Дегенмен, алайда, өйткені деген сөздерден кейін үтір қойыла ма?

0 дауыс
Тіл, Сөз бөлімінде 17 Қар, 2016 Саттар сұрағын қойды
Дегенмен, алайда, өйткені деген сөздерден кейін үтір қойыла ма?

1 жауап

0 дауыс
17 Қар, 2016 Жомарт жауап берді
Жазу мәдениетінің бір ұшы тыныс белгілерін дұрыс қоюда болса, оның ережелерін де белінен басып, берекесін алып жатқан жайымыз бар. «Дауыс кідірген жерге үтір койылсын!» деген «жекеменшік» ереже шығарғандардың «көмегімен» үтір дегенді тоғытып жібердік. Сөйлем басында келген ал, бірақ, өйткені, сондықтан шылауларды үтірмен бөліп тастайтынды дағдыға айналдырдық. Бұл жалғаулық шылаулар әдетте екі сөйлем мүшесінің ортасында немесе құрмалас сөйлемнің екі компонентінің ортасында келеді, мұндайда алдарынан үтір қойылады. Ал кейде, әсіресе газет беттерінде бұл жалғаулықтарды сөйлемнің басына шығарып қолданады. Ондайда сәл паузамен бөлініп айтылғанмен, үтірмен ажыратылмайды. Бұл орайда, яғни сөйлем басында келген одағай, қаратпа, қыстырма сөздерден кейін ғана үтір қойылады. Көрсетілген шылаулар – қыстырма да, одағай да, қаратпа да емес, жалғаулықтар. Рәбиға Сыздықова Бүгінгі жазу-сызу мәдениеті // Егемен Қазақстан. 2004, 17 қыркүйек
10 Нау, 2019 белгісіз пікір қалдырды
Бір қысқа сұраққа қысқа түсінікті жауап бермейсіз бе! Бұл сұрақ-жауап алаңы, сізден ешкім пікірінізді сұраған емес

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Тіл, Сөз бөлімінде 21 Сәу, 2017 Бекей сұрағын қойды
+1 дауыс
1 жауап
Термин бөлімінде 01 Қар, 2017 Арман сұрағын қойды
...