Жүзу. Жүзуді уйрену. Суда дұрыс жүзу.

+3 дауыс
Жалпы спорт бөлімінде 01 Шіл, 2016 berik258 (316 ұпай) сұрағын қойды
Жүзу. Жүзуді уйрену. Суда дұрыс жүзу. Жүзіге қатысты пайдалы мәліметтер. Жүзудің неше түрі бар? Жүзудің қандай пайдалары бар? Суға жүзуді тез арада қалай үйренуге болады? Егер жүзуді білсең қалай дамытуға болады?
23 Қаз Kellyrom пікір қалдырды
Удобрения — это неотъемлемая часть ухода за растениями. Они помогают улучшить структуру почвы, насытить ее необходимыми питательными веществами и обеспечить растения всем необходимым для их полноценного роста и развития.
Одним из самых популярных и эффективных средств является удобрение Фертика, которое заслужило доверие садоводов и фермеров благодаря своим высококачественным составам и отличным результатам. А Вы пробовали <a href=http://www.bisound.com/forum/showthread.php?p=2861827#post2861827>уралхим удобрения? Поделитесь опытом</a>
23 Қаз Matthewunuff пікір қалдырды
Special Dessert Decorating Workshops in South Florida
 
adult cake decorating parties are expanding as more adults look for hands-on ways to celebrate. From women’s cake decorating events to partner decorating events and even bridal shower decorating parties, these events transform ordinary gatherings into hands-on experiences that friends enjoy.
 
 
[url=https://frostandsprinkle.com/franchise/]kids cake decorating party in boca raton[/url]
 
[url=http://silviamayoral.com/blog/nueva-web/]How Corporate Team Building Across WPB Is Evolving in the Modern Era[/url] 7af2176
3 күн бұрын SamuelBlult пікір қалдырды
производство моделей по индивидуальному заказу; комплексное оснащение тренажерных залов с учетом их специфики; гарантию на любые тренажеры, поставляемые для спортивных комплексов, профессиональных бодибилдерских и др.; доставку во все регионы России; гибкую систему скидок и бонусов, в результате чего снижается стоимость силовых систем в целом; гарантийное и послегарантийное обслуживание; индивидуальный подход к клиентам https://sport-i-slife.ru/shop/myachi/myach-gimnasticheskij-massazhnyj/
 
Делаем спорт доступным! Здоровый образ жизни – это спорт https://sport-i-slife.ru/shop/oborudovanie-dlya-fitnesa-i-jogi/pamp-shtanga-pro-20-kg/
  АТЛАНТ-СПОРТ – это спортивный интернет-магазин с доступными ценами https://sport-i-slife.ru/shop/batuty/skladnoj-mini-batut-36-s-ruchkoj-diametr-92-sm-sumka-zelyono-zhyoltyj/
  Выбирайте нужное из полного списка наименований, оформляйте заказ непосредственно на сайте, и мы доставим вам товары в оптимальные сроки, в удобное для вас время https://sport-i-slife.ru/shop/volejbol/myach-volejbolnyj-molten-v5b1502-o/
  С нами Вы экономите время и деньги!
Сайт "Евро-спорт" избавляет от такой необходимости, предоставляя следующие преимущества:
Документ о технологическом качестве и безопасности продукта выдается авторитетной компанией TUV SUD, которая работает на мировом рынке с 1866 года https://sport-i-slife.ru/shop/oborudovanie-dlya-fitnesa-i-jogi/gantel-v-vinilovoj-obolochke-3-kg/
  Концерн TUV SUD уже более 150 лет осуществляет сертификационную деятельность в сфере технологических процессов во всем мире и приобрел заслуженную репутацию непререкаемого эксперта, проводящего испытания новой технической продукции и выдающего сертификат TUV, подтверждающий безопасность и надежность новейших технологий https://sport-i-slife.ru/t/oborudovanie-sportivnyh-ploschadok/
 
самый большой выбор спортивного инвентаря и оборудования в России низкие цены яркий дизайн товаров для фитнеса контроль качества на всех этапах производства разработка и тестирование продукции профессионалами https://sport-i-slife.ru/shop/volejbol/myach-volejbolnyj-na-rastyazhkax-gala-jump/
 
Контроль https://sport-i-slife.ru/shop/igrovaya-zona/stojki-basketbolnye/stojki-basketbolnye/
10 сағат бұрын JeromeVarry пікір қалдырды
Planning a trip can be a daunting task, especially when it comes to choosing the right transportation. Whether you're traveling for business, pleasure, or any other purpose, there's one option that stands out from the rest: rent a car with driver. This solution offers numerous benefits that can make your journey more comfortable, efficient, and stress-free.  One of the main advantages of choosing to [url=https://www.nutrizioneideale.it/airport-town-car-service-from-bellevue-and-57/]rent a car with driver[/url] is the convenience it provides. You no longer have to worry about navigating unfamiliar roads or dealing with traffic. The driver, who is often a local expert, knows the best routes to take to ensure you reach your destination in the shortest time possible. This can be particularly beneficial if you're in a rush or have a tight schedule to follow.  Moreover, renting a car with a driver offers a high level of comfort. You can sit back, relax, and enjoy the ride without having to focus on the road. This can be particularly beneficial during long journeys, as driving for extended periods can be tiring and stressful. With a driver at the wheel, you can use the travel time to catch up on work, read a book, or simply enjoy the scenery.  Safety is another important factor to consider. Professional drivers are trained to handle a variety of driving conditions and situations. They follow all the traffic rules and regulations, ensuring your safety throughout the journey. Additionally, the cars are well-maintained and regularly inspected to guarantee their optimal performance and reliability.  In conclusion, choosing to rent a car with a driver can greatly enhance your travel experience. It offers a perfect blend of convenience, comfort, and safety, making it an ideal choice for both short and long journeys. So, the next time you're planning a trip, consider this option and enjoy a hassle-free and enjoyable ride.

16 Жауаптар

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Фариза жауап берді

Суға секіру – су спорты түрінің бірі. Жарыстарда трамплиннен (1 м, 3 м) және мұнарадан (5 м, 7.5 м, 10 м) секірулер орындалады. Спортшылар секіру кезінде ауада айналу, бұрылу секілді акробатикалық қимылдарды орындайды. Төрешілер спортшылардың бұл қимылдарының және суға кіруінің қалай орындалғанын, сонымен бірге синхрондық секіру жарыстарында қимылдарды екі спортшының бірдей орындау үйлесімділіктерін бағалайды.

Суға секіру жарыстарын әуесқой жүзуден Халықаралық Федерациясы (ФИНА) өткізеді. Суға секіру спорты су спорты түрлері бойынша әлем чемпионаттарының бағдарламасына кіреді. Алғаш рет Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1904 жылы үшінші Олимпиада ойындарында енді. Синхрондық секіру 2000 жылы Сиднейдегі Ойындар бағдарламасында пайда болды. Қазіргі уақытта Олимпиада бағдарламасында 3 метрлік трамплиннен және 10 метрлік мұнарадан секіруден 8 жинақ медаль сарапқа салынады (4 медаль жинақ ерлерде, 4 жинақ медаль әйелдерде).

Әлем және Еуропа чемпионаттарының бағдарламасы 10 жарыстан әрі трамплиннен жеке секірулерден тұрады. Олимпиада және Әлем чемпионаттарын қосқандағы ірі жарыстар үш кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең өткеннен кейін ширек финалда 12 спортшыны шығаратын, үздік 18 қатысушы анықталады. Алғашқыда финалдағы алынған ұпайлар саны, ширек финалда алынған ұпайлар санымен қосылып есептелген болатын, алайда FINA 2007 жылдан бастап жаңа ереже қабылдаған болатын, яғни финалда ұпайлардың саны нөлден басталатын болды. Әр кезеңде спортшылар кезекпен 5 немесе 6 секіру қимылдарын орындайды. Әр кезеңнің басталар алдында спортшылар секіру бағдарламасын хабарлайды, ал төрешілер секірудің қаншалықты қиындығын анықтап, әр секіруге коэффициент бекітеді. Жарыс кезінде бір секіруді басқа секіру түрімен ауыстыруға немесе олардың орындалу тәртібін ауыстыруға рұқсат берілмейді.

Жеке жарыстарда әр секірудің 0-ден 10 ұпайға дейінгі бағасын жеті төреші қойғаннан кейін, екі жоғары және екі төмен бағалар алынып тасталып, ал қалған үштік секіру қиындығының коэффициентіне көбейтіледі. Синхрондық секірулерді 9 төрешіден тұратын ұжым – екі төрешіден - секіруді орындау техникасын, ал қалған бес төреші тек секіру үйлесімділігін (синхронность) бағалап, жоғары және төмен бағалар алынып тасталынады, ал қалған баға секіру қиындығының коэффициентіне көбейтіледі. Төрешілер секіру техникасын бағалар кезде секіру кезіндегі екпінге (екпін тік жолақ бойы орындалу, кемінде 4 адым жасау қажет) және денені ұстау қалпына, итерілу кезіне, секіру кезіндегі әр түрлі қимылдарды орындай алуына, суға кіру кезіне (тік және судың шашырауы аз болуы қажет) қарайды.

Трамплин – ұзындығы 4,8 м, ені 0,5 м болатын, бір жағы бассейннің жиегіне бекітілген, арнайы серіппелі тақта. Трамплиннен секіру кезінде спортшы бірінші трамплинде бір орында тербеліп барып, бар күшімен итеріледі. Трамплин үстінде сырғанап кетуден қорғайтын жабқыш болады әрі су деңгейінен 1 немесе 3 м биіктікте орнатылады.   

Мұнара (вышка) бірнеше платформалы және әр түрлі биіктіктегі: 1, 3, 5, 7,5 және 10 метрлік мұнаралар болады. Әр платформаның ені – 2 м, ұзындығы – 6 м.

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Фариза жауап берді

Секіру түрлері

Тік тұру:

  • алдыңғы жақпен (суға бетпен қарап тұру);
  • артқы жақпен (суға артпен тұру);
  • қолмен тұру.

Екпін:

  • бір орында секіру;
  • екпінмен секіру.

Адам денесінің қалпы:

  • иіліп тұру – аяқтар қосылып тұрады;
  • бүгіліп тұру – тұлға белден бүгіліп, аяқтары тік болады;
  • топтасу – бірге қосылған тізелерді өзіне қарай жинап, қолдары аяқтың төменгі бөлігін құшақтап тұрады.

Айналу және бұралу:

  • жартылай айналу - дененің 180 градусқа көлденең айналып секіруі;
  • айналым – дененің 360 градусқа көлденең айналып секіруі және 1,5, 2, 2,5, 3 және 3,5 айналымдары;
  • жартылай бұралу - дененің 180 градусқа көлденең бұралып секіруі;
  • бұралу - дененің 360 градусқа көлденең бұралып секіруі және 1,5, 2, 2,5 және 3 бұралулар жатады.

Әр түрлі қимылдың қиылысуы трамплиннен секірудің 60 түрін және мұнарадан 90 түрін орындауға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы суға секіру спорт түрі
947 жылдың жазында қазақстандықтар суға секіруден жарысқа алғаш рет қатыса бастады. Келесі жылдан бастап суға секіруден Д. Каракай, В. Шепот, М. Скоробогатов, Т. Овчинников сынды және т.б. да спортшылар шықты. Суға секіру жарысының дамуында және спортшылардың шеберліктерін жоғарылатуда дәстүрлі түрдегі Орта Азия және Қазақстан Республикаларының Спартакиадасы, сонымен қатар республикамыздың спартакиадалары мен чемпионаттары үлкен роль атқарды. 1952 жылы  ҚазИФК кафедрасы оқу жұмысы барысында суға секіруде «құрғақ» трамплинді қолдану әдістемесін әзірлеп шығарды. Бұл әдісті қазіргі кезде де  қолданады.

Республикамызда алғашқы қысқы жүзу бассейні 1957 жылы Қарағандыда ашылған болатын. 1957 жылы алғаш рет қазақстандықтар суға секіру жарысына Рига қаласында өткен мектеп оқушылары Спартакидасында қатысты. Олар: А. Жданов, Я. Семенов, Ю. Жиленко, Л. Воробьева, Г. Михеева, С. Жданов, Н. Сухин. Т. Бадрызлова мен В. Шалюгина - КСРО құрама командасының мүшелері, ХДСШ Д. Бондаренко, И. Бондаренко, СШ Л. Оленева, С. Новикова, Е. Балдин - КСРО жасөспірімдер құрама командасының резервтер қатарында, Д. Бондаренко, И. Бондаренко, А. Семитов, Н. Орлова - Азия чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері болды. Қазақстанның құрама командасы Ю. Зеленин, О. Мусин, Н. Кравцова және т.б. жас әрі талантты спортшылармен толықты. 1961 жылы Мәскеудегі жазғы кәсіподақтар Спартакиадасында Қазақстан командасы: Г. Михеева, А. Скибы (Алматы), Н. Кравцова, Ю. Зеленин, В. Волжин, О. Мусин  (Қарағанды), В. Булгаков (Шымкент) – Мәскеу, Санк Петербург, РФ және  Украина командаларынан кейінгі 5-орынға ие болды. Бұл қазақстандықтар үшін үлкен жеңіс болды. 1963 жылы КСРО халқының III Спартакиадасында біздің спортшылар (суға секіруден) 6-командалық орынға қол жеткізді. 1970 жылы Ю. Гришин КСРО кубогын жеңіп алды, сонымен қатар В. Тощенко, 1974 жылы А. Гендриксон КСРО чемпионаттары атанды. Б. Еньшин бүкілодақтық жарыстарда бірнеше рет жеңіске жетті. 1972 жылы С. Санджиев пен В. Хатченко жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жүлдегерлері атанып, 1998 жылы И. Выгузова Әлем кубогын жеңіп алды.

Синхрондық жүзу — әуенмен әр түрлі қимыл жасайтын, нәзік әрі әдемі су спортының бір түрі. Бұл су спорт түрі оңай көрінгенмен, ерекше дайындықты қажет етеді. Спортшылар тыныс алуын әрдайым бақылауда ұстап шыдамды әрі епті, шымыр және шыңыққан болып келеді.

Тарихы
Синхрондық жүзу алғашқыда су балеті ретінде танылып, 1920 жылы Канадада шықты. Келесі жүз жылдықта бұл су спорт түрі АҚШ-да да дами бастады, тек 1984 жылдан бастап Лос-Анджелестегі ойындарда олимпиада спорт түрлері қатарына толық енді.

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Фариза жауап берді

Синхрондық жүзу спорт бағдарламасы техникалық (міндетті түрде) және ұзақ (ерікті) бағдарламадан тұрады. Бірінші жағдайда спортшылар бекітілген тәртіппен белгіленген қимылдарды орындайды. Ұзақ бағдарламада әуен немесе би композициясында шектеу жоқ. Синхрондық жүзуге баға беру мәнерлеп сырғанаудағы төрешілердің баға беруіне ұқсас. Спортшылардың қимылына баға беретін қазылар алқасы екі топ төрешіден тұрады. Бірінші топтағы 5 төреші -  бағдарламаның орындалу техникасына баға берсе, екінші топтағы 5 төреші – артисттік шеберлігіне баға береді. Ең жоғары ұпай 10 баллдық жүйемен есептеледі.

1992 жылғы Барселондағы Олимпиада ойындарына дейін синхрондық жүзу жарысы бағдарламасы жеке және жұптық жаттығулардан ғана тұрды. Кейіннен 1996 жылы Атлант ойындарында синхрондық жүзуден олимпиада жарыстары бағдарламасында өзгерістер енгізілді, жеке және жұптық жаттығулар алынып тасталып, топтық жаттығулар енгізілді. Бұл жарысқа қатысқан әр мемлекет командасының құрамы он спортшыдан тұрды. Алтын медальдарды – АҚШ құрамасы, күмісті – Канадалықтар, қоланы – Жапония командасы жеңіп алды.

Жүзуге арналған киімдер: бассейнде киетін бас киім, көзілдірік, спорт купальнигі жүзу кезінде қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан да жүзу кезінде киімді дұрыс таңдай білу қажет. Әйелдер купальнигі денеге тығыз киіліп, жабысып тұруы шарт. Бассейнде жүзуде жабық спорт купальнигін таңдаған жөн. Ерлерге арналған киімдерді және әйелдер купальнигін таңдар алдында оның қандай матадан тігілгеніне көңіл аудару қажет. Жүзуге арналған бас киімнің ішінде шаш жиналып тұрады, шашты хлордың әсерінен  сақтап, шашты құрғақ ұстайды. Жүзуге арналған көзілдірік көзді хлордың әсерінен қорғап, суда дұрыс көруді қамтамасыз етеді. силиконнан жасалған жұмсақ обтюраторлы жаттығу көзілдірігі жүзуге және аква-фитнесқа арналған. Жарыстарға қатысатын кәсіби жүзушілер старттық көзілдірік, ал көзі нашар көретін адамдар – жүзуге арналған диоптриялы көзілдірік киеді. Көзілдірік линзасының түсі әр түрлі болуы мүмкін әрі UV-фильтры және булануды болдырмайтын қабаты болады.  

Көптеген кәсіби Жаттықтырушылардың көзқарасымен қарағанда болашақта шебер жүзуші тәрбиелеп шығару үшін баланы 6 -7 жастан бастап жүзуге үйретуге болады.

0 дауыс
01 Шіл, 2016 Қайрат жауап берді
Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады.

Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға бара жатса, оны құтқара да біледі.

Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.

Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады.

Жүзудің денсаулыққа әсері. Жүзу – дене шынықтыру үшін нәтижелі әдістерінің бірі. Ол тұрақты тазалық дағдыларын қалыптасуын мүмкіндік туғызады.

Судың температурасы адамның дене қызуынан қан уақытта да төмен болады, сондықтан су ішіндегі адамның денесінен ауа кеңістігіне 50-80% артық жылу тарайды. Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртұы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Ал жүзу өзен-көлдеде өткізілетін болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсер етеді.

Жүзу – жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін жетілдіруге жақсы әсерін тигізеді. Жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрге адамның жүрек соғуы минутына 72-ден 48-50-ге дейін сирейді, ал қанның көлемі жүрек бір соққанда 70-80 мл-ден 120-140 мл-ге дейін көбейеді.

Жүзу тыныс жүйелерін нығайтып, оның жұмысы дағдыландырып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. Мысалы, жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген спортшылардың өкпесінің сыйымдылығы 4000-7000 см 3 дейін, кейде одан да көбірек ұлғаяды.

Судың тығыздығына байланысты тыныс алу, дем шығару қиындайды, тыныс алу судың қысымына, ал дем шығару судың кедергі күшіне байланысты.

Жүзу жүйке жүейсін бекітіп, адамның ұйқысын, асқа тәбетін жақсартады, сол себептен дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады. Дене шынықтыруда және емдеуде жүзу сабағы кеңінен таралған әдіс. Жүзу әсіресе балалардың дене құрылысын, денсаулығын жүйелі түрде нығайтуға пайдалы әсерін тигізеді. Сонымен қатар жүзу сабағы балалардың қол-аяқтарының тірек-қимыл жүйесін бекітіп, денесін дамытады және төзімділігін арттырады. Баланың денесі күшті, буындары иілгіш, қимылдары шапшаң және әсем болуына ықпалын тигізеді.

Жүзу егде адамдарға да пайдалы, өйткені ол адам денесінде зат алмасуды күшейтетін жолдың бірі.

Жүзу — адам мен жануарлардың, су түбіне тимей қозғалу әдісі. Ол қозғалыс, көңіл көтеру және демалыс амалы, сондай-ақ спорттың бірегей түрі болып саналады.

Оның ағзаға, әсіресе, жүрек пен тірек-қозғалыс жүйесіне беретін жалпы беріктендіргіш және сауықтыру әсері бойынша дене белсенділігінің басқа түрлерінің арасында оған тең келетіні жоқ. Көне Грекияда жүзу дене тәрбиесінің маңызды құралы ретінде пайдаланылған.

Жүзумен барлық жастағы және мүмкіндіктегі адамдар айналыса алады, өйткені дене суда ұсталып тұратындықтан, ешбір бұлшық етке немесе буынға артық салмақ түспейді. Оның үстіне қажетті құралдары да көп емес, жүзуді кез келген жаста бастауға және оған деген бейімділікті сезінгенше жалғастыра беруге болады.
0 дауыс
01 Шіл, 2016 Нұрай жауап берді

Жүзудің кейбір жақсы жақтары:

1. қарама-қайшылығы аз;

2. төзімділік пен икемділікке әсер етеді, қан айналымын белсендіреді;

3. бұлшық ет тепе-теңдігін оңтайландырады (көптеген кәсіпқой спортшылар жаттығудың бір бөлігін міндетті түрде қауызда өткізеді);

4. бұлшық ет және буын жарақаты мен аурулары кезінде қалпына келтіру терапиясы ретінде қолданылады;

5. ширығуды болдырмаудың тамаша құралы болып табылады;

6. еңбек қабілеттілігін арттырып, өмірлік күш береді;

7. салмақты бақылап отыруға мүмкіндік береді;

Алайда, жүзу арқылы салмағын түсіргісі келетіндер үшін кері әсері болуы да мүмкін. Жүзуден тек арықтауға ғана емес, толуға да болады екен!

ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, жүзуден жаттықтырушы Екатерина Геннадьевна Полевая: «Қауызға келетіндердің көпшілігі жүзбейді, шомылады. Яғни, жолдың бойымен баяу, жалқаулана қозғалып жүреді. Мұндай кезде калория шығындалмайды, есесіне «жаттығудан» кейін қарныңыз ашып тұрады! Өйткені қандағы қант мөлшері төмендейді, ал оның қорлары қанға түспейді: түскен салмақ дұрыс емес. Қызу, дұрыс салмақ түскен кезде бауыр қанға өз қорындағы қантты бөліп шығарады, сонда сіздің екі сағатсыз қарныңыз ашпайды. Міне, сонда ғана жүзген сайын сымбаттана түсесіз. Ал адамдардың басым көпшілігі суда шолпылдайды да, тезірек тамақ ішуге жүгіреді», - деп  түсініктеме берді.

Бірақ жаңа бастағандар үшін сабақтың қарқындылық мәселесі қатаң түрде жекелей шешіледі. Сондықтан, егер сіз көптен бері жүзбей, енді жүзуді бастасаңыз, суға сүңгуге асықпаңыз, кәсіби жүзушілердің кеңесіне құлақ салыңыз, сондықтан алғашқы сабақтар сізге көбірек пайда әкелетін болады. 

Құрғақта: 1. душқа шайынып, жеңіл жаттығу жасаңыз — 2-3 минуттай орныңызда жүгіріңіз, қолыңызды иығыңызға қойып, шеңбер жасап айналдырыңыз, отырып тұрыңыз, басыңызды айналдырыңыз және т.б. Осылайша бұлшық еттеріңізді қыздырып, жүрек-тамыр жүйесін жұмысқа дайындайсыз.

2. Тыныс алуға жаттығыңыз:  ауызбен дем алыңыз, ал мұрынмен дем шығарыңыз және мұны соңына дейін жасаңыз. Осылайша суда тыныс алып, сіз гипоксияның (кислородтың жетіспеушілігі) дамуын болдырмайсыз, яғни жүзу кезінде аз шаршайсыз, бүйіріңіздің ауруын болдырмайсыз.

3. Егер сіз жүзу және тренажер залында қатар айналыссаңыз, онда қауыздың алдында жатығып алғаныңыз жөн, мұндай жағдайда судағы қозғалыс крепатура пайда болуының алдын алады, сондай-ақ бұлшық етті икемді қозғалысқа бейімдейді.

Суда: 1. Тақтайшамен жүзіңіз. Ұялмаңыз: бұл аятарыңыздың бұлшық еттерін қыздыру үшін қажет.

2. Бір ырғақпен жүзіңіз. Баяу жүзіп, бірақ ырғақты үнемі сақтай отырып, тоқтаусыз жүзген жақсы. Осылайша жаттығу тиімділігі арта түседі, ал керісінше болса, азаяды.

3. Салмақ бұлшық еттің барлық топтарына түсетіндей етіп жүзу стилін ауыстырып отырыңыз. Осылай сіздің сымбатыңыз үйлесімді дамитын болады. Еркін стильден (құлаштап жүзу) немесе шалқадан түсіп жүзуден бастаңыз. Олар техникасы жағынан күрделі емес және жылдам меңгеріледі.

4. Егер сіз бұл істі жаңа бастасаңыз, алдыңызға қандай мақсат (арықтау, бұлшық еттерін беріктендіру т.б.) қойсаңыз да 20 минуттан бастаңыз. Егер одан аз болса — тиімділігі шамалы болады. Аптасына үш рет айналыссаңыз жеткілікті. Ақырындап, ек-үш ай ішінде жүзу уақытын 45 минутқа дейін көбейтіңіз. Егер сіз жаңа бастап, нәтижелерге тезірек қол жеткізгіңіз келсе, өзіңізді сезінуіңізге байланысты жүзу ұзақтығын реттеңіз.

Шұғылданып болған соң: шашыңызды ғана жақсылап кептіріп қоймай, құлағыңызды да судан босатыңыз! Ол үшін басыңызды екі иығыңызға кезек-кезек еңкейтіңіз және осы қалыпта 30 секунд ұстаңыз. Егер құлағыңыз бітеліп қалса, еңкею бұрышын ауыстырып ұстаңыз. Егер бұлай жасамасаңыз, көшеде, тіпті жылы уақыттың өзінде құлақтың қабынуы мүмкін. 

Күтпеген жағдайлар: 1. Егер аяғыңыз тартылып қалса, абыржымаңыз. Аяғыңызды түзу ұстап, басын өзіңізге қаратып созыңыз. Осылай бұлшық ет жазылады да, тартылғаны басылады. Ыңғайлы болу үшін қауыздың шетінен немесе жолдардың жиегінен ұстауға болады.

2. Егер бүйіріңіз шаншып кетсе (бұл дұрыс дем алмаудан да болуы мүмкін), тоқтаңыз да, терең дем алыңыз, деміңізді суда шығарып, тереңірек тыныс алуға тырысыңыз. Осылайша тыныс алу тезірек қалпына келеді.

Екатерина Геннадьевнаның пікірі бойынша, ең дұрысы жүзуді 7-8-9 жаста үйренген жөн: «Балалар тез үйренеді, оларда су апатынан қорқу сезімі әлі қалыптаспайды ғой». Алайда, сіздің балалық жастан кеткеніңізге талай уақыт болса да, жүзіп көріңіз! Жүзуді бастасаңыз-ақ, өзіңіздің құмартып қалғаныңызды байқайсыз, денеңіз суға түсуді аңсап, миыңыз демалыс пен тыныштықтан рақат табатын болады.  

0 дауыс
01 Қаң, 2024 admin (596 ұпай) жауап берді

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
Жалпы спорт бөлімінде 4 сағат бұрын BrockGrubb (52 ұпай) сұрағын қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...