Түрлi пирогтарды қалай жасауға болады? Рецепттерн айтыңыздаршы?

+2 дауыс
Тағам, Аспаздық бөлімінде 03 Жел, 2015 Мира сұрағын қойды
Түрлi пирогтарды қалай жасауға болады? Рецепттерн айтыңыздаршы?

3 Жауаптар

0 дауыс
03 Жел, 2015 Жасмина жауап берді

Шәйға ұсынатын бұл пирог тез дайындалып қана қоймай, тәтті дәмімен ерекше.

Бізге керегі:

  • 200 гр сары май не маргарин;
  • 3 дана жұмыртқа;
  • 1-1,5 стақан қант;
  • 1 ас қасық мак;
  • 2-2,5 стақан ұн (елегіштен өткен);
  • 10-15 гр қопсытқыш (разрых.);
  • ванилин мен жержаңғақ.


Дайындалуы:
Алдымен маргаринді жәй отта ерітеміз, оның үстіне қант қосамыз. Қант еріген соң жұмартқаларды жарып саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, мак қосамыз.

Одан кейін ұнды елеп сала бастаймыз, арасында қопсытқыш пен ванилинді қосуды ұмытпаған жөн. Ұнның барлығын салып болғаннан кейін, біркелкі қоспа болғанша араластырамыз. Дайын қоспаға аршылған жержаңғақ қосып, 180-200 градус температурада 20-25 минут пісіреміз.

Аз уақыттың ішінде пирогымыз да дайын, үстіне қант ұнтағын сеуіп, сәл суытып дастарханға ұсынуға болады. Ас болсын! :)

+1 дауыс
03 Жел, 2015 Жасмина жауап берді

"Инь & Янь" пирогы 

Бұл белгімен ұшыраспаған адам кемде-кем болар. «Инь янь» деген атауға ие бұл белгінің мағынасы көбіне қарама-қайшылықты білдіреді: жақсылық пен жамандық, ақ пен қара, шындық пен жалған, еркек пен әйел, жарық пен қараңғылық т.с.с. Бұл ежелгі Қытай елінің белгісінің мағынасы әр аймақта түрліше келтірілген, бірақ түпкі мән — қарама-қарсы дүниелердің тоғысуы. Қазаққа жат бұл белгі туралы терең зерттеу жүргізбей, сипаты осы іспеттес мәзір ұсынғанды жөн санадым. Сонымен…

Құрамы:
қамыр үшін:

  • 1,5-2 стақан ұн;
  • 0,5 стақан қант;
  • 200 гр сары май/маргарин;
  • 1 шай қасық ас содасы (сөндірілген) не қопсытқыш;


салма үшін:

  • 400-450 гр сүзбе;
  • 3 дана жұмыртқа;
  • 0,5-1 стақан қант;
  • ванилин, мак, қант ұнтағы, какао;

Дайындалуы:
Қамырға қажетті ұн, маргарин, қант, қопсытқышты үлкен ыдыста араластырып, алақанымызбен ысқылай отырып, үгілмелі қамыр дайындаймыз. 

Салманың заттарын да өзара біріктіріп араластырып қоямыз.
Пирог пісіретін ыдысты алып, алдымен астына үгілмелі қамырдың 1/3 бөлігін саламыз.

Қалған қамырымыздың 2/3 бөлігімен салманың бетін толық жауып шығамыз.

Енді «инь янь» белгісіндей етіп какао ұнтағын сеуіп шығамыз. Ыстық пеште 180 градус температурада 20-25 минут пісіреміз. 

Дайын болған пирогтың үстіне қант ұнтағын сеуіп әрлейміз. Мәзір дайын!

0 дауыс
03 Жел, 2015 (1,002 ұпай) жауап берді
04 Жел, 2015 өңдеу жасады

Бізге керегі:

  • 3 жұмыртқа;
  • 1 стақан қант;
  • жарты стақан сұйық май;
  • жарты стақан сүт;
  • 1 пакет қопсытқыш (разрыхлитель);
  • 1,5 стақан ұн.

Кремге:

  • 200 гр қаймақ 15%-20%
  • жарты стақан қант
  • ванилин

Дайындалуы: жұмыртқаларды жарып миксермен көпіртеміз. Кейін қант қосып ақ көбік болғанша араластырамыз. Кейін май, сүт, қопсытқышты қосып бір араластырып аламыз. Ұн қосамыз. (қалауыңызға қарай мейіз, жаңғақ қосуға да болады). Дайын болған қоспаны 180 градус температурада 30-35 минут пісіреміз. Пирог дайын болғанша крем дайындаймыз. 200 гр қаймаққа қант, ванилин қосып араластырамыз. Пирог дайын болған кезде суытып, көлденеңнен ұзын пышақпен бөлеміз. Ортасына кремнің жартысын жағамыз, қалған кремді пирогтың бетіне жағамыз. Қалауыңызға қарай пирогтың бетін жеміс-жидектермен безендіруге болады (киви, апельсин әдемі көрінеді, үстіне қара шоколадты теркадан өткізіп себуге болады). 

Ұқсас сұрақтар

...