Ғылыми қызметкерлер, құрастырушылар мен сарапшылардың орташа жалақысы 2015 жылмен салыстырғанда үш есеге көбейіп, 326,7 мың теңгеге жеткен, – деп хабарлайды kaztengrinews.kz energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, тау-кен өндірісінің жұмысшылары мен кен шығаратын орындарда жұмыс істейтіндердің орташа жалақысы 313,2 мың теңгеге жетіп, жоғары жалақы алатындардың рейтингінде екінші болып тұр. Сондай-ақ, бір жыл ішінде тау-кен өндірісіндегілердің жалақысы 16,2 пайызға өскен.
Рейтингте үшінші болып қаржыгерлер тұр. Олардың орташа жалақысы – 254,9 мың теңге. Қаржыгерлер өткен жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға көп табыс тапқан.
Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, орташа жалақысы төмен мамандықтардың қатарында мұғалімдер бар, олардың орташа жалақысы – 87,5 мың теңге екен. Айта кетейік,бір жыл ішінде білім беру саласындағы қызметкерлердің саны 0,7 пайызға азайған.