Ерлан Ахметтің өмірбаяны қажет еді, сайысқа қатысуға өлеңін оқитын балаға

+2 дауыс
Өлеңдер бөлімінде 10 Жел, 2017 Айгул сұрағын қойды
Ерлан Ахметтің өмірбаяны қажет еді сайысқа  өлеңдерін оқып қатысатын оқушыға !

3 Жауаптар

0 дауыс
11 Жел, 2017 Замир жауап берді

Өлеңнің астына пікір етіп жазып көрсеңіз жауап беретін шығар 

Тәуелсіздікке тәу ету

+1 дауыс
11 Жел, 2017 белгісіз жауап берді

Шығармашылық жол

Ахметов Ерлан Ахметсәлімұлы

1985 жылдан бастап, аудандық, облыстық басылымдарға, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Ұлан», «Қазақ әдебиеті» газеттеріне мақала, шағын әңгіме, өлеңдерімен жарыққа шыға бастаған.

1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түскен. Жоғары оқу орнында жүріп, туындылары «Жалын», «Жұлдыз» әдеби журналдарында және республикалық мерзімді басылымдарда жарияланып тұрған.

1997 жылдан «Рухани мұра» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры.

1997 жылдан Қазақстан Авторлар қоғамының мүшесі. «Далам менің», «Отаным», «Сәулетай», «Өзіңсіз дүние дос», «Әкеге» секілді 20-дан астам патриоттық және лирикалық әндердің сөзін жазған.

1998 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының  мүшесі. 2006 жылы Алматы қаласындағы «Ан-Арыс» баспасында жарық көрген «Ажарлы ауыл, ардақты қауым. Отрада и слава села» атты қазақ-орыс тіліндегі түрлі-түсті көркемдік деректі туындының авторы. «Жасампаздық жолында. На пути созидания» (2012), «Білім көкжиегі. Горизонт знаний» (2012) атты тарихи-танымдық, өмірбаяндық анықтамалықтың құрастырушысы.

2007 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. «Қамырау жері, Сәмек елі, аман бол!» (2007), «Павлодар өңірінің қажылары» (2008) атты кітаптардың, «Оғыландарым» (2008), «Жарық дүние» (2009) атты жыр жинақтарының авторы.

Жырлары «Шабыт. Қос қанат» (2004), «Жастық әуен», «Айтыс» (2005), «Баянауыл басынан» (2006)  атты жыр жинақтарына енген. Артығали Ыбыраев атындағы (2002) мүшәйраның, Шығыс Қазақстан облыстық мүшәйрасының (2002), Баянауылдың 180 жылдығына (2006) және Павлодар облыстық радиосының 70 жылдығына орай (2008) өткен республикалық ақындар мүшәйраларының жүлдегері атанған.

0 дауыс
14 Сәу, 2018 белгісіз жауап берді
Ерлан Ахметов (20.5.1975. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы) - тележурналист. [1]. ҚазҰУ- ді бітірген.

Шығыс Қазақстан облысы телерадиокомпаниясында, облыстық "Дидар" газетінде арнаулы тілші, Ертіс-Баян өніріндегі "Кереку" апталық газеттің редакторы, "Руханият" газетінің редакторы, ҚМДБ- ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы, "Ислам және өркениет" газетінің меншікті тілшісі. 2008 жылы "Жұлдыз" журналының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі, "Қаламгер-Медиа" орталығының Павлодар облысындағы арнаулы өкілі.

1985 жылы қаламгердің мақалалары мен әңгімелері, өлеңдері аудандық облыстық басылымдарда жарияланған. "Ажарлы ауыл, ардақты қауым" атты қазақ-орыс тіліндегі деректі туындының (2006), "Қамырау жері, Сәмек елі, аман бол!" (2007), "Павлодар өнірінің қажылары" (2008), "Жасампаздық жолында. На пути созидания" (2012), "Білім көкжиегі. Горизонт знания" (2012), "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы. 20 жыл" (2012), "Жасампаздық жолында: жаңғыру. На пути созидания: возрождение" (2014) атты кітаптардың авторы. "Шабыт. Қос қанат" (2004), "Жастық әуен", "Айтыс" (2005), "Баянауыл басынан" (2006) сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. "Оғыландарым" (2008), "Жарық дүние" (2009) жыр жинақтарының авторы. Бірнеше дүркін республикалық мүшәйралардың жүлдегері.
...