эссе конкурсының жауабы қашан шығады?

+3 дауыс
Қазақ тілі бөлімінде 16 Қыр, 2019 Makpal1 (58 ұпай) сұрағын қойды
эссе конкурсының жауабы қашан шығады?

1 жауап

0 дауыс
22 Қыр, 2019 (1,002 ұпай) жауап берді

2019 жылдың 30 тамызы мен 2020 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін эссе және өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.

Сайысқа қатысушылардың эссе және өлең-жырлары үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылданады. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар - 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталып, 2020 жылдың 26 ақпан күні сайтымызда жарияланады.

Негізгі жүлделер:

Өлең-жыр

І орын – біреу – смартфон + диплом.
ІІ орын – екеу – PowerBank + диплом.
ІІІ орын – үшеу – PowerBank + диплом.

Эссе

І орын – біреу – смартфон + диплом.
ІІ орын – екеу – PowerBank + диплом.
ІІІ орын – үшеу – PowerBank + диплом.

Сонымен қатар Bilimland.kz сайтында да әр аптаның қорытындысы бойынша үздік шығармалар жарияланып, авторлары bilimland ұжымынан PowerBank-пен марапатталады.

Байқау соңында, негізгі жүлделерден бөлек, Bilimland.kz ұжымының атынан да арнайы сыйлық иесі анықталатын болады. Ең үздік шығарманы Bilimland.kz сайтына жариялап, бағалы смартфонмен марапаттайды.

Шарттар:

— Сайысқа қатысушылардың жасы 14 - 29 аралығында болуы керек.

— Порталға тіркеліп (алдын тіркелгендердің қайта тіркелуі қажет емес, сол аккаунттары жарайды), өлең-жыр немесе эссе енгізу керек;

— Еркін тақырыптағы эссе және өлең-жырлар қабылданады. Эссенің көлемі кем дегенде 350 сөз.  

— Ілмектердің ішінде bilim2019 деген ілмек міндетті түрде болу керек (сайысқа қатысқанын осы ілмек арқылы білеміз), Өлең енгізгенде - авторы өзім - деген белгі бар, соны басу керек (жазудың үстін). Эссе енгізгенде категориялардан «Сайыс2019» деген бөлімді таңдау керек;

Нұсқаулықтар:

Қалай тіркелемін?

Құпиясөзді (парольді) ұмытқан жағдайда

Өлең қосу (сұрақтар туындамас үшін мұқият қарап шығыңыз)

Ілмек бойынша іздеу деген не және оны қалай қолданамыз?

Басқа да сұрақтар

- Сайтқа материал қосу (Эссе енгізу үшін «Мақала қосу» дегенді таңдау керек)

 

Сайыстағы өлең-жыр (егер өлеңіңіз жоқ болса ілмекті дұрыстауыңыз қажет): «bilim2019» ілмегі арқылы табуға болады.

Эссе (эссеңіз жоқ болса бөлімді дұрыс таңдау керек): «Сайыс2019» бөлімінде.

Барлық өлең-жырлар: Өлеңдер бөлімінде.

 

Сұрақтар үшін:

E-mail: bilimall.kz@gmail.com

Міндетті түрде жауап береміз!

...