ҰБТ ЖОО-ға қабылдау емтиханы 2017 қалай болмақ ?

0 дауыс
ЖОО, Университет бөлімінде 05 Жел, 2016 Тамила сұрағын қойды
ҰБТ ЖОО-ға қабылдау емтиханы қалай болмақ? Таңдаған 4 ЖОО -дан кейін әр ЖОО-ға барып тапсырамыз ба? Әлде жергілікті жерде тапсыру және оны басқа ЖОО-ға жберу  мүмкіндігі қарастырылған ба?  Кім біледі айтып жіберіңіз?

6 Жауаптар

0 дауыс
05 Жел, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтетіндігі туралы толық мәлімет.

1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.

2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және

оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.

Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.

Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадый:

1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.

Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет.

Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.

Қазақ тілінен эссенің үлгілік тақырыптары

1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме?

2. Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба?

3. Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба?

Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады.

2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.

Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);

Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).

4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);

 

Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны мынадай болады.

Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы; 

«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы

(2 мәтін, 200-250 сөз);

«Оқылым» блогы – 10 тест  тапсырмасы  (2 мәтін, 200-250 сөз).

5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды) тестілеу.

Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).

Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді

Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.

Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен айқындалады (2017 жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.

Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады.

Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді.

Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.

0 дауыс
05 Жел, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді

Бітіру кештері мектепте 2017 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде  өткізіледі.

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ (ҰБТ)

ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі  ретінде қалады.

2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ   (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі.

  

Тапсырма саны

Тапсырма формасы

Бағалау объекті

1- блок

Математикалық сауаттылық

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Функционалды сауаттылық, логика, сандық салыстыруға тапсырмалар

Оқу сауаттылығы

20

(4 мәтін)

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Оқу, мәтінді түсіну, мәтін мазмұнына рефлексия, талдау жасай білу, салыстыру және т.б.

Қазақстан тарихы

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді білу

 

Бейіндік пәндер (әрбір мамандық бойынша екі пән)

 

1 бейінді пән

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

  

10

Ұсынылған көп тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

 

2- блок

2 бейінді пән

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

10

Ұсынылған бес тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

 

Тестілеу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Шекті балл 50 өзгеріссіз қалады.

ЖОО-ның  барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс (Мысалы,  математика + физиканы тапсыру кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар). 

Бейінді пәндер

Мамандықтар саны

1

Математика + физика

52

2

Математика + география

18

3

Тарих+ география

7

4

Биология + химия

22

5

Биология + география

12

6

Шет тілі + тарих

11

7

Оқыту тілі және әдебиет (қазақ немесе орыс) + тарих

7

8

География + шет тілі

4

9

Химия + физика

5

10

Тарих + Адам. Қоғам. Құқық

4

11

Шығармашылық емтихан

33

Барлығы

175

 

0 дауыс
05 Жел, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді

Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау    10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. ҰБТ 165 ҰБТ-ны өткізу пункттерінің базасында өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50.

«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (Мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді).

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.

ТАЛАПКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ (ТКТ)

Колледж бітірушілері үшін ТКТ форматы өзгертілді.

ТКТ-ның жаңа форматы бойынша колледждер үшін 60 сұрақ қарастырылған, оның 20-сы жалпы пәндер және 40-ы бейінді пәндер бойынша. Бұл егер бітіруші өз бейіні бойынша оқитын болса (Мысалы, педагогикалық мамандыққа баратын педагогикалық колледждің бітіруішісіне арналған). Мамандық бейінін өзгертетін бітіруші тестілеуді ҰБТ форматы бойынша тапсырады.

Тестілеу уақыты  - 100 минут.

 

Тапсырма саны

Тапсырма формасы

Бағалау объекті

Жалпы бейінді пән

20

Ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдай отырып

Тапсырмалар базалық пән бойынша  академиялық білімін тексеруге бағытталады

 

30

Ұсынылған көп жауаптан  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Тест тапсырмалар базалық пән бойынша  терең академиялық білімін және практикалық қабылеті мен дағдыларын тексеруге бағытталады

Бейінді пән

10

Ұсынылған көп жауаптан  бірнеше дұрыс жауапты таңдай отырып

Тест тапсырмалар базалық пән бойынша  терең академиялық білімін және практикалық қабылеті мен дағдыларын тексеруге бағытталады

Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау    - 10 наурыз - 1 шілде аралығы. ТКТ базалық жоғары оқу орнында орналасқан 42 ҰБТ-ны өткізу пункттерінде өткізіледі. ТКТ-ны өткізу мерзімі – 17 шілде мен       23 шілде аралығы. Шекті балл – 35.

0 дауыс
05 Жел, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді

Сонымен ҰБТ-2017-да болатын кейбір мамандықтар мен таңдау пәндері мынадай:

Гуманитарлық ғылымдар:

“5В020100 – Философия” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География

“5В020200 – Халықаралық қатынастар” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих

“5В020300 – Тарих” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География

“5В020400 – Мәдениеттану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих

“5В020500 – Филология” мамандығы, таңдау пәндері – Қазақ (орыс) тілі және әдебиеті, Тарих

“5В020600 – Дінтану” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан, 2-ші шығармашылық емтихан

“5В020800 – Археология және этнология” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География

“5В020900 – Шығыстану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих

Өнер:

“5В042200 – Баспа ісі” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан 2-ші шығармашылық емтихан

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес:

“5В050100 – Әлеуметтану мамандығы”, таңдау пәндері – Математика, География

“5В050200 – Саясаттану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих

“5В050300 – Психология” мамандығы, таңдау пәндері – Биология, География

“5В050400 – Журналистика” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан, 2-ші шығармашылық емтихан

“5В050500 – Аймақтану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих

“5В050700 – Менеджмент” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География

“5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География

”5В051100 – Маркетинг” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География

“5В051300 – Әлемдік экономика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География

“5В051400 – Қоғаммен байланыс” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан, 2-ші шығармашылық емтихан

“5В051500 – Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету” мамандығы, таңдау пәндері – Қазақ (орыс) тілі, Тарих

Жаратылыстану ғылымдары:

“5В060100 – Математика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика

“5В060200 – Информатика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика

“5В060300 – Механика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика

“5В060400 – Физика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика

“5В060500 – Ядролық физика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика

“5В060600 – Химия” мамандығы, таңдау пәндері – Химия, Физика

“5В060700 – Биология” мамандығы, таңдау пәндері – Биология, Химия

“5В060800 – Экология” мамандығы, таңдау пәндері – Биология, География

“5В060900 – География” мамандығы, таңдау пәндері – География, Математика

“5В061000 – Гидрология” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География

“5В061100 – Физика және астрономия” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика

“5В061200 – Метеорология” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География

Техникалық ғылымдар және технологиялар:

“5В070100 – Биотехнология” мамандығы, таңдау пәндері – Биология, Химия

“5В070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика

0 дауыс
05 Жел, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді
12 Жел, 2016 ГУЛСАЯ пікір қалдырды
Бұл кісінің сұрағы келесі жылы Ұбт қалай өтеді деген емес ,келесі жылы ЖОО-ға тапсыру  үшін ҰБТ-ны қайда ,қалай тапсырамыз,жалпы жаңа формат бойынша ЖОО-да өткізу ережелері қалай болады дегісі келген секілді.
0 дауыс
16 Қаң, 2017 Гульзада жауап берді

ҰБТ – 2017 жаңа форматы

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
ЖОО, Университет бөлімінде 24 Қар, 2015 белгісіз сұрағын қойды
...