Ай /әй/ дейтін ажа /әже, қой дейтін қожа жоқ – шектен шыққан тәртіпсіздік. Негізінде ажа сөзі көне түркі тілінде ауылдың сыйлы, құрметті үлкен адамы немесе әмірші дегенді білдіреді. Енесай қырғыздары билеушісін «ажо» деп атаған. Қазақ тілінің дыбыстық айтылу заңдылығы бойынша ай/әй, ажа/ әже болып дыбысталып кеткен. Мұны тек фонетикалық қана өзгешелік дейміз, ал қай вариантын қолданса да мағынасы дұрыс өзгермейді.
Ф.ғ.д, профессор Смағұлова Г.