Декреттік демалыстан соң неше күн кезекті еңбек демалысы беріледі

0 дауыс
Заң бөлімінде 28 Шіл, 2018 белгісіз сұрағын қойды
Саламатсыздар ма? Мен мұғаліммін. Оқу жылы аяқтал мастан 2018 жылдың 12ақпанында декретке кеттім. 2018 жылдың 18 маусымында декреттік демалыс аяқталды. Енді кезекті еңбек демалысына жалғастырғым келеді. Маған нақты осы жағдайда неше күн кезекті еңбек демалысы беріледі

1 жауап

0 дауыс
24 Қыр, 2018 Ербол жауап берді

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 192-бабына сәйкес әйелге, қалауы бойынша, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.

Кодекстің 106-бабына сәйкес жұмыс жылы қызметкердiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап есептелген он екi айды құрайды.

Жұмыс берушімен келісім бойынша еңбек демалысы толық немесе нақты жұмыс атқарған уақыт үшін беріледі.

Кодекстің 104-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажына:

  1. нақты жұмыс iстелген уақыт;
  2.  қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
  3.  қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның iшiнде жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
  4.  қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.

Кодекстің 100-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.

Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  № 1394 қаулысымен (бұдан әрі - Ереже) айқындалады.

Ережеге сәйкес бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.

Орташа жалақыны есептеуде Ережеге қосымшасына сәйкес тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерілмейді.

Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

Орташа күндік (сағаттық) жалақы барлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анықталады.

Есеп айырысу кезеңі – төленуі тиіс ақымен (төлеммен) байланысты оқиғаның алдындағы ұзақтығы он екі күнтізбелік айға тең кезең, не егер қызметкер жұмыс берушіде он екі күнтізбелік айдан кем жұмыс істеген болса, орташа жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын нақты жұмыс істеген кезең.

Бұл ретте, орташа жалақыны есептеу кезінде есеп айырысу кезеңінен жұмыс істелмеген уақыт және осы кезеңде Кодекске сәйкес қызметкерге орташа жалақысы төленген немесе сақталған кездегі жұмыс істелмеген уақыт үшін есептелген сомалар алынып тасталады.

Осыған орай, жүктілікке және босануға байланысты еңбекке жарамсыздық кезеңі және осы кезеңге төленген сомалар орташа жалақыны есептеу кезінде есепке алынбайды.

Ережені қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 3 маусымдағы 135-ө бұйрығымен бекітілген.

Ереже және аталған ұсынымдар Министрліктің веб-сайты  «Нормативтік құқықтық база» («Еңбек және еңбекақы төлеу») айдарында орналастырылған.

 

Алтынбекова Ә.А. –Еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшысы

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Мектеп бөлімінде 27 Мам, 2017 белгісіз сұрағын қойды
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
0 жауап
Заң бөлімінде 04 Қаз, 2018 Қарлығаш сұрағын қойды
...