Тарауих намазы намазына қатысты мәлімет керек?

0 дауыс
Мереке, атаулы күн бөлімінде 13 Нау admin (590 ұпай) сұрағын қойды
Тарауих намазы намазына қатысты мәлімет керек?

4 Жауаптар

0 дауыс
13 Нау admin (590 ұпай) жауап берді

Тарауих намазы

Тарауих намазы еркектерге де әйелдерге де сүннет болған намаз. Тарауих намазы Рамазан айының әр кешiнде оқылады. Жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Оқылатын уақыты құптанның соңғы сүннетімен уiтiр намазының арасы. Мәселен тарауих намазының бiр бөлiгiне үлгерген адам имаммен бiрге уiтiр намазын оқып болған соң тарауих намазының қалған бөлiгiн оқып толықтырады. Уақытында оқылмай қалған тарауих намазының қазасы оқылмайды. Қаза етiлiп оқылса тарауих намазы емес нәпiл намазы болады. Тарауих намазы жиырма рәкаттан тұрады.

    Уітір намазы рамазан айында ғана жамағатпен бiрге оқылады. Тарауих намазын екi рәкатта бір сәлем беріп және әрбiр төрт рәкатта бір тәсбих айтып оқу мустахаб. Төрт рәкатта бір сәлем беріп оқыса да болады. Қазасы болғандар бос уақытында бес уақыт сүннеттер мен тарауих орнына қаза оқып қарыздарын ертерек бітіріп, сонан соң бұл намаздарға кірісуі керек. Тарауих намазы мешiтте жамағатпен оқылғандықтан кейбiр кiсiлердің үйiнде тарауих намазын оқуы күнә болмайды. Бiрақ мешiттегi жамағат сауабынан құр қалады. Үйiнде бірнеше кісімен жамағатпен оқығанның сауабы жалғыз оқығаннан  жиырма жетi есе көп болады. Әрбiр ифтитах тәкбiрiнде ниет еткен жақсы. Құптан намазын жамағатпен оқымаған кісілер тарауих намазын да жамағатпен оқи алмайды. Құптанды жамағатпен оқи алмаған кісі парызды жалғыз оқып, кейін тарауихті жамағатпен оқи алады.

     Тарауих намазын оқу сүннет-и муәккәдә. Расулуллаһ «алейхиссалам» 3-4 күн тарауихты жамағатпен оқып кейін үйінен шықпаған еді. Себебін сұрағанда былай деп бұйырды:

     «Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорққаным үшін үйден шықпадым» (Бұхари)

     Тарауихтің 20 рәкат болуы, жамағатпен оқылуы хадис шәрифпен білдірілген. Сүннет екендігі сахабалардың ижмасымен бекітілген. («Мәрақ-ил фәлах» шархы)

     Пайғамбарымыз тарауихті 8, 12, 20 рәкаттан оқыған.

     Хазірет Ибни Аббас былай білдірген: Расулуллаһ «алехиссалам» құптаннан кейін уітірден бұрын 20 рәкат намаз оқығаннан кейін былай деп бұйырды:

     «Рамазанда 20 рәкат тарауих намазын оқыған адамның 20 мың күнәсі кешіріледі.» (Ибни Әби Шәйбә)

     Тарауихтің 20 рәкат болғандығына сенбеген адам «адасушы» екендігі «Нур-ул изах» шархында жазулы.

    

Тараиух намазының сүннет болуы

     Аллаһу та’ала қасиетті рамазан айын жіберіп оған ерекше құндылық бергенде Хазірет Омар бұл үлкен ниғметтің шүкірін өтеу үшін жиырма рәкат намаз оқуды өзіне міндет деп білді. Сахабалар да мұны ұнатты. Жағдайды пайғамбарымызға білдіргенде ол да ұнатты. Жабраил алейхиссалам келіп пайғамбарымызға былай деді:

     «Аллаһу та’ала Омардың және сахабалардың жасаған бұл ғибадаттарын қабыл етті. Хатым оқығандарды жаннатқа жіберетініне, олардан разы болатынына сөз берді.» (Ә. Уаизин)

     Пайғамбарымыз тарауихты мүлдем оқымаған болса да Хулефа-и рашидин (төрт ұлы халифаның) оқуының өзі сүннет болуы үшін жеткілікті. Хадис шәрифте «Менің сүннетіме және менен кейін Хулефа-и Рашидиннің сүннетіне мықтап ұстаныңдар.» деп бұйырылды. Тарауих намаздың жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Яғни бір елді мекенде жамағатпен оқылса, қалғандары үйінде оқыса, сүннет орындалған болады.

     Муәккәдә сүннет болған тарауихты қолдан жібермеу керек. Хадис шәрифте «Рамазанда сеніп және сауабын ойлап тарауих намазын оқығанның өткен күнәлары кешіріледі.» деп бұйырылды. (Насаи)

     Тарауих намазы маңызды сүннеттерден саналады. Рамазанда күндіз ораза тұту парыз, түндерін де ғибадатпен өткізу сүннет болып табылады. Хадис шәрифте былай бұйырылды:

    «Аллаһу та’ала сендерге Рамазан оразасын парыз, түндерін ғибадатпен өткізуді сүннет етті.»

 

Тарауихте оқылатын дұға және тәсбихтер

• Тарауихке тұрған кезде «Субхана зил-мулки уәл-мәләкут. Субхана зил-иззати уәл-азамати уәл-жәләли уәл-жәмәли уәл-жәбәрут. Субханәл мәликил-мәужуд. Субханәл-мәликил-мабуд. Субханәл-мәликил-хайилләзи лә янаму уә лаямут. Суббухун, қуддусун Раббуна уә Раббул мәләикәти уәррух.

Мәрһаба, мәрһаба, мәрһаба йа шаһри Рамазан. Мәрһаба, мәрһаба мәрһаба йа шаһрәл-баракати уәл-ғуфран. Мәрһаба, мәрһаба, мәрһаба йа шаһрат-тасбиһи уәт-таһлили уәз-зикри уә тилауатиль Құран. Әууәлуһу, ахируһу, захируһу, батинуһу,я мән ла илаһә иллаһу» тәсбихтері мен дұғалары оқылады. Айдың 15-нен кейін «Мәрһабаның» орнына «әлуида» делінеді.

• Әр 4 рәкаттан кейін «Аллаһумма салли ала сәйидина Мухаммадин уә ала али сәйидина Мухаммад. Би адади кулли дааин уә дауааин уә бәрик уә сәллим алейһи уә алейһим кәсира» деп оқылады.

Бұл бөлім 20 рәкаттың соңында 3 рет қайталанады және үшіншісінде «кәсирадан» бұрын «кәсиран» дейді. Сосын 3 рет мына дұға оқылады:

«Йа Ханнан, йа Мәннан, йа Дәйян, йа Бурһан. Йа Зәл-фадли уәл-ихсан нәржул-ауфуа уәл-ғуфран. Уәж-әлна мин утақааи шаһри Рамазан би хурметил-Құран».

islamdini.kz

0 дауыс
13 Нау admin (590 ұпай) жауап берді

Тарауих намазы

 

Сұрақ: Тарауих намазы қанша рәкат және жамағатпен оқу сүннет пе, қалай оқылады?

Жауап: Пайғамбарымыз 3-4 күн тарауих намазын жамағатпен оқыды, одан кейін үйінен шықпай қойды. Себебін сұрағанда «Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорққаным үшін үйден шықпадым» деп айтты. (Бұхари)

Тарауих намазының 20 рәкат болуы және жамағатпен оқылуы хадис шәрифтермен, ал сүннет екендігі иджмамен білдірілген. Пайғамбарымыз тарауихті 8, 12 және 20 рәкат қылып та оқыған. Хазреті Ибни Аббас былай дейді:

«Расулуллаһ құптаннан кейін, үтір намазынан бұрын 20 рәкат намаз оқығаннан кейін “Рамазанда 20 рәкат тарауих намазын оқыған адамның жиырма мың күнәсы кешіріледі.” деп хабарлады.» (Ибн Әби Шәйбә)

Тарауих намазының жиырма рәкат екендігіне сенбеген адам әһли бидғат (бидғатшы) болатыны “Нур-ул-изах” шәрһінде де жазулы. Хазреті Имам Ағзам «Тарауих намазы муәккәд сүннет. Хазреті Омар тарауихтің 20 рәкат және жамағатпен оқылуын өз бетімен шығармады. Ол қолындағы сенімді негізге, яғни расулуллаһтың сүннетіне сүйеніп әмір етті.» деп білдірген. (Әл-Ихтияр)

Расулуллаһ тарауих намазын мүлдем оқымаған жағдайда да, хуләфа-и рашидиннің (төрт халифаның) оқуының өзі тарауихтің үмметке сүннет болу үшін жеткілікті. Хадис шәрифте «Сүннетіме және хуләфа-и рашидиннің сүннетіне қатты жабысыңдар.» деп бұйырылды. (Бұхари)

Тарауихтің жамағатпен оқылуы сүннети кифая. Яғни бір ауданда жамағатпен оқылғанда қалғандары үйінде оқыса да бұл сүннет орындалған болады. (Нимәти ислам)

Еркектердің мешітте жамағатпен намаз оқулары үйде оқыған намазынан 27 есе артық сауап екендігі, ал әйелдердің үйде намаз оқулары мешітте намаз оқуларынан да артық сауап екендігі хадис шәрифтермен білдірілген. Әйелдер намаз оқу үшін мешітке бара алмайды, өйткені “Рәддул-мухтар” кітабында «Жас әйелдердің және кемпірлердің бес уақыт намаз, жұма, тарауих және айт намаздарын оқу, уағыз тыңдау үшін мешітке барулары жаиз емес. Ескі замандарда тек кемпірлердің шам және құптан намазына барулары рұқсат етілген болса да, қазір бұлардың да баруы жаиз емес.» делінген.

Тарауих намазы екі немесе төрт рәкатта бір сәлем беріп оқылады, бірақ екі рәкатта бір сәлем беріп оқу жақсырақ болады. Тарауих намазын он рәкатта бір сәлем беріп, екі сәлеммен бітіру мәкрух. Ал Шафииде бұлай оқу мүлдем сахих болмайды. Тарауих үтір намазынан бұрын оқылады. Үтірден кейін де оқу жаиз.

Кейбір имамдар тадили әрканға мән бермей тарауихті тез оқытады. Ал негізінде Ханафи мазһабында тадили әркан уәжіп. Уәжіптердің бірін әдейі тәрк етіп оқыған намазды қайталап оқу уәжіп болады. Ұмытып тәрк еткен жағдайда сәждә-и сәһу жасау керек. Ал Шафииде және Маликиде тадили әркан парыз. Парыз тәрк етілген жағдайда намаз сахих болмайды. Тарауих те болса сахих болмайтындай дәрежеде жылдам оқу жаиз емес.

islamdini.kz

0 дауыс
13 Нау admin (590 ұпай) жауап берді

Тарауих намазын оқу сүннет

Сұрақ: Тарауих намазын ер-әйел әр мұсылманның оқуы керек пе? Жамағатпен және мешітке барып оқу шарт па?

Жауап: Тарауих намазы туралы «Нур-ул изах» шәрһінде және хашиясында (түсіндірмесінде) былай жазылған:

«Ер адамдардың және әйелдердің жиырма рәкат тарауих намазын оқуы муәккәд (бекітілген) сүннет болып табылады. Бұған сенбеген адам бидғат, адасқан ағымға түскен болып саналады және қазылықта, ғибадаттарда оның куәгерлігі қабылданбайды. Расулуллаһ бірнеше түн тарауихты жамағатпен сегіз рәкат қылып оқыды. Үйіне қайтқан соң жиырма рәкатқа толықтырды. Жалғыз өзі жиырма рәкат оқығаны да хабар берілген. Төрт мазһабта да жиырма рәкат. Сүннет екені осыдан аңғарылды. Үш халифа дәуіріндегі сахабалардың барлығы жамағатпен жиырма рәкат оқыды. Сол халифаларға және сахабалардың ауызбірлігіне бағынуымыз хадис шәриф арқылы әмір етілген».

Тарауих намазы құптанның соңғы сүннетінен кейін және үтір намазынан бұрын оқылады. Құптанды оқымай тұрып тарауихты оқуға болмайды. Үтірден кейін таң намазына дейін оқуға болады. Таң атқан соң тарауих оқылмайды, қазасы да өтелмейді. Өйткені тарауих намазы күшті сүннет болғанымен, ақшам мен құптанның соңғы сүннетіндей күшті емес. Ал ол сүннеттердің қазасы оқылмайды. Тек қана парыз намаздардың және үтір намазының қазасын оқу қажет. Тарауих намазының қазасы Шафии мазһабында оқылады.

Тарауихты жамағатпен оқу сүннет кифая болып табылады. Мешітте жамағатпен оқылса, басқалар үйінде жалғыз оқуына болады, күнә болмайды. Бірақ мешіттегі жамағаттың сауабынан мақұрым қалады. Үйде бір немесе бірнеше адам жамағатпен оқыса, жалғыз оқығаннан жиырма жеті есе артық сауап алады.

Тарауихта әр екі рәкат сайын сәлем беріп, дереу келесі рәкатқа тұрады. Яки төрт рәкатта бір сәлем беріледі. Әр төрт рәкаттың арасында төрт рәкат оқитындай уақыт отырып, салауат немесе тәсбих оқылады немесе үндемей отырады. Екі рәкатта бір сәлем беру және әр ифтитах тәкбірінде ниет ету жақсырақ.

Құптанды жамағатпен оқымайтындар жиналып тарауихты жамағатпен оқи алмайды. Өйткені тарауихтың жамағаты парыздың жамағаты болуы керек. Құптанды жамағатпен оқымаған адам парызды жалғыз оқып алып, кейін тарауихты оқып жатқан жамағатқа қосылуына болады.

Сұрақ: Науқас адамның, жүкті әйелдің және соғыстағы әскердің ораза ұстауы керек пе?

Жауап: Науқас адам ауруы асқынатын болса, жүкті немесе сүт емізетін әйел, соғыс майданындағы әскер әлсіреп кететін болса, ораза ұстамайды. Жағдайы жақсарған соң қазасын ұстайды.

islamdini.kz

0 дауыс
13 Нау admin (590 ұпай) жауап берді

Тарауих намазын оқудың құндылығы

Сұрақ: Рамазан айында құптан уақытында оқылатын тарауих намазының әр түніне жеке-жеке сауабы мен құндылығы бар ма?

Жауап: Рамазан айында әр түні тарауих намазын оқудың құндылығы хазреті Әлиден сұралғанда былай жауап берген:

«Кімде-кім Рамазан айының бірінші түнінде тарауих намазын оқыса, Аллаһу та'ала ол адамның барлық тәубелерін қабыл етіп, күнәларын кешіреді. Екінші түнінде оқыған адамның ата-анасының күнәлары кешіріледі. Үшінші түні оқыса, періштелер ол құлға қарап: «Саған сүйінші болсын, Хақ та'ала сенің ғибадатыңды қабыл етті, қалаған құрметіңе қолжеткіздің, күнәларыңды кешірді» дейді. Төртінші түні тарауих намазын оқығанда Құран кәрімді хатым еткендей сауап оған беріледі. Бесінші түні оқыса, Мешіт Ақсада, Меккеде, Мәдинада оқығандай сауапты Хақ та'ала береді. Алтыншы түні оқыса, Бәйт-ул-мамурды (Қағбаны) тауаф еткендей, жетінші түні оқыса, Перғауынға қарсы соғысқа қатысқандай, сегізінші түні оқыса, Бәдір соғысында Расулуллаһ алейһиссаламмен бірге болғандай, тоғызыншы түнінде оқыса, Дауд пайғамбармен (алейһиссалам) бірге ғибадат еткендей, ал оныншы түнінде дүниенің саламаттығы мен бақыты нәсіп болады.»

Қасиетті Рамазан айының соңына дейінгі барлық түндердің осындай жеке-жеке құндылықтары мен жоғары дәрежелері, сауаптары бар. Осылайша әдебіне, шарттарына мән беріп, оразаны толықтай, бүкіл мүшелерімен ұстап, тарауих намаздарын оқып және харамдардан сақтанып отызыншы түнін толықтырса, Аллаһу та'аланың бұйрығымен Арштың астынан бір жаршы үндеу шығарып: «Әр түні тарауих оқыған құлдар – тозақтан құтылған құлдар. Олар қорққан тозақтарынан құтылып, аңсаған ниғметтері, жәннат пен Аллаһтың жамалы оларға нәсіп болды» дейді. Сонда Аллаһу та'ала ұлылығымен: «Ізетім мен жалалым хаққы үшін бұл құлдарыма кешіріммен қарадым» дейді. Бұдан кейін Хақ та'аланың бұйрығымен сол құлдарға жеке-жеке бәрат (құтылу құжаты) жазылады. Барлық еркек пен әйелдерден осы шарттармен ғибадаттарын орындап, Аллаһу та'аланың осы мейіріміне ілінгендерге тозақ отынан құтылып, сыратты оңай өтуі үшін қолдарына жеке-жеке бәрат (құтылу құжаты) беріледі.

Олай болса, ықыласпен Рамазан оразасын ұстап, қаза намаздарын, кейін тарауихты оқып, харамдардан сақтанып, Аллаһу та'аланың мейіріміне қауышуға тырысу керек.

islamdini.kz

Ұқсас сұрақтар

...