Жазғы демалысты, жалпы бос уақытты қалайша тиімді, пайдалы етіп өткізуге болады?

+2 дауыс
Жанұя бөлімінде 22 Мау, 2016 Ақбөпе сұрағын қойды
Жазғы демалысты, жалпы бос уақытты қалайша тиімді, пайдалы етіп өткізуге болады?

4 Жауаптар

0 дауыс
22 Мау, 2016 Арман жауап берді
Жаз айын қалай өткізу керек ? Ең таңдаулы 4 кеңес

Барлығы жазды жақсы көреді. Біздің ағзамызда жазды жақсы көреді: күн сәулесі мол, жеміс-жидектер піскен уақыт, ал егер жолыңыз болса теңізгеде түсетін күндерде болып жатады. Алайда, жаз тек демалыс пен жайбарақат жататын уақыт қана емес, сонымен бірге денсаулығыңызды арттыруға көмектесетін ай болып табылады. Жаздан басқа қай айда біздің бау-бақшаларымызбен дастарханымызда осыншама сол жеміс-жидектер өсіп шығады? Әрине, басқа айларда өседі, бірақ өте қымбат болады. Сондықтанда жаз айы жеміс-жидекті тоя жейтін уақыт деп есептеймін. Жаз айында өзімізге пайда әкелетін қандай әрекеттер жасай алатынымызды көрейік!

Ағзамызды дәрумендерге байытумен қатар денемізді де қалыпқа келтіретін уақыт жаз айы болып есептеледі. Егер жаз басталмас бұрын денеңіздің формасын қалыпқа келтірмеген болсаңыз, қазіргі кез нағыз уақыты болып табылады. Бұл жолда сізге көптеген мүмкіндіктер ашылады!

Біріншіден, жай айы кәуап жейтін ай. Жаз айында кешке таман салқын ауада кәуап жеу сіздің денсаулығыңызға тек пайда алып келеді. Кәуап жеп болғаннан кейін демалып алып, достарыңмен волейбол ойнауға болады. Волейболды ұнатпайсыз ба? Ештеңе етпейді. Футбол ойнауыңызға болады, жақын жерде өзен немесе көл болса су добын ойнауыңызға болады, жүзуіңізге болады. Осы кезде Алматы табиғатына не жетеді, шіркін! Осылайша, сіз бір оқпен екі қоян атасыз. Біріншіден өзіңіз ұнататын кәуапты жейсіз, екіншіден артық калориядан арыла аласыз. Себебі суға жүзу сіздің денсаулығыңызға өте көп пайда алып келеді.

Екіншіден, сізге жазғы демалыс бермесе, отбасыңызды алып кешке қарай демалуыңызға болады. Таза ауа жұтып, өзен жағасындағы кафеге отырып, өзіңіз ұнататын тамақтан дәм тата аласыз. Бұл жердеде пайдалы жақтары өте көп. Біріншіден ойыңыз бөлініп, сергіп қаласыз, екіншіден үйдегілерді ыдыс-жуу секілді шаруалардан босатасыз.

Үшіншіден, жаз айында өте көп шаралар өтеді. Ашық аспан астында өтетін көрмелер немесе елордамыз Астананың туған күні секілді шаралар. Және де жаз айында тағыда жақсылап суға түсіп, жүзіп, шомылуға болады.

Соңғы айтарымыз, қайырымдылықпен айналысыңыз. Ораза айына тұспа-тұс келетін жаз айы қайырымдылық жасап, мұқтаждарға көмек қолын созатын ай. Сондықтанда өзіңізден арылғанын көмек ретінде берсеңіз, өзіңізді бақытты адам ретінде сезінесіз. Ал, бақытты адамның денсаулығыда жақсара түсетіні белгілі.

Дереккөз: kenester.kz
0 дауыс
22 Мау, 2016 Айман жауап берді

Ауыл. Әлбетте, жазды жағажайда, достарың мен сүйгеніңнің ортасында өткізу әлдеқайда қызық. Бірақ шынайы өмірге оралайық. Көбіміз бұл ғажайып уақытты ауылда, төрт түлік малдың ортасында, ата мен әжеміздің қасында өткіземіз.

Ауыл – Манхэттен емес екені мәлім, бірақ мұнда да уақытты қызықты өткізуге болады. Жаз мезгілінде көптеген ауылдасыңның басы қосылады және олармен уақытты қызықты өткізудің амалы табылары анық. Әрі жазда ата-анаң 23.00-ге дейінгі би кеші және уақытты тиімді өткізу керек деген ұстанымдарға көз жұма қарайды. Сондықтан жаздың шексіз, ғажайып күндерін қалай өткіземін десең де өз еркің. Көбінесе ауыл маңында суға шомылуға болатын шағын өзен болады. Ал салқын күнде жағажайда барбекю-пати ұйымдастыруға қолайлы.

Кестелеп тігуді үйренгің келіп жүр ме еді? Немесе акварельмен сурет салуды? Немесе суртке түсіруді? Ауылда өткізетін жазғы каникул – хоббимен айналысатын нағыз уақыт. Ұзаққа созылған жазғы түндерді үстел ойындарын ойнаумен өткізуге болады. Бүгінде ондай ойындардың түр-түрлісі сатылады. Мысалы, «Имаджинариум», «Активити». Табиғатта тығылмаш, «Ақ серек, көк серек», «Ақ сүйек» сынды белсенді ойындармен ойнауға болады. Бұл балалар ойыны сияқты көрінгенімен, бір ойнасаң қызығына кіріп кететініңе біз сенімдіміз.

Қаладан ауылға барарда жақын құрбыңды үйіңе, немесе ата-әжеңнің үйіне қонаққа шақырсаң болады. Әрине, егер құрбыңның ата-анасы жіберсе. Құрбыңды ауылдастарыңмен таныстырып, қызықты күндерді өткізуге мүмкіндік бар.

Ауылда достарың жоқ деген күннің өзінде, интернет қосылған болса, онда мәселе өзінен-өзі шешіледі. Екіншіден, ол жоқ болса, кітап – адамның ең жақын досы екенін ұмытпа. Үшіншіден, жаз мезгілі тіл үйренуге тамаша уақыт. Төртіншіден, күншуақта күнге күйіп, қаладағы достарыңа Түркияға сапар шектім деуге болады. Ең бастысы, жабықпа.

Қала. Жазда қалада болсаң, онда тіпті жолың болды. Өйткені қолыңда интернет бар екеніне сенімдіміз. Демек, демалыстың қалай өткенін де байқамай қаласың. Өйткені, әлеуметтік желіде қаншама көрілмеген фильм мен тыңдалмаған әндер бар. Жарайды, қалжыңды доғарайық. Бұл ғажайып уақытты мониторға үңілумен өткізу аянышты емес пе? Сондықтан диваннан тұрамыз да, басымыз ауған жаққа кетеміз. Мысалы, жақын маңдағы паркке. Онда таза ауамен демалып, карусельдерге отырып, балмұздақ жеп, сымбатты жігіттермен танысуға болады.

Айтпақшы, «басың ауған жаққа» құрбыңды немесе одан да көбін ертіп алуға болады. Осылай көңілдірек және қауіпсіз болмақ. Бұрыннан ұлы тұлғалардың мұражайларын, жалпы мұражай, көрмелерге барғың келіп, бірақ уақыт таба алмай жүрген болсаң, енді тамаша мүмкіндік туып тұр.

Жаз – танымал театрлардың гастрольге шығатын уақыты. Қалаңа келетін театр майталмандарының қойылымдарын жіберіп алма. Киноға жазда күнде баруға болады, тіпті таңғы сеансқа, ал олар, өзің білетіндей, арзанырақ. Жазда түрлі оқыту курстары ашылады. Үйіңе жақын маңдағы курсқа да жазылсаң болады, немесе жаның қалаған үйірмеге барсаң да болады. Есесіне, күзге дейін біліміңе білім қосып, деңгейің көтеріледі.

Қалада жасанды жағажайлар болатынын ескер. Бір демалыста достарыңды ертіп, суға түсіп, көңіл көтеріп қайтсаң болады. Сонымен қатар, жаз мезгілі – азын-аулақ ақша табуға тамаша мүмкіндік. Жазда қандай жұмыстармен айналысуға болатыны жайлы жақында сайтымыздан оқи аласыздар.

Лагерь. Уақыт өткізудің тағы бір тамаша әдісі – жазғы лагерь. Лагерьлер де спорттық, тіл үйрететін, театралды және т.б. болып бөлінеді. Өз қалауыңа және ата-анаңның жағдайына байланысты таңдау жаса. Әлбетте, көпті көрген адам ретінде біз білім беру бағдарламалары бар лагерьді ұсынамыз. Шетелде тіл үйрететін лагерь болса – тіпті тамаша. Біріншіден, жағалауда орналасқан осындай лагерь тауып, екі қоянды бір оқпен атуға болады – тіл үйреніп, суға түсіп дегендей. Екіншіден, әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдармен танысып, достасуға мүмкіндік туады. Үшіншіден, тілді сол ортада жүріп үйрену әлдеқайда жеңіл екені дәлелденген. Сондықтан бір айдан кейін шет тілі туған тіліңдей болып кетеді.

Әрине, мұндай лагерьлер әлдеқайда қымбат тұрады. Бірақ тілдік лагерьге ақшаң жетпесе, көңіліңді түсірме. Қарапайым лагерьлердің де пайдасы мол.

Егер құрбыңды да лагерьге бірге баруға көндірсең, тіпті тамаша. Екеу болып жаңа ортаға бейімделу қиынға соқпайды. Бірақ жалғыз жүріп те жаңа достастық орнатуға болады. Қазір барлық лагерьлерде түрлі секциялар мен үйірмелер қарастырылған. Және бұл өзіңді жаңа салада сынап көруге тамаша мүмкіндік. Егер ұнаса, қалаға қайтқан соң жаттығуларды жалғастыра аласың.

Лагерь – екі күнде бір болатын би кешімен, ойындарымен, үлкен алау түбінде айтылатын әңгімелерімен, жаңа таныстық, достармен ерекше, қызық. Лагерьде 15 күн өткізсең де біраз жағымды естелік жинап қайтасың.

Ата-анаңмен демалыс. Бұл жағдайда көбіне теңіз жағасына аттану қарастырылады. Өйткені, балаға, яғни саған, келесі жылға дейін иммунитетті жақсарту керек. Сондықтан, күн, теңіз ауасы, жағажай мен аз дегенде жеті күн ештеңемен айналыспау қамтамасыз етілген. Мұның өзі керемет емес пе?

Ата-анаңның суретке түсірші, арқама крем жақшы деген шексіз өтініштерінен шаршасаң, байсалды кейіп танытып, қызықты романның желісіне батып кетсең болады. Сенің қызыға кітап оқып жатқаныңды байқап, туғандарың да көп мазаламауға тырысады. Есесіне өзің де пайдалы біліммен сусындайсың.

Ал егер ата-анаң зеріктіретін жағажайдың орнына эксурсиялық, жаңа саяхаттарға қызықса, онда жолың болғаны. Өйткені, мұндай саяхатқа ақша жинау үшін саған бірнеше жыл тер төгу керек. Жастайыңнан ел көріп, жер танығаның өзіңе пайдалы. Көкжиегің кеңейеді, көзқарастарың өзгереді, жаңа өңірлер мен адамдарды біліп, танисың. Тым құрығанда географиядан үздік боласың.

Сонымен қатар, ата-анаңмен демалу – бұл туыстарыңмен жақын болудың алғы шарты. Отбасыңмен демалыс көп уақытқа дейін есіңде сақталып, тамаша естеліктерге негіз болады.

Жорық. Уақыт өткізудің бұл әдісінің бір кемшілігі – кәмелетке толмаған жастарды үлкендерсіз жорыққа жібере бермейді. Сондықтан сендерді алып жүретін үлкен адамды табу қажет болады. Көбіне сынып жетекшімен жорыққа шығуды ұйымдастырып жататын сыныптар бар. Бірақ мұндай тәуекелге баратын мұғалімдер күннен күнге азаюда. Болмай жатса, жорықты 18-ден асқан соң ұйымдастырған жөн.

Ал егер, жорыққа шығуға рұқсат алып, жақын маңнан орман тапсаңдар – жорық нұсқаулығымен бәрің танысып шығыңдар. Біріншіден, ең бастысы – шатыр алу. Шатырға бәрі сыйғанын қарастыру.

Екінші маңызды бөлім – бұл тамақ. Арнайы жорық ыдыс-аяғымен қамтамасыз етіп алу маңызды. Ал егер, жорық бірнеше күнге созылатын болса, бірнеше килограмм жасымық пен консервіленген ет алған жөн. Шайды да ұмытпа. Оған қоса, масадан қорғайтын құрылғы, сіріңке, жаңбыршы, резеңке етік, жемпір, бас киім, консервіні ашатын пышақ, саңырауқұлақ жинайтын себет, аптечка және бос уақытта оқитын кітапты да ала барған жөн. Бірақ жорықта ең бастысы, - бұл, әрине, ер адам күші. Сондықтан, жандарыңа жігіт достарыңды ертіп алыңдар. Әйтпесе, ағашты кім жарады, алауды кім жағады және суды кім тасиды? Олармен бір жағынан қызығырақ та ғой?

Дереккөз: http://massaget.kz

0 дауыс
22 Мау, 2016 Ғазиз жауап берді

Демалыс күндер жақындаған сайын оқу не жұмыстан шаршаған халықтың көңілі көтеріліп, ұзақ күткен демалысты қалай өткізетінін ойлап, армандай бастайды. Бірақ жиі жағдайда демалыстарымыз бірсарынды, үй жинау, киім жуу, ұйықтаумен өтеді. Ал сіздің демалысыңыздың сапалы өтуі келер аптадағы көңіл-күйіңіздің басты факторы екендігін білесіз бе? Келер апта сәтті болу үшін, демалыста жиі орын алатын қателіктерден аулақ болайық.

Бірінші қателік: Түске дейін ұйықтау

Әрине демалысты бәріміз ұйқымызды қандырамыз деп асыға күтеміз. Алайда түске дейін ұйықтаудың нәтижесінде сіздің күн тәртібіңіз бұзылып, дүйсенбі күні таңмен әрең тұратын боласыз. Күн тәртібінің тұрақсыздығы ағзаға жалпы нашар әсер етіп, апта бойы ұйқыңыз қанбай, шаршағандық байқайсыз. Сондықтан демалыс күндері де ертерек жатып, ертерек оянған абзал.

Екінші қателік: Жұмыс поштасын тексеру

Кейбір қызметкерлер демалыста да жұмыс поштасын тексеріп, алдағы аптаға ертерек дайындалуды дұрыс санайды. Бірақ демалыстың аты демалыс, бұл күндері сабақ пен жұмысты ұмытқан дұрыс. Сондай-ақ, поштасын жиі тексере беретін адамдардың жұмысы нәтижелі болмайтындығын мамандар дәлелдеген.

Үшінші қателік: Тым көп тамақ жеу

Жұмыс күндері қарапайым тамақ жеп, демалыста мүмкіндігіңізше көп тамақтану – үлкен қателік. Әрине демалыста тәтті бәліш не ерекше тағам әзірлеген жөн, алайда тоңазытқышты екі күнде босату дұрыс емес. Бұл апта басында асқазанның ауыруына әкеліп, бірнеше күн мазалауы мүмкін.

 

Апта бойы ыдысты, кір киімді жумай, үйді жинамай, сенбі мен жексенбіге сеніп жүресіз бе? Бірақ демалыс уақытын үй шаруаларына емес, достармен кино, театрға баруға, кездесулерге құртқыңыз келмей ме? Ендеше үй шаруаларын демалысқа қалдырмай, уақыт бола қалған кезде тындырып тастауға тырысайық. Осылайша демалысыңызда талай бос уақыт пайда болып, оны жаныңыз қалаған іске құрта аласыз.

Бесінші қателік: Жұмыс жайлы ойлану

Демалыста, әсіресе жексенбінің кешінде, жұмыс пен сабақ жайлы ойлар өзінен-өзі келе бастайды. Олар бір кешімізді мазасыз өткізудің себебі болуы мүмкін. Сондықтан жұмысты еске түсірген сәтте, дүйсенбіге, немесе келесі аптаға жоспар құрып, бұл ойларды тезірек жазып алып, ұмытыңыз.

Алтыншы қателік: Демалысты пайдасыз өткізу

Теледидар қарау, компьютер ойындарын ойнау сынды бос істер пайдасыз екені түсінікті. Дүйсенбі күні демалысыңызға риза болу үшін, бұл күндері пайдалы, жаныңызға жақын істермен айналысыңыз. Белсенді спортпен шұғылданыңыз, көптен көрмеген туыстарыңызға қонаққа барыңыз, сүйікті кітабыңызды қайта оқыңыз.

Демалыс сәтті өтсін!

Дайындаған: Сания Аринова

Төртінші қателік: Күні бойы үй жинау

0 дауыс
22 Мау, 2016 Раушан Айнабергеновна жауап берді

Жаз. Демалыс. Бос уақытта достармен бірге не істеуге болады? Телефоннан не компьютерден бас ала алмай жүрген достарыңыз болса, оларды бірге ала шығатын қандай жоспар құрсақ болады? Достармен немесе тетелес өкен туғандарыңызбен, бауырларыңызбен бірге қайда баруға болады? Бұл сұраққа жауапты бірге іздеп көрейік.

– Бұл пунктерді орындау кезінде, яғни төменде аталған орындарға барар жолда бір-біріңізге логикалық сұрақтар жасырып, ситуациялық сұрақтар қойып жүріңіздер. Бірінші рет жолға шығарда сұрақты біреуіңіз алдын ала дайындап қойыңыз. Келесі жолы екінші адам дайындап келсін.

Волейбол, футбол, баскетбол сынды командалық ойындар достардың бірлігін нығайтады. Ол – бір. Екіншіден, денсаулықтары шымыр етеді. Тек бұл ойындар ғана емес, топқа бөлініп, қазақша күрес өткізуге болады.

– Топ болып театрға немесе киноға бару. Мәдениет ортасына барып, рухани байып қайтыңыздар. Өз қызығушылықтарыңызға байланысты сеансты таңдап, көріңіздер.

Бассейнге бару арқылы бойды жазу мүмкіндігіне ие боламыз. Жүзуді білмейтіндер үшін жаттықтырушының көмегі қажет. Ал қыз балалар өз кезегінде су аэробикасын таңдауы мүмкін.

– Көп оқушы фабрика мен өнеркәсіп орындарының қалай жұмыс істейтініне, заттардың қалай жасалатынына қызығады. Сол себепті, түрлі экскурсия ұйымдастырыңыздар.

Экскурсия демекші, туған өлкенің табиғатын тамашалау үшін, тарихын білу үшін достармен саяхаттауға болады. Азықтарын жинап, ауа райына қолайлы киімдерін таңдап, гитараларын бірге ала шықса, сейіл құрып, тынығып қайтады.

– Шежіре, тарих. Шежірені біліп, арғы аталардың ерліктерін тану үшін көне көз қарияларға баруға болады немесе Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерден көрген жайттарын сұрап, өткенге шегініс жасап, сабақ алуға болады.

Асар. Жаз – көп отбасы үшін құрылыс маусымы. Туған-туыстардың не көршілердің үй құрылысына достарыңызды жинап, көмектесіңіздер. Бір жағынан қызықты әрі көңілді болары сөзсіз. Достық нығайып, денсаулық та шынығып, өнеге де алып жүресіздер.

«Белгілі бір уақытқа дейін мына кітаптарды оқып бітіреміз». Ойынның басты шарты осындай болмақ. Ал кім келесі аптаға дейін шығарманы оқып бітірмесе, ол бәріңізге бірнәрсе жасап береді. Мысалы, сол демалыста үйіне қонаққа шақырады немесе өз қолымен тәтті пісіріп береді.

Логикалық, танымдық сұрақтар әзірлеп, бір-біріңізбен алмасу. 40-50 сұрақты бір-ақ дайындап, бір-біріңізге табыстайсыздар. Апта соңында жиналып, жауаптарды тексересіздер.

...