Тісті шөткімен және тіс пастасымен тазалау
Әсіресе баланың тісі шығып жатқан кезде тіс өңезін үнемі сапалы тазартып тұру стоматологиялық аурулардың дамуын тоқтатуда аса маңызды. Тісті күніне кем дегенде екі рет сапалы тіс пастасымен және щеткамен тазалау қажет – міндетті түрде таңертең және кешке тамақтанған соң. Өзіңізге не балаға сай паста мен шөткі таңдауға тіс дәрігері көмектеседі. Төменде қойылған талаптарға назар аударсаңыз, ауыз қуысын күтуге арналған мол тауардың ішінен өзіңізге қажеттісін оңай таңдап ала аласыз.
Тісті дұрыс тазалау
1. Шөткінің түктерін қызыл иекке 45° С бағыттаңыз. Бұндай қозғалыстар қызыл иектегі қан айналымын жақсартады.
2. Жоғарғы және төменгі тістердің барлық сыртқы беттерін және бүйірлерін тазалаңыз.
3. Жоғарғы және төменгі тістердің шайнайтын беттерін тазалаңыз.
4. Төменгі және жоғарғы тістердің барлық ішкі беттерін тазалаңыз.
5. Үлкен азу тістердің беттерін жақсылап тазалаңыз.
6. Күрек тістердің ішкі беттерін және тіс арасындағы қуыстарды мұқият тазалаңыз.
Тамақтану
1. Тіс сау болу үшін қанты аз, витаминдері мен минералдары мол күнделікті дәм қажет.
2. Сүт, ірімшік, ет және жасыл көкөністерде тістің сау әр мықты болып өсуіне қажетті кальций бар.
3. Фторидтер әр тісті қорғап тұратын қатты эмальды қабық үшін қажет. Фторидтер кейде құбырдан ағатын суда, кез келген балықта, сондай-ақ шайда болады.
4. Баланы тіс үшін қауіпсіз шикі көкөністер, жаңғақтар, дәндер, табиғи йогурт, жартылай майсызданған сүт, сүзбе және ірімшік секілді тағамдарға үйретіңіз.
Н.Г.НЕГАМЕТЗИЯНОВ,
медицина ғылымдарының кандидаты,Стоматологиялық балалар емханасының бас дәрігері,
К.Ш.РЫСМАХАНОВА, стоматолог-дәрігер
Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2007(№9). – 4 бет.