Қысқа қатысты өлеңдер

+3 дауыс
Өлеңдер бөлімінде 05 Жел, 2015 белгісіз сұрағын қойды
Қысқа қатысты өлеңдер керек, бөлісіңіздерші! (авторларымен)

6 Жауаптар

0 дауыс
08 Жел, 2015 Bain (268 ұпай) жауап берді
Қысқы сурет (Айтқали Нәріков‎)

Кенеттен қар жауғанда жапалақтап,
Баладай қуандым қол шапалақтап.
Бір әйдік Аяз ата келе жатты,
Мұрты аппақ, кірпігі аппақ, сақалы аппақ.
Кеткендей көңіліне желік кіріп,
Ол мені қырға әкетті еліктіріп.
Қанарлы қыстың барлық қасиетін,
Тұргандай шәлкес мінез жел ұқтырып.
Ақ дүлей бұрқ-сарқ етіп белеңдегі,
Барады мұңым менің тереңге еніп.
Боранның буырқанған мінезіндей,
Осы сәт арбап алды өлең мені.
Бұрқасын бірте-бірте биікке асып,
Ойнайды алқымымнан сүйіп, қашып.
Жондарын желге тосып дөң басында,
Ақ балтыр қайыңдар тұр иықтасып.
Алыстан қарайды олар бойлап маған,
(Айнала тек ақ шақыт ойнақтаған...)
Апшыны аяз келіп қуырғанда,
Көгілдір көктем жайлы ойлап қалам.
0 дауыс
08 Жел, 2015 Bain (268 ұпай) жауап берді
Қыс (Жүсіпбек Аймауытов)

Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар.
Тон киіндік, тоңды мал.
Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,
Боран жоқта тұман бар.
Қызыл шұнақ қызыл бар.
Суда айна тас мүсін бар,
Қылаулатқан қырау бар.
Боғы қатқан бұзау бар.
Үйіп алған отын бар,
Қалтыраған қатын бар.
Бүрсеңдеген лақ бар,
Сүмендеген қонақ бар.
Қыздар қылған шұжық бар,
Қонақ айтар қызық бар.
Ай, балалар, балалар!
Күнде оқуға жүрелік,
Үйренелік, білелік.
0 дауыс
08 Жел, 2015 Bain (268 ұпай) жауап берді
Қырдағы қыс (Фариза Оңғарсынова)

Түнімен долы дауыл құрыстаған
секілді арыстандай жыны ұстаған.
Жамылып ақ көрпесін енді ғана
маужырап байтақ дала тыныстаған.

Қалыпты қарауылда жыңғыл, құрақ,
Іліп ап ақ мамықтан бір-бір тұмақ.
Мәз болып жас баладай, айналаға
қарайды әр бұтадан күн жылтырап.
0 дауыс
08 Жел, 2015 Bain (268 ұпай) жауап берді
Қыс келген күні (Мұқағали Мақатаев)

Тысқа шықсам,
Күн шыңылтыр, қар жауған.
Ызғар, аяз атырылып бар маңнан,
Асып анау асқар-асқар таулардай,
Қыс жетіпті тонын теріс аударған.
Қыс жетіпті,
Сол баяғы кезіндей,
Қуырып жүр дүниені көз ілмей,
Күн нұрынан еш жылылық сезілмей,
Әйнектенген маскүнемнің көзіндей.
Шуылдаған шау қарғадай жар салып,
Сәбилер жүр кәрі атасын қарсы алып.
Махаббаттан ұмыт қалған ұстаз қыз,
Терезеге қарап отыр тамсанып.
Терезеге қарайды да, тамсанып,
Мұңая ма, қуана ма ән салып?!
Жібір емес терезеге қатқан мұз,
Жылуымен жылытса да қаншалық.
Аттанасың аяқтамай арманды,
(Рас екен жалған десе, жалғанды!)
...Қыз жанарын оқулыңқа аударды,
Шешпек болып көп белгісіз сандарды...
0 дауыс
08 Жел, 2015 Bain (268 ұпай) жауап берді
Қыс (Абай Құнанбайұлы)

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
0 дауыс
26 Жел, 2023 abaikz (231 ұпай) жауап берді

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
6 жауап
Өлеңдер бөлімінде 24 Ақп, 2016 Арайлым сұрағын қойды
+3 дауыс
12 жауап
+1 дауыс
1 жауап
Өлеңдер бөлімінде 26 Жел, 2023 abaikz (231 ұпай) сұрағын қойды
...