"Сондықтанда", "сондықтан да" қайбірінің жазылуы дұрыс? Сөйлем басында, ортасында үтір қойыла ма?

0 дауыс
Қазақ тілі бөлімінде 06 Қыр, 2017 Farhad сұрағын қойды
"Сондықтанда", "сондықтан да" қайбірінің жазылуы дұрыс? Сөйлем басында, ортасында үтір қойыла ма?

1 жауап

+1 дауыс
06 Қыр, 2017 Назира жауап берді

Сондықтан да  болып бөлек жазылады. Себебі сондықтан сөзі де, да сөзі де - шылау. 

Сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қою үшін, оның синтаксистік ерекшелігімен қатар, сол сөйлемдегі кейбір жеке сөздердің мағынасына да назар аудару қажет. Өйткені бүтіндей бір сөйлемнің немесе ондағы кейбір жеке сөздердің мағынасы белгілі бір тыныс белгіні қоюды керек етеді. Ал сонымен бірге, сондай-ақ, сонымен қатар деген сөздерден кейін үтір қойылмайды.  Себебі үтірмен сөйлемдегі қаратпа сөз тізбектері, қыстырма сөздер, сөйлемдегі одағайлар бөлінеді. Ал бұл сөздер қыстырма да, одағай да емес. Сондықтан бұл жерге үтірдің қажеті жоқ.   

01 Жел, 2018 белгісіз пікір қалдырды
циклінің немесе циклының - қайсысы дүрыс
29 Жел, 2018 Арай пікір қалдырды
циклының шығар
...