Қарбызды қалай таңдау керек?

0 дауыс
Тағам, Аспаздық бөлімінде 30 Мау, 2016 Нұрлан сұрағын қойды

Қарбызды аларда таңдауды қалай жасаймыз? Кейін зақым шекпес үшін қарбыздың қандай болғаны тиімді? Қарбызды қалай таңдау керек?

6 Жауаптар

0 дауыс
30 Мау, 2016 Қайрат жауап берді
  • Үлкен, бірақ аса ауыр емес
  • Қолмен тоқылдатқанда қатаң дыбыс шығу керек
  • Қысқанда шытырлау керек
  • Кесіксіз, жарылмаған болуы

 

Қарбыз жабық, шатыры бар жерде,

Жеке тағайындалған орындарда сатылуы тиіс.

Қабығы зақымдалған немесе кесілген қарбыз алмаңыз.

20 см-ден кем емес түпқоймада сатылуы қажет.

Міндетті түрде сатушыдан қарбыздың сапасын дәлелдейтін құжаттарын сұраңыз.

Және сатып алғаннан кейін жуып, тазалап, құрғақ орамалмен сүртуді ұмытпаңыз.

0 дауыс
30 Мау, 2016 Айдын жауап берді
Жалпы, қарбыздың аналығы мен аталығы болатыны белгілі. Аталығына қарағанда, аналығы дәмдірек келеді. Өкінішке қарай, өзіңіз өсірмесеңіз, өнімнің жүз пайыз сапалы екендігіне ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан әсіресе, балаларға берген кезде абай болған жөн. Ең нитраттар жиналатын зиянды бөлігі болып қабығына жақын тұрған жұмсағы саналады, сондықтан балаларға ортасынан кесіп берген жөн. Бірақ 2 жастан кіші балаларға беруге болмайды. 2-3 жастағы балалар үшін 100 грамы жеткілікті болса, 3-6 жастағылар үшін 150-ден асырмау керек. Сонымен, оның адам денсаулығына пайдасына тоқталатын болса, адам ағзасына қажетті бір күндік магнийді бар-жоғы 150 грамм қарбыз қамтамасыз ете алады екен. Өйткені оның құрамында магний өте көп.
0 дауыс
30 Мау, 2016 Байменова Жанар жауап берді

Қарбыз алар кезде мына кеңестерді есте ұстау керек.

-Піскен қарбыздың ақ жолағы жалпақ болады әрі жолағы қанық болуы тиіс;
-Қарбызды шертіп көрген кезде дауысы анық шығуы керек;
-Сыртында қоңыр-қара дағы бар немесе жырылған қарбызды көрсеңіз мүлде жоламағаныңыз жөн;
-Ірі әрі салмағы ауыр қарбыз жақсы піскен;
-Қарбызды сондай-ақ, жеміс сабағына қарап та таңдауға болады. Егер жеміс сабағы шірімеген болса онда ол жаңа жұлынып әкелінген және іші де түспеген;
-Қарбызда болатын сары дақтар оның толық піскенін білдіреді;
-Қарбыздың сырты жылтыр болса да жақсы піскендігінің белгісі.

Мамандар көбіне-қауын қарбызды тамыз айынан бастап жеуге кеңес береді. Сатылымға ерте түскен қауын-қарбыздардың құрамында нитраттар шамадан тыс болады. Егер қарбыз сатып алған болсаңыз сыртын жақсылап жуу керек. Кесілген қарбыз алты сағаттан артық тұрып қалған болса жемегеніңіз жөн. Сонымен қатар, сатып алар кезде сатушыға қарбызды кесіп беруін өтінбеңіз. Ол жерге микроб түсіп, өткір ішек инфекциясы ауруын тудыруы әбден мүмкін.

0 дауыс
30 Мау, 2016 Қаламқас жауап берді

1) Жақсы қарбыздар орташа көлемді болады. Тым үлкендерін таңдаудың қажеті жоқ. Оларды жасанды жолмен өсірген болуы мүмкін. Ал кішілері дәмсіз болады. Сол себепті 5-7 келілігі жарайды.

2) Қарбыздың толық піскендігін шертіп көру арқылы анықтауға болады. Жаңа піскен қарбыз жұмсақ дауыс береді. Және қабығында сары төбелінен басқа жапырылған немесе сызат жері жоқ болады.

3) Қарбызды астынан және үстінен кішкене қыссаңыз, қыршылдаған дауыс пайда болады. Бұл да қарбыздың жаңа піскендігінің белгісі.

4) Қарбыздар да «ұрғашы, еркек» болып екі топқа бөлінеді. Ұрғашылары дәмдірек.

5) Төбесінде жіпшесі міндетті түрде болуы керек. Егер жіпшесі жасылдау болса, әлі піспегені. Ал егер құрғақ әрі сары түсті болса толықтай піскені.

6) Жол бойында тұрған, сатушының кесіп дайындап қойған қарбызын сатып алмаңыз. Өйткені, жемістер шаң-тозаңды тез сіңіреді. Ал сатушы кесіп қойғанына бактериялар түскен болуы мүмкін.

7) Сатып алған қарбызыңыз дәмсіз болған жағдайда алған жеріңізге барып, басқасын талап етпеңіз. Ол жерде барлығы бірдей химикаттармен өсірілуі мүмкін.

0 дауыс
30 Мау, 2016 Айдар жауап берді

Тамағамтанушылар мен дәрігерлер ол жемісті  көбіне жаздың соңғы айынан бастап жеуге кеңес береді. Ерте сатылымға түскен қауын-қарбыздардың құрамында нитраттар шамадан тыс болады. Қарбыздың сыртын жақсылап жуу керек.Негізіген  кесілген қарбызды 6 сағаттан артық сақтауға болмайды. Көптеген тұтынушылар қарбызды таңдай алмағандықтан оны тіліп көрсетуге ұсыныс айтады. Ол дұрыс емес. Себебі қарбыздың сырты мен сатылым орнына жеткенге дейінгі «тарихын» сіз білмейсіз ғой. Егер қарбыз лас жерлерде болса, тілінген тұсқа микроб түсіп, өткір ішек инфекциясы ауруына шалдығуыңыз мүмкін.

0 дауыс
08 Там, 2016 berik258 (316 ұпай) жауап берді

Қарбызды қалай таңдаймыз:

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
...