"Инь & Янь" пирогы
Бұл белгімен ұшыраспаған адам кемде-кем болар. «Инь янь» деген атауға ие бұл белгінің мағынасы көбіне қарама-қайшылықты білдіреді: жақсылық пен жамандық, ақ пен қара, шындық пен жалған, еркек пен әйел, жарық пен қараңғылық т.с.с. Бұл ежелгі Қытай елінің белгісінің мағынасы әр аймақта түрліше келтірілген, бірақ түпкі мән — қарама-қарсы дүниелердің тоғысуы. Қазаққа жат бұл белгі туралы терең зерттеу жүргізбей, сипаты осы іспеттес мәзір ұсынғанды жөн санадым. Сонымен…
Құрамы:
қамыр үшін:
- 1,5-2 стақан ұн;
- 0,5 стақан қант;
- 200 гр сары май/маргарин;
- 1 шай қасық ас содасы (сөндірілген) не қопсытқыш;
салма үшін:
- 400-450 гр сүзбе;
- 3 дана жұмыртқа;
- 0,5-1 стақан қант;
- ванилин, мак, қант ұнтағы, какао;
Дайындалуы:
Қамырға қажетті ұн, маргарин, қант, қопсытқышты үлкен ыдыста араластырып, алақанымызбен ысқылай отырып, үгілмелі қамыр дайындаймыз.
Салманың заттарын да өзара біріктіріп араластырып қоямыз.
Пирог пісіретін ыдысты алып, алдымен астына үгілмелі қамырдың 1/3 бөлігін саламыз.
Қалған қамырымыздың 2/3 бөлігімен салманың бетін толық жауып шығамыз.
Енді «инь янь» белгісіндей етіп какао ұнтағын сеуіп шығамыз. Ыстық пеште 180 градус температурада 20-25 минут пісіреміз.
Дайын болған пирогтың үстіне қант ұнтағын сеуіп әрлейміз. Мәзір дайын!