап

0 дауыс
24 Сәу, 2016 Samina (152 ұпай) жауап берді

Денсаулыққа зиян келтірмей тісті қалай ағартуға болады? 

Тек кәсіби ағарту ғана тістің түсін ағырақ ете алатынын білген жөн. Ол кабинетте, яғни стоматолог-эстетистің креслосында жасалатын және үйде, яғни стоматолог-эстетистің нұсқаулығымен ұсынылған дәрі-дәрмектердің көмегімен үйде жасалатын болып екіге бөлінеді.

Кабинеттік кәсіби ағарту химиялық, лазерлік және фотоағарту болып бөлінеді. Негізінде, оның бәрі химиялық болып табылады, себебі басты әсер ететін компонент өзгермейді – бұл сутек тотығына негізделген қоспа. Бірақ бірінші жағдайда әсер ету катализаторсыз жүреді, ал екінші жағдайда қоспа әсері лазер сәулесімен катализденеді, ал үшінші жағдайда – жарықпен. Үй жағдайындағы кәсіби ағарту жоғарыда айтылған ағарту қоспасы және арнайы ағаш бездерін пайдалану арқылы, немесе осыған ұқсас қоспаға батырылған ағартатын жолақтардың көмегімен іске асады.

Тістерді ағарту мөлдір болып келетін эмальға емес, тереңірек тіс тіні – дентинге әсер ету есебінен жүргізіледі. Тісіңіздің түсі эмаль арқылы көрініп тұратын дәл осы дентиннің реңкіне байланысты. Дентин табиғатынан ешқашан ақ болмайды. Әдетте ол боялған, пигменттелген болады. Оның түсі ашық-сары мен қошқыл-сары арасында ауытқып тұрады, сонымен қатар сұр немесе алқызыл болуы мүмкін. Кәсіби ағартудың мақсаты дентинді өңсіздендіру болып табылады.

 

Толық: Денсаулыққа зиян келтірмей тісті қалай ағартуға болады?

...